Шектеу іс-шараларын алып тастау және Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 16 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 6 тамыздағы № 90 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 13 тамызда № 23982 болып тiркелдi

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 7 шілдедегі № 08-02-07/255 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округі Ақжар ауылы Ғ.Муратбаев көшесінде, ит құтыру ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринарлық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 16 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6192 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысы Сарыағаш ауданы,
      Ақжар ауылдық округі әкімі Е. Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады