Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37-баптарына және Түркістан облысы Әділет департаментінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 02-67-6/1183 шығыс хатына сәйкес, Қазыбек би ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазыбек би ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 13 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5397 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы "10" ақпанда электронды түрде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
орыс тіліндегі шешімнің 1-ші тармақтың 8) тармақшасындағы "Ракымжан Кошкарбаев" деген сөздер "Динмухамед Кунаев" деген сөздермен өзгертілсін;
9) тармақшасындағы "Динмухамед Кунаев" деген сөздер "Бауыржан Момышулы" деген сөздермен өзгертілсін;
10) тармақшасындағы "Бауыржан Момышулы" деген сөздер "Каныш Сатпаев" деген сөздермен өзгертілсін;
2. Қазақ тіліндегі шешімнің мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
3. "Қазыбек би ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазыбек би ауылдық округі әкімі | Д. Уразов |