Шығыс Қазақстан облысындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 85 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 30 наурызда № 8485 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 245 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 09.10.2024 № 245 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8-бабы екінші бөлігінің 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына, бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі облыстық комиссияның 2021 жылғы 8 ақпандағы № 1 хаттамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2021 жылғы 19 наурыздағы
№ 85 Қаулыға қосымша

    № р/с

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары

Әкімшілік-аумақтық бірлік

Рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері, он данасына теңге

Қолданылу  мерзімі

1

Тауық жұмыртқасы, 1 санат

Шығыс Қазақстан облысы

405

90 күнтізбелік күн


Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары в Восточно-Казахстанской области

Постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 19 марта 2021 года № 85. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 30 марта 2021 года № 8485. Утратило силу постановлением Восточно-Казахстанского областного акимата от 9 октября 2024 года № 245

      Сноска. Утратило силу постановлением Восточно-Казахстанского областного акимата от 09.10.2024 № 245 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 2) части второй статьи 8 Закона Республики Казахстан от 12 апреля 2004 года "О регулировании торговой деятельности", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 марта 2010 года № 145 "Об утверждении перечня социально значимых продовольственных товаров", приказом исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 282 "Об утверждении правил установления пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары и размера предельно допустимых розничных цен на них", протоколом областной комиссии по утверждению размера предельно допустимых розничных цен от 8 февраля 2021 года № 1, Восточно-Казахстанский областной акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить размер предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары в Восточно-Казахстанской области согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Управлению предпринимательства и индустриально-инновационного развития области в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) размещение настоящего постановления на интернет – ресурсе акима Восточно-Казахстанской области после его официального опубликования.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Восточно-Казахстанской области Д. Ахметов

  Приложение к постановлению
Восточно-Казахстанского
областного акимата
от 19 марта 2021 года № 85

    № п/п

Социально значимые продовольственные товары

Административно-территориальная единица

Размер предельно допустимых розничных цен, тенге за десяток

Срок  действия

1

Яйцо куриное, 1 категория

Восточно-Казахстанская область

405

90  календарных дней