Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 24 "Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылы Абай көшесі № 1, № 1/9, № 2, № 3, № 4, № 5, № 6, № 7 және № 49А тұрғын үйлер аралығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 38 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 7 шілдеде № 23319 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 21 мамырдағы № 08-02-03/322 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Бруцеллез ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылы Абай көшесінің № 1, № 1/9, № 2, № 3, № 4, № 5, № 6, № 7 және № 49А тұрғын үйлер аралығына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. "Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылы Абай көшесі № 1, № 1/9, № 2, № 3, № 4, № 5, № 6, № 7 және № 49А тұрғын үйлер аралығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 24 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6142 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің оны ресми жариялағаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі М. Шадиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады