Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Шардара ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес айқындалсын.
2. Шардара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 12 ақпандағы № 52 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6065 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шардара ауданының әкімі | А. Карсыбаев |
Шардара ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 331 қаулысына 1 қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
1. Мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және орынбасары (басшының экономикалық, қаржы және әкімшілік-шаруашылық мәселесі жөніндегі орынбасарынан басқа), құрылымдық бөлімшесінің (бөлім, бөлімше) басшысы, әкімшілік-шаруашылық негіздегі бөлімшесінен (бөлім, бөлімше) басқа.
2. Мамандар (жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): дәрігерлер, мейіргер барлық атаудағы, диеталық мейіргер, акушер, фельдшер, фармацевт, мұғалім, әдіскер, тәрбиеші, логопед, психолог, дефектолог, жүзу жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент, әлеуметтік қызметкер (барлық атаудағы), мәдени ұйымдастырушы, музыкалық жетекші.
Шардара ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 331 қаулысына 2 қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
1. Мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық мәселелер жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа), филиал басшысы мен басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық мәселелер жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).
2. Көркемдік жетекші, труппа меңгерушісі, музыкалық бөлімінің меңгерушісі, көркемдік қойылым бөлімінің меңгерушісі, әдеби-драмалық бөлімінің меңгерушісі, кітапхана меңгерушісі, архив қоймасының меңгерушісі, бөлім басшысы (әкімшілік-шаруашылық негіздегі бөлімнен басқа).
3. Мамандар (бас, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): сүйемелдеуші, әртіс, кітапханашы, редактор, режиссер, режиссер ассистенті, режиссер көмекшісі, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы, барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), барлық атаудағы суретшілер, хореограф, қор сақтаушы, музейлер қорын есепке алу архивисті, архивист, экскурсовод, өнертанушы, дизайнер.
4. Ғылыми қызметкер (оның ішінде бас, аға, жетекші, кіші).
5. Техникалық орындаушылар: мұражай қараушысы.
Шардара ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 331 қаулысына 3 қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
1. Мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы және басшының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа), филиал басшысы, филиал басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).
2. Мамандар (бас, аға, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): жаттықтырушы, әдіскер, жаттықтырушы-оқытушы, нұсқаушы, хореограф, жаттықтырушы-массажшы, дәрігер, медициналық бике.