Шектеу іс-шараларын тоқтату және Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 1 "Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округіне қарасты Сарыөлең, Барақ батыр, Бірлік ауылдарының жеке қосалқы шаруашылықтарынан сарып ауруына оң нәтиже берген аулаларының мүйізді ірі қара малдарынан ұйымдастырылған санитарлық табынға шектеу іс-шарасын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 қаңтарда № 26418 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1566 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округіне қарасты Сарыөлең, Барақ батыр, Бірлік ауылдарының жеке қосалқы шаруашылықтарының ірі қара малдарынан ұйымдастырылған санитарлық табынға сарып ауруы ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 1 "Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округіне қарасты Сарыөлең, Барақ батыр, Бірлік ауылдарының жеке қосалқы шаруашылықтарынан сарып ауруына оң нәтиже берген аулаларының мүйізді ірі қара малдарынан ұйымдастырылған санитарлық табынға шектеу іс-шарасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8682 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      ШҚО Күршім ауданының
Сарыөлең ауылдық округінің әкімі
С. Аксартов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады