Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округі әкімінің 30.12.2021 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2021 жылғы 21 сәуірдегі №500 ұсыныс хаты негізінде, Сарыөлең ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Сарыөлең ауылдық округіне қарасты Сарыөлең, Барақ батыр, Бірлік ауыл тұрғындарының ірі қара малдарынан сарып ауруының шығуына байланысты ұйымдастырылған санитарлық табынға шектеу іс шаралары белгіленсін;
2. "Сарыөлең ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ШҚО Күршім ауданының Сарыөлең ауылдық округінің әкімі | С. Аксартов |