Жарма ауданы Аршалы ауылдық округіне қарасты "Жарқын" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Аршалы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 7 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 27 сәуірде № 8679 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Аршалы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 28 шілдедегі № 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Аршалы ауылдық округі әкімінің 28.07.2021 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 303 ұсыныс хаты негізінде, Аршалы ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ірі қара малдың арасында құтыру ауруының анықталуына байланысты Жарма ауданы Аршалы ауылындағы "Жарқын" шаруа қожалығына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Аршалы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімінің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жарма ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аким Аршалинского сельского округа М. Касымханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады