ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шемонаиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Сот шешімімен Шемонаиха ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 16 қазандағы № 17/8-VI шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5270 болып тіркелген);
2) "Шемонаиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 қазандағы № 17/8-VI "Сот шешімімен Шемонаиха ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" шешімінің қолданылуын тоқтату туралы" 2020 жылғы 12 маусымдағы № 53/6-VI шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7204 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы | М. Желдыбаев |