ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2021 жылғы 2 маусымдағы № 177 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдар арасында құтырма ауруының ошағын жою бойынша ветеринарлық – санитарлық іс - шаралар кешенінің орындалуына байланысты, Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылдық округі "Восход" шаруа қожалығында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Бесқарағай ауылдық округі әкімінің "Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылдық округі "Восход" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8705 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде оның көшірмесін Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдансын;
3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Бесқарағай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бесқарағай ауылдық округінің әкімі | Ю. Слоницкий |