2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-7-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 6-3-VII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 17 мамырда № 8799 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 13-13-VIII шешімі.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 25.12.2023 № 13-13-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бородулиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-7-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5129 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 1 тамызда, "Пульс района", "Аудан тынысы" аудандық газеттерінде 2017 жылғы 4 тамызда жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ю. Ковязин
      Аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов

  Бородулиха аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 30 сәуірдегі
№ 6-3-VII шешіміне 1-қосымша

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары


1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар) пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) атаулы күндер – жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Бородулиха ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – Шығыс Қазақстан облысының статистика органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын, "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін ауылдық, кенттік округ әкімінің өкімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Бородулиха ауданның жергілікті атқарушы органы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      3. Осы Қағидалар Бородулиха ауданының аумағында тіркелген тұлғаларға таралады.

      4. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлемдер түрінде негіздемелердің бірі бойынша көрсетiледi. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек бір рет мерзімді тағайындалады.

      5. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау, әлеуметтік көмектің мөлшерлерін және жан басына шаққандағы орташа табыстың шегін белгілеу тәртібі.

      6. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін Бородулиха ауданының әкімдігі белгілейді және Бородулиха аудандық мәслихатының шешімімен бекітіледі.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) Бородулиха аудандық мәслихаты ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.

      7. Әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі:

      1) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      2) қадағалаусыз қалған, оның ішінде девианттық мінез-құлықты кәмелетке толмағандар;

      3) арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында жүрген кәмелетке толмағандар;

      4) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі бастапқы психофизикалық даму мүмкіндіктері шектелген балалар;

      5) дене бітімі және/немесе ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы бар адамдар;

      6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігі шектеулі адамдар;

      7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және/немесе мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдар;

      8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікке ұшыраған адамдар;

      9) баспанасыздар (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдар;

      11) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

      12) кейіннен оңалту үшін ақылы операциялық ем қабылдаған тұлғалар;

      13) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян алған адамдар (отбасылар);

      14) белгіленген шектен аспайтын өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы бар адамдар (отбасылар).

      8. Жан басына (отбасына) шаққандағы орташа табыстың шегі ең төменгі күн көріс деңгейінің екі еселік мөлшерінде белгіленсін.

      9. Кейіннен оңалту үшін, ақылы операциялық ем қабылдаған тұлғаларға 10,8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі (фискалды чек бар болған жағдайда).

      10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      Табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан зиян шеккен тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету мөлшері, 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайды.

      Табиғи апаттан немесе өрттен отбасы мүшелері қайтыс болған жағдайда - қайтыс болған адамға - 15 айлық есептік көрсеткіш.

      Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 342,818 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      11. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге берілетін бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына анықталған:

      1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні –15 ақпан:

      бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) – 33,4 айлық есептік көрсеткіш;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге – 33,4 айлық есептік көрсеткіш;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне – 33,4 айлық есептік көрсеткіш;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне – 33,4 айлық есептік көрсеткіш;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер - 33,4 айлық есептік көрсеткіш;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге – 33,4 айлық есептік көрсеткіш;

      Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 33,4 айлық есептік көрсеткіш;

      Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 33,4 айлық есептік көрсеткіш;

      Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 33,4 айлық есептік көрсеткіш;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 33,4 айлық есептік көрсеткіш;

      2) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға – 5 айлық есептік көрсеткіш;

      бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға – 5 айлық есептік көрсеткіш;

      3) Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні – 26 сәуір:

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға – 34,282 айлық есептік көрсеткіш;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары – 24 айлық есептік көрсеткіш;

      4) Жеңіс Күні – 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерге – 342,818 айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары аудандарында, майдан маңындағы темiржол учаскелерінде, қорғаныс шептерiнің, әскери-теңiз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшiлерiне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерге, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлерге – 342,818 айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) – 10,285 айлық есептік көрсеткіш;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарына – 34,282 айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдарға – 10,285 айлық есептік көрсеткіш;

      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 10,285 айлық есептік көрсеткіш;

      5) Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр:

      саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргiннен зардап шеккен адамдарға – 4,294 айлық есептік көрсеткіш;

      6) Қазақстан Республикасының Конституция күні – 30 тамыз:

      Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға – 24 айлық есептік көрсеткіш.

