Ескерту. Күші жойылды – Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округі әкімінің 09.06.2021 № 25 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округі әкімінің 18 наурыз 2021 жылғы № 12 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6109 болып тіркелген және 2021 жылы 25 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
шешімнің 1 тармағына орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. "Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Дарбаза ауылдық округінің әкімі | Е. Алимбаев |