"Алтай ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" Алтай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 453 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 291 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 тамызда № 23804 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Алтай ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" Алтай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 453 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6344 тіркелген).

      2. "Алтай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Алтай ауданы аймағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) қаулы ресми жарияланғаннан кейін Алтай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында осы қаулының орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданының әкімі К. Байгонусов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады