"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Төлеби ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 27 мамырдағы № 08-02-07/179 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Киелітас ауылдық округі Сұлтанрабат елді мекені Бадам көшесінде мүйізді ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Киелітас ауылдық округі әкімінің "Киелітас ауылдық округі Сұлтанрабат елді мекені Бадам көшесінде бруцеллез ауруы бойынша шектеу шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 7 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде№ 6169 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Төлеби ауданының Киелітас ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігіне мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыру қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды ауылдық округ әкімінің орынбасары Н.С.Садықбековке жүктелсін.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.
Әкім | П. Туребеков |