ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Алтай ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" Алтай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 453 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6344 тіркелген).
2. "Алтай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Алтай ауданы аймағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
3) қаулы ресми жарияланғаннан кейін Алтай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында осы қаулының орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алтай ауданының әкімі | К. Байгонусов |