Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 726 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12762 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 54-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы "Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 726 бұйрығымен бекітілген

Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жылсайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесі

      Ескерту. Әдістеменің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесі (бұдан әрі - Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 54-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) (бұдан әрі - ЭТҚ) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг (бұдан әрі - социологиялық мониторинг) жүргізудің тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Социологиялық мониторингті жүргізудің мақсаты:

      1) қызметкерлер қызметінің тиімділігін арттыру;

      2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды профилактикалау;

      3) қызметкерлердің кәсіби және басқару тәжірибесін тиімді пайдалану;

      4) қызметкерлердің басқару құзыреттерінің кәсіптік дамуы және жетілдіруі;

      5) қызметкерлердің еңбегіне уәждемені арттыру, қызметтік жұмысты ұйымдастыру, басқару процесін оңтайландыру, бөлімшелердің ұйымшылдығын арттыру;

      6) проблемалық бөлімшелерді анықтау, формальды және формальды емес қарым-қатынас құрылымын анықтау (оның ішінде формальды емес көшбасшыларды анықтау);

      7) бөлімшелерде психологиялық атмосфераны жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлеу;

      8) "тәуекел тобына" жататын, жүйке-психикалық тұрақсыздығын, өзіне-өзі қол жұмсауға бейімділігін көрсететін, есірткі заттарын пайдалануға бейім адамдарды анықтау болып табылады.

2. ЭТҚ-ғы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы
социологиялық мониторинг жүргізудің тәртібі мен әдістемесі

      3. Социологиялық мониторинг жыл сайын ЭТҚ қызметкерлері үшін тамыз айында жүргізіледі.

      4. Социологиялық мониторингтің жүргізілуін ұйымдастыру құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі - Комитет) төрағасының орынбасарына, құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана бойынша (бұдан әрі – аумақтық органдар) басшыларының орынбасарларына, сондай-ақ қаржы мониторингі органдарының кадр қызметіне (бұдан әрі – кадр қызметі) жүктеледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Қосымша социологиялық мониторинг қажеттілігі бойынша жыл бойы Комитет төрағасының және аумақтық органдары басшыларының шешімдері бойынша аутоагрессиялық көріністер жағдайында, қызметкердің шағымы, жанжалды жағдай, еңбектің төмен тиімділігі және кадрлардың жоғары тұрақсыздығы бойынша өткізіледі.

      6. Социологиялық мониторинг электрондық немесе қағаз түріндегі тестілеу/сауалнама жүргізу жолымен жүргізіледі.

      7. Социологиялық мониторингті өткізу үшін психологтардың (бұдан әрі – уәкілетті тұлғалар) қызметтері пайдаланылады.

      8. ЭТҚ қызметкерлеріне социологиялық мониторинг жүргізген тұлға социологиялық мониторингтің нәтижелерін жариялағаны үшін тәртіптік жауапкершілікте болады.

      9. Социологиялық мониторинг:

      1) ерікті негізде, құпия, жауап алынған адамдарға зерттеу жүргізудің мақсаты мен анонимдігі туралы алдын ала түсіндірумен зерттеулерді өткізу талаптарын қатаң сақтау кезінде;

      2) ЭТҚ қызметкерлерінің қалауы бойынша қазақ не орыс тілдерінде;

      3) социологиялық мониторингті өткізудің уақыты алпыс минутты құрайды;

      4) арнайы жабдықталған үй-жайларда жүргізіледі.

      10. Зерттеулердің нәтижелерін объективті бағалау үшін ЭТҚ қызметкерлерінің іс жүзіндегі санынан кем дегенде 70% қатысуы қажет.

      11. Социологиялық мониторингті ашу, өңдеу және талдау жүргізуді кадр қызметінің қызметшілері және уәкілетті тұлғалар өткізеді.

3. ЭТҚ-ғы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл
сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің әдістемесі

      12. Социологиялық мониторингті өткізу өзіне мынадай кезеңдерді қосады:

      1) мониторингті дайындау және ұйымдастыру;

      2) міндеттерді қою және зерттеу пәнін таңдау;

      3) ұйымдастырушылық жұмыс (жеке құрамды жинау);

      4) аспаптарды әзірлеу;

      5) зерттеу деректерін жинау;

      6) жиналған ақпараттың сапасын бақылау;

      7) алынған деректерді өңдеу, алынған деректерді сандық және сапалық талдау;

      8) талдамалы анықтамаларды және ұсынымдарды дайындау.

      13. Социологиялық мониторингті жүргізуге дайындалу кезінде электрондық не қағаз тасымалдағыштарындағы сауалнамаға енгізілетін сұрақтардың тізбесі жасалады және сұрауға қатысушылардың құрамы (жауап алынатындардың іріктемелі жиынтығы), сұрауды жүргізу орны мен мерзімі айқындалады.

      14. Сұрауға қатысушылардың құрамы сұраудың тақырыбына және міндеттеріне байланысты айқындалады.

      15. Мониторинг нәтижелерін түсіндіру қызметкердің қызметтегі қоршаған жағдайына субъективті пікіріне және қарым-қатынасына негізделеді:

      1) еңбек қызметімен қанағаттануы;

      2) әріптестерге қарым-қатынасы;

      3) басшының стиліне;

      4) жеке қабылдауының және бағаның негізінде топтық нормаларға және құндылықтарға, өзара пікір алмасуға.

      16. Еңбекпен қанағаттанудың тура өлшемшарттары:

      1) кәсіптік қызметке қанағаттанудың жоғары және ортадан жоғары деңгейі;

      2) пікірлерді келісудің жоғары және ортадан жоғары дәрежесі;

      3) басшылар мен бағыныстылардың қолайлы өзара қарым-қатынасы болып табылады.

      17. Еңбекпен қанағаттанбаудың жанама өлшемшарттары:

      1) қызметкерлердің кәсіби қызметінің уәждемесін өзгертумен, кәсіптік күюімен (оның ішінде – жеке жетістіктердің редукциясымен), кәсіптік денсаулықтың нашарлауымен, кәсіптік қызметпен қанағаттанудың төмен бағасымен, жұмыста перспективалардың болмауымен, еңбектің ауыр шарттарымен, еңбекақының төмен деңгейімен, әлеуметтік қорғалудың нашарлауымен байланысты кадрлардың тұрақтамауы;

      2) ұжымның қызметтік жұмыс тиімділігінің төмендігі, қызметкерлердің кәсіби даярлық деңгейінің төмендігі, басшылықтың ұжыммен авторитарлық стилі, атқарушылық тәртіп деңгейінің төмендігі;

      3) қызметкерлердің даулылығы және төмен толеранттылық болып табылады.

      18. Толтырылған тесттердің/сауалнамалардың жинауын арнайы жабдықталған контейнерде өткізіледі. Контейнерге мөр қойылады және кадр қызметі басшысының қатысуымен ашылады, сауалнамалар/тесттер қайта саналады және өңдеуге уәкілетті тұлғаға беріледі.

      19. Мониторинг нәтижелері қағаз және электрондық тасымалдағыштарындағы қорытындылар мен ұсынымдары бар зерттеулерді жүргізу туралы талдамалы анықтама түрінде ресімделеді және Комитеттің төрағасына және аумақтық қаржы мониторингі органдарының басшыларына ұсынылады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады