Ескерту. Күші жойылды – Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округі әкімінің 09.06.2021 № 25 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы Сарыағаш ауданының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 08-02-07/106 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округі Дарбаза елді мекені Теміржолшы көшесі № 5 үй тұрғыны Е.Атымтаевтың 1 бас уақ малының сынамасы бактериологиялық зерттеу нәтижесінде "бруцеллез" ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты Теміржолшы көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округі әкімінің 05.05.2021 № 22 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. "Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Дарбаза ауылдық округінің әкімі | Е. Алимбаев |