Бәйтерек ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық мәслихатының 2019 жылғы 21 маусымдағы № 35-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 маусымда № 5736 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 3-29 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық мәслихатының 31.03.2021 № 3-29 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Бәйтерек ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтері бекітілсін.

      2. Аудан мәслихат аппаратының басшысы (Г.Терехов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  Бәйтерек ауданы мәслихатының
2019 жылғы 21 маусымдағы
№ 35 - 3 шешіміне
қосымша

Бәйтерек ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтері

Объект

Есеп айырысу бірлігі

Баға теңгемен 1 айға (ҚҚС жоқ)

1.

Тұрмысқа жайлы иеліктегі үйлер

тұрғын/айына

200,00

2.

Тұрмысқа жайлы емес иеліктегі үйлер

тұрғын/айына

200,00

3.

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінен

1 м³

1500,00

      Аббревиатураның ажыратып жазылуы:

      м³ - текше метр;

      ҚҚС - қосылған құн салығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады