Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 16 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 6 мамырда № 6192 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 6 тамыздағы № 90 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің 06.08.2021 № 90 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы Сарыағаш ауданының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 08-02-07/178 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округі Ақжар елді мекені Ғ.Муратбаев көшесі № 21 үй тұрғыны А.Байназаровтың иті құтыру ауруымен ауруына байланысты Ғ.Муратбаев көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысы Сарыағаш ауданы,
      Ақжар ауылдық округі әкімі Е. Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады