Қазыбек би ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 13 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Жетісай ауданы Қазыбек би ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 49 шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 15 сәуірде № 6163 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37-баптарына және Түркістан облысы Әділет департаментінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 02-67-6/1183 шығыс хатына сәйкес, Қазыбек би ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазыбек би ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 13 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5397 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы "10" ақпанда электронды түрде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      орыс тіліндегі шешімнің 1-ші тармақтың 8) тармақшасындағы "Ракымжан Кошкарбаев" деген сөздер "Динмухамед Кунаев" деген сөздермен өзгертілсін;

      9) тармақшасындағы "Динмухамед Кунаев" деген сөздер "Бауыржан Момышулы" деген сөздермен өзгертілсін;

      10) тармақшасындағы "Бауыржан Момышулы" деген сөздер "Каныш Сатпаев" деген сөздермен өзгертілсін;

      2. Қазақ тіліндегі шешімнің мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.

      3. "Қазыбек би ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазыбек би ауылдық округі әкімі Д. Уразов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады