Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 21.12.2023 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Шардара ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 – қосымшаларға сәйкес айқындалсын.
2. "Шардара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Таженовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Шардара аудандық мәслихат
хатшысы Б.Муталиев
" " _________ 2020 жыл
Аудан әкімі | К. Жолдыбай |
Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 12 ақпандағы № 52 қаулысына 1 қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
1. Мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және орынбасары (басшының экономикалық, қаржы және әкімшілік-шаруашылық мәселесі жөніндегі орынбасарынан басқа), құрылымдық бөлімшесінің (бөлім, бөлімше) басшысы, әкімшілік-шаруашылық мақсаттағы бөлімшесінен (бөлім, бөлімше) басқа.
2. Мамандар (жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): дәрігерлер, мейіргер барлық атаудағы, диеталық мейіргер, акушер, фельдшер, фармацевт, мұғалім, әдіскер, тәрбиеші, логопед, психолог, дефектолог, жүзу жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент, әлеуметтік қызметкер (барлық атаудағы), мәдени ұйымдастырушы, музыкалық жетекші.
Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 12 ақпандағы № 52 қаулысына 2 қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн бiлiм беру саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).
2. Психологиялық – медициналық - педагогикалық консультация меңгерушісі, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, лагерь (бастығы) меңгерушісі, интернат меңгерушісі білім беру ұйымдарында.
3. Мамандар (аға, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): білім беру ұйымдарының барлық мамандықтағы мұғалімдері, шығармашылық шеберхананың жетекшісі (білім беру ұйымдарында), дене тәрбиесінің жетекшісі (білім беру ұйымдарында), алғашқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушысы, әлеуметтік педагог, педагог-ұйымдастырушы, қосымша білім беру педагогы, тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім, педагог-психолог, кеміс балалармен жұмыс істейтін мұғалім (дефектолог), оқытушы, тәрбиеші (білім беру ұйымдарында), оқыту қызметімен тікелей айналысатын спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы (білім беру ұйымдарында), тәлімгер, оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің нұсқаушысы, оқу-өндірістік шеберхана меңгерушісі (білім беру ұйымдарында), аудармашы-дактилолог (білім беру ұйымдарындағы сурдо аудармашы), еңбек жөніндегі нұсқаушы (білім беру ұйымдарында), мәдени ұйымдастырушы (білім беру ұйымдарында), зертханашы, өндірістік оқыту шебері, әдіскер, музыкалық жетекші, аккомпаниатор, концертмейстер, көркемдеуші, барлық мамандықтағы дәрігерлер, мейіргер, диеталық мейіргер, медициналық статист, кітапхана меңгерушісі, кітапханашы.
Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 12 ақпандағы № 52 қаулысына 3 қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
1. Мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық мәселелер жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа), филиал басшысы мен басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық мәселелер жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).
2. Көркемдік жетекші, труппа меңгерушісі, музыкалық бөлімінің меңгерушісі, көркемдік қойылым бөлімінің меңгерушісі, әдеби-драмалық бөлімінің меңгерушісі, кітапхана меңгерушісі, архив қоймасының меңгерушісі, бөлім басшысы (әкімшілік-шаруашылық мақсаттағы бөлімнен басқа).
3. Мамандар (бас, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): сүйемелдеуші, әртіс, кітапханашы, редактор, режиссер, режиссер ассистенті, режиссер көмекшісі, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы, барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), барлық атаудағы суретшілер, хореограф, қор сақтаушы, музейлер қорын есепке алу архивисті, архивист, экскурсовод, өнертанушы, дизайнер.
4. Ғылыми қызметкер (оның ішінде бас, аға, жетекші, кіші).
5. Техникалық орындаушылар: мұражай қараушысы.
Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 12 ақпандағы № 52 қаулысына 4 қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа), филиал басшысы, филиал басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).
2. Мамандар (бас, аға, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): жаттықтырушы, әдіскер, жаттықтырушы-оқытушы, нұсқаушы, хореограф, жаттықтырушы - массажшы, дәрігер, медициналық бике.
Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 12 ақпандағы № 52 қаулысына 5 қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
1. Мемлекеттiк мекеменің, қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).
2. Мамандар (жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): ветеринариялық дәрігер, зертханадағы ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық лаборант, зоотехник, бактериолог, вирусолог, ветеринариялық фельдшер, малды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник.
Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 12 ақпандағы № 52 қаулысына 6 қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).
2. Құрылымдық бөлімшелер бөлімшелері, бөлімше, станция, бөлім, орталықтың басшысы және басшының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа), дәріхана меңгерушiсi, зертхана меңгерушiсi.
3. Мамандар (бас, аға, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): барлық мамандықтағы дәрігерлер мен барлық мамандықтағы мұғалімдер, барлық атаудағы мейіргер, провизор (фармацевт), әлеуметтік қызметкер, денсаулық сақтау сарапшы маманы, зертхана маманы, қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер), психолог маманы, барлық атаудағы фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), тіс дәрігері (дантист), тic технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы), стоматолог-дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассистенті), рентген зертханашысы, фармацевт, стоматологиялық гигиенист, оптик және оптикометрист, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, диеталық мейіргер, медициналық тіркеуші, техник-дозиметрист, нұсқаушы-дезинфектор, кітапханашы, тәрбиеші, музыкалық жетекші.
Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 12 ақпандағы № 52 қаулысына 7 қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
1. Мемлекеттік мекеме басшысы, басшысының орынбасары (басшының экономикалық мәселелер бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық мәселелер бойынша орынбасары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарларынан басқа).
2. Мамандар: орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақ негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері (орман шаруашылығы инженері, орман өсіру және молайту жөніндегі инженер, орман қорғау және күзету инженері, инженер-орманпатолог), аңшылық танушы (аңшылық маманы), орманшы, орманшы көмекшісі, орман шебері, орман күзетшісі, қорықшы, орман өрт сөндіру станциясының басш