Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылдық округі әкімінің 03.07.2021 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 20 сәуірдегі №127 ұсынымы негізінде, Бесқарағай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылдық округінің "Восход" шаруа қожалығында ірі қара малдың құтырма ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде оның көшірмесін Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдансын;
3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Бесқарағай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бесқарағай ауылдық округінің әкімі | Ю. Слоницкий |