Көшелерге атау беру туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Жетісай ауданы Қазыбек би ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 13 шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 4 ақпанда № 5397 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Жетісай ауданы Қазыбек би ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазыбек би ауылдық округіндегі көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) Абиболла ауылындағы Жаңа құрылыс № 2 көшеге - Ыбырай Алтынсарин атауы;

      2) Қазыбек би ауылындағы Жаңа құрылыс № 1 көшеге - Бейімбет Майлин атауы;

      3) Қазыбек би ауылындағы Жаңа құрылыс № 4 көшеге - Әлия Молдағұлова атауы;

      4) Қазыбек би ауылындағы Жаңа құрылыс № 8 көшеге - Қожа Ахмет Йассауи атауы;

      5) Қазыбек би ауылындағы Жаңа құрылыс № 12 көшеге- Мәншүк Мәметова атауы;

      6) Қазыбек би ауылындағы Жаңа құрылыс № 18 көшеге- Рақымжан Қошқарбаев атауы;

      7) Қазыбек би ауылындағы Жаңа құрылыс № 20 көшеге – Сәкен Сейфуллин атауы;

      8) Қазыбек би ауылындағы Жаңа құрылыс № 22 көшеге - Дінмұхамед Қонаев атауы;

      9) Қазыбек би ауылындағы Жаңа құрылыс № 23 көшеге - Бауыржан Момышұлы атауы;.

      10) Жамбыл ауылындағы Жаңа құрылыс № 1 көшеге - Қаныш Сәтпаев атауы;

      11) Жамбыл ауылындағы Жаңа құрылыс № 2 көшеге- Талғат Бигелдинов атауы;

      12) Жамбыл ауылындағы Жаңа құрылыс № 4 көшеге – Ілияс Жансүгіров атауы;

      13) Жамбыл ауылындағы Жаңа құрылыс № 8 көшеге – Шәкәрім Құдайбердіұлы атауы;

      14) Жамбыл ауылындағы Жаңа құрылыс № 9 көшеге – Ахмет Байтұрсынұлы атауы;

      15) Ә.Оспанов ауылындағы Жаңа құрылыс № 3 көшеге – Шәкен Айманов атауы.

      Ескерту. 1-тармаққа орыс тілінде өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Түркістан облысы Жетісай ауданы Қазыбек би ауылдық округі әкімінің 31.03.2021 № 49 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. "Қазыбек би ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазыбек би ауылдық округі әкімі Д. Уразов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады