Бәйтерек ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 8-6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 7 қазанда № 24654 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Бәйтерек ауданы мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бәйтерек ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      1) Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының "Зеленов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №28-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5517 болып тіркелген);

      2) Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық мәслихатының "Бәйтерек ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2021 жылғы 31 наурыздағы №3-29 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6888 болып тіркелген).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      мәслихат хатшысы Р. Исмагулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады