Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы Жартытөбе ауылдық округі әкімінің 29.09.2021 № 30 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Созақ аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 08-02-07/125 хатына сәйкес, Жартытөбе ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Бруцеллез" ауруының шығуына байланысты Созақ ауданы, Жартытөбе ауылдық округі, Бабата ауылы № 3 көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Созақ ауданы "Жартытөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жартытөбе ауылдық округінің әкімі | Б. Есенқабыл |