Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық мәслихатының 28.09.2021 № 8-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19-1-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Бәйтерек ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтері бекітілсін.
2. Бәйтерек аудандық мәслихатының 2019 жылғы 21 маусымдағы № 35-3 "Бәйтерек ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5736 тіркелген, 2019 жылы 5 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Г.Терехов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
сессия төрағасы | Н. Хайруллин |
мәслихат хатшысы | Р. Исмагулов |
Бәйтерек ауданы мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 3-29 шешіміне қосымша |
Бәйтерек ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтері
п/п | Объект | Есеп айырысу бірлігі | Баға теңгемен 1 айға (ҚҚС жоқ) |
1. | Тұрмысқа жайлы иеліктегі үйлер | тұрғын/айына | 200,00 |
2. | Тұрмысқа жайлы емес иеліктегі үйлер | тұрғын/айына | 200,00 |
3. | Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінен | 1 м³ | 1500,00 |
Аббревиатураның ажыратып жазылуы:
м³ - текше метр;
ҚҚС - қосылған құн салығы.