Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қаңтарда № 26490 болып тіркелді.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-1-бабының 1-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізу қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізу әдістемесі бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадр жұмысы департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов

  Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2022 жылғы 6 қаңтардағы
№ 1 Бұйрығына
1-қосымша

Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының 54-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) (бұдан әрі - ЭТҚ) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг (бұдан әрі - социологиялық мониторинг) жүргізудің тәртібін айқындайды.

      Құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың социологиялық мониторингі – құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйі туралы ақпарат алуға бағытталған әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жүйелі зерделеу.

      2. Әлеуметтік мониторинг жүргізудің мақсаты құқық қорғау органының бөлімшелерінде моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін зерделеу болып табылады.

2-тарау. ЭТҚ-ғы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің тәртібі

      3. ЭТҚ қызметкерлері үшін социологиялық мониторинг жыл сайын тамыз айында жүргізіледі.

      4. Социологиялық мониторинг жүргізу кезінде қызметкер дәлелді себептермен (демалыс, еңбекке уақытша жарамсыздық, қызметтік іссапар) жұмыс орнында болмаған жағдайда, социологиялық мониторинг қызметкер қызметке шыққаннан кейін жүргізіледі.

      5. Социологиялық мониторингтің жүргізілуін ұйымдастыру құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) төрағасының орынбасарына, құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша (бұдан әрі – аумақтық органдар) басшыларының орынбасарларына, сондай-ақ қаржылық мониторинг органдарының кадр қызметіне (бұдан әрі – кадр қызметі) жүктеледі.

      6. Социологиялық мониторинг тестілеу немесе сауалнама жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

      7. Социологиялық мониторинг:

      1) сұрау салынатын адамдарға тестілеудің мақсаттары мен анонимділігін алдын ала түсіндіре отырып құпия түрде;

      2) ЭТҚ қызметкерінің қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі;

      3) социологиялық мониторинг өткізудің уақыты алпыс минутты құрайды.

      8. Социологиялық мониторинг нәтижелерін объективті бағалау үшін ЭТҚ қызметкерлерінің іс жүзіндегі санынан кем дегенде 70 пайызының қатысуы жүргізіледі.

      9. Социологиялық мониторингті ашу, өңдеу және талдау жұмыстарын кадр қызметінің қызметшілері, психолог жүргізеді.

  Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2022 жылғы 6 қаңтардағы
№ 1 Бұйрыққа
2-қосымша

Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің осы әдістемесі (бұдан әрі - Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Социологиялық мониторинг жүргізу мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) социологиялық мониторингті дайындау және ұйымдастыру;

      2) міндеттерді қою және зерттеу пәнін таңдау;

      3) ұйымдастырушылық жұмыс (жеке құрамды жинау);

      4) аспаптарды әзірлеу;

      5) зерттеу деректерін жинау;

      6) жиналған ақпараттың сапасын бақылау;

      7) алынған деректерді өңдеу, алынған деректерді сандық және сапалық талдау;

      8) талдамалы анықтамаларды және ұсынымдарды дайындау.

      3. Социологиялық мониторинг жүргізуге дайындалу кезінде электрондық не қағаз тасымалдағыштарындағы сауалнамаға енгізілетін сұрақтардың тізбесі жасалады және сұрауға қатысушылардың құрамы (жауап алынатындардың іріктемелі жиынтығы), сұрауды жүргізу орны мен мерзімі айқындалады.

      4. Социологиялық мониторинг нәтижелерін интерпретациялау (өңдеу) қызметкердің қызметтегі қоршаған жағдайына субъективті пікіріне және қарым-қатынасына негізделеді:

      1) қызметімен қанағаттануына;

      2) әріптестермен қарым-қатынасына;

      3) басшының стиліне;

      4) жеке қабылдауының және бағалауының, өзара пікір алмасуының негізіндегі топтық нормаларға және құндылықтарға.

      5. Еңбекпен қанағаттанудың тура өлшемшарттары:

      1) кәсіптік қызметке қанағаттанудың жоғары және ортадан жоғары деңгейі;

      2) пікірлер келісімділігінің жоғары және ортадан жоғары дәрежесі;

      3) басшылар мен бағыныстылардың өзара қолайлы қарым-қатынасы болып табылады.

      6. Еңбекпен қанағаттанбаудың жанама өлшемшарттары:

      1) қызметкерлердің кәсіби қызметінің уәждемесін өзгертумен, кәсіптік күйреумен (оның ішінде жеке жетістіктердің редукциясымен), кәсіптік денсаулықтың нашарлауымен, кәсіптік қызметпен қанағаттанудың төмен бағасымен, жұмыста перспективалардың болмауымен, еңбектің ауыр шарттарымен, еңбекақының төмен деңгейімен, әлеуметтік қорғалудың нашарлауымен байланысты кадрлардың тұрақтамауы;

      2) ұжымның қызметтік жұмыс тиімділігінің төмендігі, қызметкерлердің кәсіби даярлық деңгейінің төмендігі, басшылықтың ұжыммен авторитарлық стилі, атқарушылық тәртіп деңгейінің төмендігі;

      3) қызметкерлердің жанжал шығарушылығы және төмен толеранттылығы болып табылады.

      7. Толтырылған тесттер немесе сауалнамалар арнайы жабдықталған контейнерге жиналады. Контейнерге мөр қойылады және кадр қызметі басшысының қатысуымен ашылады, тесттер немесе сауалнамаларға қайта санау жүргізіледі және өңдеу үшін психологқа тапсырылады.

      8. Социологиялық мониторинг нәтижелері қағаз және электрондық тасымалдағыштарда тұжырымдары мен ұсынымдары бар жүргізілген зерттеу туралы талдамалық анықтама түрінде рәсімделеді және Агенттіктің төрағасы мен аумақтық қаржылық мониторинг органдарының басшыларына ұсынылады.

  Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2022 жылғы 6 қаңтардағы
№ 1 Бұйрыққа
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 726 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12762 болып тіркелген);

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 қарашадағы № 966 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17714 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 5-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 121 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18339 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 10-тармағы.

Об утверждении Правил и методики проведения ежегодного социологического мониторинга состояния морально-психологического климата в оперативно-следственных подразделениях органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований)

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 6 января 2022 года № 1. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 января 2022 года № 26490

      В соответствии с пунктом 1 статьи 54-1 Закона Республики Казахстан "О правоохранительной службе" и пунктом 8 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые:

      1) Правила проведения ежегодного социологического мониторинга состояния морально-психологического климата в оперативно-следственных подразделениях органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований), согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) Методику проведения ежегодного социологического мониторинга состояния морально-психологического климата в оперативно-следственных подразделениях органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований), согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Признать утратившими силу некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан согласно приложению 3 к настоящему приказу.

      3. Департаменту кадровой работы Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу после его официального опубликования.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Агентства
Республики Казахстан
по финансовому мониторингу
Ж. Элиманов

  Приложение 1 к приказу
Председатель Агентства
Республики Казахстан
по финансовому мониторингу
от 6 января 2022 года № 1

Правила проведения ежегодного социологического мониторинга состояния
морально-психологического климата в оперативно-следственных подразделениях
органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований)

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения ежегодного социологического мониторинга состояния морально-психологического климата в оперативно-следственных подразделениях органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований) (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 1 статьи 54-1 Закона Республики Казахстан "О правоохранительной службе" и определяют порядок проведения ежегодного социологического мониторинга состояния морально-психологического климата (далее – социологический мониторинг) в оперативно-следственных подразделениях органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований) (далее – СЭР).

      Социологический мониторинг морально-психологического климата в подразделениях правоохранительного органа – системное изучение социальных процессов и явлений, направленное на получение информации о состоянии морально-психологического климата в подразделениях правоохранительного органа.

      2. Целью проведения социологического мониторинга является изучение состояния морально-психологического климата в подразделениях правоохранительного органа.

Глава 2. Порядок проведения ежегодного социологического мониторинга состояния морально-психологического климата в СЭР

      3. Социологический мониторинг проводится ежегодно в августе месяце для сотрудников СЭР.

      4. В случае отсутствия сотрудника на рабочем месте по уважительным причинам (отпуск, временная нетрудоспособность, служебная командировка) в период проведения социологического мониторинга, социологический мониторинг проводится после выхода сотрудника.

      5. Организация проведения социологического мониторинга возлагается на заместителя председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу (далее – Агентство), курирующего правоохранительную деятельность, заместителей руководителей департаментов экономических расследований по областям, городам республиканского значения и столицы (далее – территориальные органы), курирующих правоохранительную деятельность, а также кадровую службу органов по финансовому мониторингу (далее – кадровая служба).

      6. Социологический мониторинг проводится путем тестирования или анкетирования.

      7. Социологический мониторинг проводится:

      1) конфиденциально, с предварительным разъяснением опрашиваемым лицам целей и анонимности тестирования;

      2) на государственном или русском языке по желанию сотрудника СЭР;

      3) время проведения социологического мониторинга составляет шестьдесят минут.

      8. Для объективной оценки результатов социального мониторинга проводится участие не менее 70 процентов от фактической численности сотрудников СЭР.

      9. Вскрытие, обработка и проведение анализа социологического мониторинга проводится работниками кадровой службы, психологом.

  Приложение 2 к приказу
Председатель Агентства
Республики Казахстан
по финансовому мониторингу
от 6 января 2022 года № 1

Методика проведения ежегодного социологического мониторинга состояния
проведения морально-психологического климата в оперативно-следственных
подразделениях органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований)

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящая Методика проведения ежегодного социологического мониторинга состояния морально-психологического климата в оперативно-следственных подразделениях органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований) разработаны в соответствии с пунктом 1 статьи 54-1 Закона Республики Казахстан "О правоохранительной службе".

      2. Проведение социологического мониторинга включает в себя следующие этапы:

      1) подготовка и организация социологического мониторинга;

      2) постановка задачи и выбор предмета исследования;

      3) организационная работа (сбор личного состава);

      4) разработка инструментария;

      5) сбор данных исследования;

      6) контроль качества собранной информации;

      7) обработка полученных данных, количественный и качественный анализ полученных данных;

      8) подготовка аналитической справки и рекомендаций.

      3. При подготовке к проведению социологического мониторинга ежегодно составляется обновленный перечень вопросов, который вносится в анкету в электронных либо бумажных носителях, и определяются состав участников опроса (выборочная совокупность опрашиваемых), места и сроки проведения опроса.

      4. Интерпретация результатов социологического мониторинга основывается на субъективном мнении и отношении сотрудника к окружающей его на службе обстановке:

      1) удовлетворенность трудовой деятельностью;

      2) отношение к коллегам;

      3) к стилю руководства;

      4) к групповым нормам и ценностям на основе личного восприятия и оценок, взаимного обмена мнений.

      5. Прямыми критериями удовлетворенности трудом являются:

      1) высокий и выше среднего уровень удовлетворенности профессиональной деятельностью;

      2) высокая и выше среднего степень согласованности мнений;

      3) благоприятные взаимоотношения руководителей и подчиненных.

      6. Косвенными критериями неудовлетворенности трудом являются:

      1) текучесть кадров, связанная с изменением мотивации профессиональной деятельности сотрудников, профессиональным выгоранием (в том числе с редукцией личных достижений), с ухудшением профессионального здоровья, низкой оценкой удовлетворенности профессиональной деятельностью, отсутствием перспектив в работе, тяжелыми условиями труда, низким уровнем заработной платы, ухудшением социальной защищенности;

      2) низкая эффективность служебной деятельности коллектива, низкий уровень профессиональной подготовки сотрудников, авторитарный стиль руководства коллективом, низкий уровень исполнительской дисциплины;

      3) конфликтность и низкая толерантность сотрудников.

      7. Сбор заполненных тестов или анкет производится в специально оборудованный контейнер. Контейнер опечатывается и вскрывается в присутствии руководителя кадровой службы, тесты или анкеты пересчитываются и передаются на обработку психологу.

      8. Результаты социологического мониторинга оформляются в виде аналитической справки о проведенном исследовании, с выводами и рекомендациями на бумажном и электронном носителях и предоставляется председателю Агентства и руководителям территориальных органов по финансовому мониторингу.

  Приложение 3 к приказу
Председатель Агентства
Республики Казахстан
по финансовому мониторингу
от 6 января 2022 года № 1

Перечень утративших силу некоторых приказов Министра финансов Республики Казахстан

      1. Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 726 "Об утверждении Правил и методики проведения ежегодного социологического мониторинга состояния морально-психологического климата в оперативно-следственных подразделениях органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований)" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12762);

      2. Пункт 5 Перечня некоторых приказов Министра финансов Республики Казахстан, в которые вносятся изменения, утвержденного приказом Министра финансов Республики Казахстан от 5 ноября 2018 года № 966 "О внесении изменений в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17714);

      3. Пункт 10 Перечня некоторых приказов Министра финансов Республики Казахстан, в которые вносятся изменения, утвержденного приказом Министра финансов Республики Казахстан от 19 февраля 2019 года № 121 "О внесении изменений в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18339).