Киелітас ауылдық округі Сұлтанрабат елді мекені Бадам көшесінде бруцеллез ауруы бойынша шектеу шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Төлеби ауданының Киелітас ауылдық округi әкiмiнiң 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 7 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 19 сәуірде № 6169 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданының Киелітас ауылдық округi әкiмiнiң 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 14 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданының Киелітас ауылдық округi әкiмiнiң 13.09.2021 № 14 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Төлеби аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 08-02-07/108 ұсынысы негізінде, Киелітас ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Төлеби ауданының Киелітас ауылдық округі, Сұлтанрабат елді мекені, Бадам көшесіндегі № 56 үйден ірі қара малдың "бруцеллез" ауруына оң нәтиже бергеніне байланысты, Киелітас ауылдық округі, Сұлтанрабат елді мекені, Бадам көшесіндегі (№ 50 үй - № 65 үй аралығы) 15 үйге шектеу іс-шаралары енгізілсін.

      2. "Төлеби ауданының Киелітас ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Киелітас ауылдық округі әкімінің орынбасары Н.Садықбековке жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Киелітас ауылдық округінің әкімі П. Туребеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады