Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабыны 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 21 мамыр № 08-02-07/194 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Уақ малдың Бруцеллез ауруының ошақтарын жоюға қатысты барлық ветеринарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округі Дарбаза елді мекені Теміржолшы көшесіндегі шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылы округі әкімінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 12 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6109 болып тіркелген) және 2021 жылғы 5 мамырдағы № 22 "Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 12 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6183 болып тіркелген) шешімдерің күші жойылды деп танылсын.
3. "Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешім Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Дарбаза ауылдық округі әкімінің орынбасары | С. Туғанбай |