"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 7 шілдедегі № 08-02-07/255 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округі Ақжар ауылы Ғ.Муратбаев көшесінде, ит құтыру ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринарлық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 16 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6192 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, | |
Ақжар ауылдық округі әкімі | Е. Сапарбаев |