"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабы 1 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 8)-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Созақ аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 3 маусымдағы № 08-02-07/206 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты Созақ ауданы Жартытөбе ауылдық округі, Бабата ауылы № 3 көшесінің аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 16 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6147 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жартытөбе ауылдық округінің әкімі | Б. Есенқабыл |