      7) Қарттар күнi – 1 қазан:

      90 жастан асқан адамдар - 5 айлық есептік көрсеткіш;

      8) Мүгедектер күнi – қазан айының екiншi жексенбiсiнде:

      1 топтағы мүгедектер және он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 5 айлық есептік көрсеткіш.

3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi

      12. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Бородулиха ауданының әкімдігі бекітетін тізімдер бойынша көрсетіледі.

      13. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) 13-тармағына сәйкес өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе ауылдық, кенттік округтің әкіміне өтiнiшке қоса құжаттар ұсынады.

      Өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдайға түскен адамдар (отбасылар) өтінішті оқиға болған күннен бастап үш ай ішінде береді.

      Табиғи зілзаланың салдарынан өмірлік қиын жағдайға түскен адамдар (отбасылар) өтінішті оқиға болған күннен бастап алты ай ішінде береді.

      Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан залал келтірілген адамдарға біржолғы әлеуметтік көмек адамның (отбасы мүшелерінің) табысын есептемей көрсетіледі.

      14. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқаларда ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық, кенттік округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларының 2, 3 – қосымшаларына сәйкес, нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе ауылдық, кенттік округ әкіміне жібереді.

      Ауылдық, кенттік округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қортындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      17. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.

      18. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.

      19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық, кенттік округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      20. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.

      21. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 17 және 18-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе ауылдық, кенттік округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      22. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.

      23. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтiнiш берушiлер ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;

      2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін белгiленген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      24. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның жергілікті бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      25. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Бородулиха ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;

      4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      26. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      27. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

О внесении изменения в решение Бородулихинского районного маслихата от 27 июня 2017 года № 12-7-VI "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение маслихата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 30 апреля 2021 года № 6-3-VII. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 17 мая 2021 года № 8799. Утратило силу решением Бородулихинского районного маслихата области Абай от 25 декабря 2023 года № 13-13-VIII.

      Сноска. Утратило силу решением Бородулихинского районного маслихата области Абай от 25.12.2023 № 13-13-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ.     
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Бородулихинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Бородулихинского районного маслихата от 27 июня 2017 года № 12-7-VI "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 5129, опубликовано в Эталонном контрольном банке Республики Казахстан в электронном виде 1 августа 2017 года, в районных газетах "Пульс района", "Аудан тынысы" 4 августа 2017 года) следующее изменение:

      Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Ю. Ковязин
      Секретарь районного маслихата У. Майжанов

  Приложение 1 к решению
Бородулихинского районного
маслихата
от 30 апреля 2021 года № 6-3-VII

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан

1. Общие положения

      1. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан (далее - Правила):

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме, осуществляющее государственную регистрацию прав на недвижимое имущество по месту его нахождения;

      2) памятные даты – события, имеющие общенародное историческое, духовное, культурное значение и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;

      3) специальная комиссия – комиссия, создаваемая постановлением акимата Бородулихинского района по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      4) прожиточный минимум – необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемой органами статистики Восточно-Казахстанской области;

      5) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      6) среднедушевой доход семьи (гражданина) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      7) трудная жизненная ситуация – ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      8) уполномоченный орган – государственное учреждение "Отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области", финансируемое за счет местного бюджета, осуществляющее оказание социальной помощи;

      9) участковая комиссия – комиссия, создаваемая распоряжением акима сельского, поселкового округа для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью, и подготовки заключений;

      10) предельный размер – утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      2. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органом Бородулихинского района в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.

      3. Настоящие Правила распространяются на лиц, зарегистрированных на территории Бородулихинского района.

      4. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням оказывается единовременно в виде денежных выплат по одному из оснований. При наступлении трудной жизненной ситуации социальная помощь назначается единовременно.

      5. Участковые и специальные комиссии осуществляют свою деятельность на основании положений, утверждаемых акиматом Восточно-Казахстанской области.

2. Порядок определения перечня категорий получателей социальной помощи, установления размеров социальной помощи и порога среднедушевого дохода

      6. Перечень категорий получателей, предельные размеры социальной помощи, сроки обращения за социальной помощью при наступлении трудной жизненной ситуации вследствие стихийного бедствия или пожара, устанавливаются акиматом Бородулихинского района и утверждаются решением Бородулихинского районного маслихата.

      При этом основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации являются:

      1) основания, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;

      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара, либо наличие социально значимого заболевания;

      3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, установленного Бородулихинским районным маслихатом в кратном отношении к прожиточному минимуму.

      7. Перечень категорий получателей социальной помощи:

      1) дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей;

      2) безнадзорные несовершеннолетние, в том числе с девиантным поведением;

      3) несовершеннолетние, находящиеся в специальных организациях образования, организациях образования с особым режимом содержания;

      4) дети от рождения до трех лет с ограниченными возможностями раннего психофизического развития;

      5) лица, со стойкими нарушениями функций организма, обусловленные физическими и/или умственными возможностями;

      6) лица, с ограничением жизнедеятельности вследствие социально значимых заболеваний и заболеваний, представляющих опасность для окружающих;

      7) лица неспособные к самообслуживанию, в связи с преклонным возрастом, вследствие перенесенной болезни и/или инвалидности;

      8) лица, подвергшиеся жестокому обращению, приведшему к социальной дезадаптации и социальной депривации;

      9) бездомные (лица без определенного места жительства);

      10) лица, освобожденные из мест лишения свободы;

      11) лица, находящиеся на учете службы пробации;

      12) лица, перенесшие платное операционное лечение для последующей реабилитации;

      13) лица (семьи), получившие ущерб, вследствие стихийного бедствия или пожара;

      14) лица (семьи), со среднедушевым доходом семьи, за квартал, предшествующий кварталу обращения, не превышающим установленного порога.

      8. Установить порог среднедушевого дохода лица (семьи) в размере двухкратной величины прожиточного минимума.

      9. Социальная помощь оказывается лицам, перенесшим платное операционное лечение для последующей реабилитации в размере 10,8 месячных расчетных показателей (при наличии фискального чека).

      10. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи.

      Размер оказываемой социальной помощи лицам, получившим ущерб вследствие стихийного бедствия или пожара определяется в размере не более 70 месячных расчетных показателей.

      В случае наличия летальных исходов членов семьи вследствие стихийного бедствия или пожара - 15 месячных расчетных показателей на погибшего.

      Предельный размер социальной помощи составляет 342,818 месячных расчетных показателей.

      11. Единовременная социальная помощь к памятным датам и праздничным дням определяется следующим категориям граждан:

      1) День вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан – 15 февраля:

      военнослужащим Советской Армии, Военно-Морского Флота, Комитета государственной безопасности, лицам начальствующего и рядового состава Министерства внутренних дел бывшего Союза ССР (включая военных специалистов и советников), которые в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза ССР принимали участие в боевых действиях на территории других государств – 33,4 месячных расчетных показателей;

      военнообязанным, призывавшимся на учебные сборы и направлявшимся в Афганистан в период ведения боевых действий – 33,4 месячных расчетных показателей;

      военнослужащим автомобильных батальонов, направлявшимся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий – 33,4 месячных расчетных показателей;

      военнослужащим летного состава, совершавшим вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза ССР – 33,4 месячных расчетных показателей;

      военнослужащим, ставшим инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды, или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия - 33,4 месячных расчетных показателей;

      рабочим и служащим, обслуживавшим советский воинский контингент в Афганистане, получившим ранения, контузии или увечья либо награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий – 33,4 месячных расчетных показателей;

      военнослужащим Республики Казахстан, выполнявшим задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на таджикско-афганском участке – 33,4 месячных расчетных показателей;

      военнослужащим Республики Казахстан, принимавшим участие в качестве миротворцев в международной миротворческой операции в Ираке – 33,4 месячных расчетных показателей;

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, принимавшим участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карабахе – 33,4 месячных расчетных показателей;

      семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или в других государствах, в которых велись боевые действия – 33,4 месячных расчетных показателей;

      2) Международный женский день – 8 марта:

      многодетным матерям, награжденным подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившим ранее звание "Мать – героиня", а также награжденным орденами "Материнская слава" I и II степени – 5 месячных расчетных показателей;

      многодетным семьям, имеющим четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, в том числе детей, обучающихся по очной форме обучения в организациях среднего, технического и профессионального, послесреднего, высшего и (или) послевузовского образования, после достижения ими совершеннолетия до времени окончания организаций образования (но не более чем до достижения двадцатитрехлетнего возраста) – 5 месячных расчетных показателей;

      3) Международный день памяти жертв радиационных аварий и катастроф – 26 апреля:

      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавших непосредственно в ядерных испытаниях – 34,282 месячных расчетных показателей;

      лицам, ставшим инвалидами вследствие катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф, и аварий на объектах гражданского или военного назначения, ядерных испытаний, и их детям, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей – 24 месячных расчетных показателей;

      4) День Победы – 9 мая:

      участникам Великой Отечественной войны, а именно военнослужащим, проходившим службу в воинских частях, штабах и учреждениях, входивших в состав действующей армии и флота в период Великой Отечественной войны, а также во время других боевых операций по защите бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее – Союза ССР), партизанам и подпольщикам Великой Отечественной войны – 342,818 месячных расчетных показателей;

      инвалидам Великой Отечественной войны, а именно военнослужащим действующей армии и флота, партизанам и подпольщикам Великой Отечественной войны, а также рабочим и служащим, ставшим инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны на фронте, в районе военных действий, на прифронтовых участках железных дорог, сооружениях оборонительных рубежей, военно-морских баз и аэродромов – 342,818 месячных расчетных показателей;

      супруге (супругу) умершего инвалида Великой Отечественной войны или лицу, приравненного по льготам к инвалидам Великой Отечественной войны, а также супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся инвалидами в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак – 10,285 месячных расчетных показателей;

      несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период Второй мировой войны – 34,282 месячных расчетных показателей;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – 10,285 месячных расчетных показателей;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – 10,285 месячных расчетных показателей;

      5) День памяти жертв политических репрессий и голода – 31 мая:

      жертвам политических репрессий, лицам, пострадавшим от политических репрессий, имеющим инвалидность или являющимся пенсионерами – 4,294 месячных расчетных показателей;

      6) День Конституции Республики Казахстан – 30 августа:

      лицам, которым назначены пенсии за особые заслуги перед Республикой Казахстан – 24 месячных расчетных показателей.

      7) День пожилых людей - 1 октября:

      лицам, достигшим 90 лет и старше - 5 месячных расчетных показателей.

      8) День инвалидов - второе воскресенье октября:

      инвалидам 1 группы и детям - инвалидам до восемнадцати лет - 5 месячных расчетных показателей.

3. Порядок оказания социальной помощи

      12. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням, оказывается по спискам, утверждаемым акиматом Бородулихинского района по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.

      13. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи представляет в уполномоченный орган или акиму сельского, поселкового округа заявление с приложением документов согласно пункта 13 Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 (далее – Типовые правила).

      Лицами (семьями), находящимися в трудной жизненной ситуации, вследствие пожара, заявление подается в течение трех месяцев со дня наступления события.

      Лицами (семьями), находящимися в трудной жизненной ситуации вследствие стихийного бедствия, заявление подается в течение шести месяцев со дня наступления события.

      Единовременная социальная помощь лицам, получившим ущерб, вследствие стихийного бедствия или пожара, оказывается без учета доходов лица (членов семьи).

      14. Документы представляются в подлинниках для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.

      15. При поступлении заявления на оказание социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации уполномоченный орган или аким сельского, поселкового округа в течение одного рабочего дня направляет документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).

      16. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи по формам согласно приложениям 2, 3 к Типовым правилам и направляет их в уполномоченный орган или акиму сельского, поселкового округа.

      Аким сельского, поселкового округа в течение двух рабочих дней со дня получения акта и заключения участковой комиссии направляет их с приложенными документами в уполномоченный орган.

      17. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи, уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.

      18. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.

      19. Уполномоченный орган в течении одного рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии или акима сельского, поселкового округа производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с законодательством Республики Казахстан и представляет полный пакет документов на рассмотрение специальной комиссии.

      20. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней со дня поступления документов выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.

      21. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.

      В случаях, указанных в пунктах 17 и 18 настоящих Правил, уполномоченный орган принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя или акима сельского, поселкового округа.

      22. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа - с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.

      23. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:

      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;

      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);

      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи) установленного порога для оказания социальной помощи.

      24. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных местным бюджетом района на текущий финансовый год.

4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      25. Социальная помощь прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы Бородулихинского района;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;

      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.

      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      26. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

5. Заключительное положение

      27. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".