Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының "Уваровское-2" құрылыс тасы учаскесіндегі Ертіс өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 наурыздағы № 58 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 10 наурызда № 8436 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының "Уваровское-2" құрылыс тасы учаскесіндегі Ертіс өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының "Уваровское-2" құрылыс тасы учаскесіндегі Ертіс өзенінің су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Глубокое ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

      3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысының міндетін атқарушы
______________
2021 жылғы "___"_______________
М. Иманжанов

  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2021 жылғы 4 наурыздағы
№ 58 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының "Уваровское-2" құрылыс тасы учаскесіндегі Ертіс өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

Су объектісі, оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені, м

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені, м

1

2

3

4

5

6

7

Глубокое ауданы Уварово ауылынан 1,9 км оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан "Уваровское-2" құрылыс тасы учаскесіндегі Ертіс өзені

0,627

25,6055

500

0,400

4,2030

100

      Ескертпе:

      Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені бекітілгенжобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.

Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы реки Иртыш на участке строительного камня "Уваровское-2" Глубоковского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 4 марта 2021 года № 58. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 10 марта 2021 года № 8436

      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьями 39, 116, 125, 145-1 Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года, подпунктом 8-1) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", на основании утвержденной проектной документации ив целях поддержания водных объектов в состоянии, соответствующем санитарно-гигиеническим и экологическим требованиям, для предотвращения загрязнения, засорения и истощения поверхностных вод, а также сохранения растительного и животного мира, Восточно-Казахстанский областной акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить:

      1) водоохранную зону и водоохранную полосу реки Иртыш на участке строительного камня "Уваровское-2" Глубоковского района Восточно-Казахстанской области согласно приложению к настоящему постановлению;

      2) специальный режим хозяйственного использования на территории водоохранной зоны и режим ограниченной хозяйственной деятельности на территории водоохранной полосы реки Иртыш на участке строительного камня "Уваровское-2" Глубоковского района Восточно-Казахстанской области согласно действующему законодательству Республики Казахстан.

      2. Управлению природных ресурсов и регулирования природопользования Восточно-Казахстанской области передать утвержденную проектную документацию акиму Глубоковского районадля принятия мер в соответствии с установленной законодательством Республики Казахстан компетенцией и специально уполномоченным государственным органам для учета в государственном земельном кадастре и для осуществления государственного контроля за использованием и охраной водного фонда и земельных ресурсов.

      3. Управлению природных ресурсов и регулирования природопользования области в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акима Восточно-Казахстанской области после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области по вопросам агропромышленного комплекса.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Восточно-Казахстанской области Д. Ахметов
      "СОГЛАСОВАНО"
Исполняющий обязанности руководителя
Ертисской бассейновой инспекции
по регулированию использования и
охране водных ресурсов
Комитета по водным ресурсам
Министерства экологии, геологии
и природных ресурсов Республики Казахстан
_____________________
"_____" _____________ 2021 года
М. Иманжанов

  Приложение к постановлению
Восточно-Казахстанского
областного акимата
от 4 марта 2021 года № 58

Водоохранная зона и водоохранная полоса реки Иртыш на участке строительного камня "Уваровское-2" Глубоковского района Восточно-Казахстанской области

Водный объект, его участок

Водоохранная зона

Водоохранная полоса

Протяженность, км

Площадь, га

Ширина,м

Протяженность, км

Площадь, га

Ширина, м

1

2

3

4

5

6

7

Река Иртыш, на участке строительного камня "Уваровское-2", расположенном в 1,9 км к юго-востоку от села Уварово Глубоковского района района

0,627

25,6055

500

0,400

4,2030

100

      Примечание:

      Границы и ширина водоохранной зоны и водоохранной полосы отражены в картографическом материале утвержденной проектной документации.