ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекеме басшысы міндетін атқарушысының 2021 жылғы 18 маусымдағы № 476 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдардың арасынан құтыру ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Аршалы ауылындағы "Жарқын" шаруа қожалығынан шектеу іс – шаралары алынсын.
2. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Аршалы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 7 "Жарма ауданы Аршалы ауылдық округіне қарасты "Жарқын" шаруа қожалығына шектеу іс шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8679 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Аршалы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аким Аршалинского сельского округа | М. Касымханов |