Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27– бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 3 шілдедегі № 893 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округіне қарасты № 2 "Жырғалаң" телімінде белгіленген Ж. Азимбаевтың "Жаз" шаруа қожалығында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 1 "Күршім ауданының Қалжыр ауылдық округіне қарасты № 2 "Жырғалаң" телімінде белгіленген Ж. Азимбаевтың "Жаз" шаруа қожалығының иелігіндегі ірі қара мүйізді малдары арасында бруцеллез ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8725 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етілсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ШҚО Күршім ауданының Қалжыр ауылдық округінің әкімі |
К. Кизатов |