Алтай ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 453 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 желтоқсанда № 6344 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 291 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 27.07.2021 № 291 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодекстің 56-бабы 1-тармағының 3) тармақшысына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 – бабы 4-тармағының 14) тармақшасына, "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына сәйкес, Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алтай ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарын тегін тамақтандыру ұйымдастырылсын: 

      1)  жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      2)  даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедек балаларға;

      3) көп балалы отбасылардың балаларына;

      4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға.

      2. Тегін тамақтандыру мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне мынадай растайтын құжаттарды ұсынған кезде ұйымдастырылады:

      1) ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың еркін нысандағы жазбаша өтініші;

      2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты) және патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) мүгедек балалар үшін мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін психологиялық – медициналық -педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі;

      4) көп балалы отбасылардың балалары үшін туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      5) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін өтініш берушінің (отбасының) "Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама;

      6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін алынған табысы туралы анықтама (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түсетін кірісі, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі кірістер). Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиелену кезеңінде тегін тамақтану құқығы жыл сайын осы қаулының 2 тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес құжаттарды мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ұсыну арқылы расталуы тиіс.

      Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тегін тамақтандыруды ұйымдастыруды қаржыландыру шығындары тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.       

      3. "Алтай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Алтай ауданы аумағында  таратылатын   мерзімді  баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулының Алтай ауданы әкімінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтай ауданы әкімінің орынбасары Ж.А. Аскароваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Н. Токсеитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады