Ауыр металдар эмиссиясын есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 ақпанда № 26697 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 22-бабының 5-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 05.10.2023 № 273 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ауыр металдар эмиссиясын есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
С. Брекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 28 қаңтардағы
№ 26 бұйрығына
қосымша

Ауыр металдар эмиссияларын есептеу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыр металдар эмиссияларын есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 22-бабының 5-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 05.10.2023 № 273 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Ауыр металдар эмиссиясын есептеуді Кодекстің 22-бабының 9-тармағында көрсетілген объектілердің операторлары ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімі ұсыну шеңберінде жүзеге асырады.

2-тарау. Объектілердегі ауыр металдар эмиссияларын есептеу

1-параграф. Мұнай өңдеу саласы объектілерінде ауыр металдар эмиссияларын есептеу

      3. Мұнай өңдеу саласы кәсіпорындарының атмосфераға ауыр металдар эмиссияларын есептеу мынадай формула бойынша есептеледі:

      E ластағыш = AR өндіріс х EF ластағыш, мұндағы:

      E ластағыш – атмосфералық ауаға ластаушы заттың жыл сайынғы шығарындылары,

      AR өндіріс – өндіріс кезіндегі қызмет көрсеткіштері,

      EF ластағыш – ластаушы зат эмиссияларының коэффициенті.

      4. Мұнайды өңдеу және сақтау, мұнай мен газды өндіру кезінде желдету және алауда жағу кезінде атмосфералық ауаға ауыр металдар эмиссиясының коэффициенттері осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген.

2-параграф. Энергетика саласы объектілеріндегі ауыр металдар эмиссияларын есептеу

      5. Энергетика саласындағы объектілерде ауыр металдар эмиссияларын есептеу пайдаланылатын отын түріне байланысты жүзеге асырылады.

      6. Энергетика саласы объектілерінде ауыр металдар эмиссияларын есептеу үшін отын түрлерін жіктеу осы Әдістемеге 2-қосымшада келтірілген.

      7. Энергетика саласындағы ауыр металдар эмиссияларын есептеу мынадай формула бойынша есептеледі:

      E ластағыш = AR отынды тұтыну х EF ластағыш, мұндағы:

      E ластағыш – атмосфералық ауаға ластаушы заттың жыл сайынғы шығарындылары,

      AR отынды тұтыну – отын тұтынуды сипаттайтын қызмет көрсеткіштері,

      EF ластағыш – ластаушы зат эмиссияларының коэффициенті.

      8. Энергетика саласы объектілерінде отынның әртүрлі түрлерін жағу кезіндегі ауыр металдар эмиссияларының коэффициенттері осы Әдістемеге 3-қосымшада келтірілген.

3-параграф. Металлургия саласы объектілеріндегі ауыр металдар эмиссияларын есептеу

      9. Металлургия саласындағы ауыр металдар эмиссияларын есептеу мынадай формула бойынша есептеледі:

      E ластағыш = AR өндіріс х EF ластағыш, мұндағы:

      E ластағыш – атмосфералық ауаға ластаушы заттың жыл сайынғы шығарындылары,

      AR өндіріс – металдар өндіру кезіндегі қызмет көрсеткіштері,

      EF ластағыш – ластаушы зат эмиссияларының коэффициенті.

      10. Темір, болат, қорғасын, мырыш және мыс өндіру кезінде атмосфералық ауаға ауыр металдар эмиссияларының коэффициенттері осы Әдістемеге 4-қосымшада келтірілген.

  Ауыр металдар эмиссияларын
есептеу әдістемесіне
1-қосымша

Мұнайды өңдеу және сақтау, мұнай мен газды өндіру кезінде желдету және алауда жағу кезінде атмосфералық ауаға ауыр металдар эмиссиясының коэффициенттері

Ластағыш зат

Мәні

Өлшем бірлігі

мұнайды өңдеу және сақтау кезінде

Қорғасын

0,0051

шикімұнай г/Мг

Кадмий

0,0051

шикімұнай г/Мг

Сынап

0,0051

шикімұнай г/Мг

мұнай мен газды өндіру кезінде желдету және алауды жағу кезінде

Қорғасын

4,9

жағылған газ мг/Мг

Кадмий

20,0

жағылған газ мг/Мг

Сынап

4,7

жағылған газ мг/Мг

  Ауыр металдар эмиссияларын
есептеу әдістемесіне
2-қосымша

Энергетика саласы объектілерінде ауыр металдар эмиссияларын есептеу үшін отын түрлерін жіктеу

Отын түрі

Осы түрге байланысты отынның түрлері

Тас көмір

Кокстелетін көмір, битуминозды көмір, жартылай битуминозды көмір, кокс,"патенттелген" өнеркәсіптік отын

Қоңыр көмір

Лигнит, битум тақтатасы, "патенттелген" өнеркәсіптік отын, шымтезек

Табиғи газ

Табиғи газ

Генератор газдары

Газды қарамайынан газ, кокс газы, домна газы

Ауыр дизель отыны

Қалдық мұнай өнімі, мұнай өңдеу шикізаты, мұнай коксы

Cұйық отын (дизель отынды қоспағанда)

Газойль, керосин, нафта, табиғи сұйытылған газ, сұйытылған мұнай газы, оримульсия, битум, тақтатас майы, мұнай зауыты газы

Биомасса

Ағаш, ағашкөмір, көкөніс қалдықтары (а/ш)

  Ауыр металдар эмиссияларын
есептеу әдістемесіне
3-қосымша

Энергетика саласы объектілерінде отынның әртүрлі түрлерін жағу кезіндегі ауыр металдар эмиссияларының коэффициенттері

Ластағыш зат

Мәні

Өлшем бірлігі

тас көмірді пайдалану кезінде

Қорғасын

8,1

мг/ГДж

Кадмий

1,0

мг/ГДж

Сынап

1,6

мг/ГДж

қоңыр көмірді пайдалану кезінде

Қорғасын

18

мг/ГДж

Кадмий

2,1

мг/ГДж

Сынап

3,5

мг/ГДж

табиғи газды пайдалану кезінде

Қорғасын

0,2

мг/ГДж

Кадмий

0.5

мг/ГДж

Сынап

0,10

мг/ГДж

генератор газдарын пайдалану кезінде

Қорғасын

0,2

мг/ГДж

Кадмий

0,5

мг/ГДж

Сынап

0,10

мг/ГДж

ауыр дизель отынын пайдалану кезінде

Қорғасын

4,9

мг/ГДж

Кадмий

1,3

мг/ГДж

Сынап

0,4

мг/ГДж

сұйық отынды пайдалану кезінде

Қорғасын

4,1

мг/ГДж

Кадмий

1,4

мг/ГДж

Сынап

1,4

мг/ГДж

биомассаны пайдалану кезінде

Қорғасын

21

мг/ГДж

Кадмий

1,8

мг/ГДж

Сынап

1,5

мг/ГДж

  Ауыр металдар эмиссияларын
есептеу әдістемесіне
4-қосымша

Темір, болат, қорғасын, мырыш және мыс өндіру кезінде атмосфералық ауаға ауыр металдар эмиссияларының коэффициенттері

Ластағыш зат

Мәні

Өлшем бірлігі

темір, болат өндіру кезінде

Қорғасын

4,6

болат г/мг

Кадмий

0,020

болат г/мг

Сынап

0,10

болат г/мг

қорғасын өндіру кезінде

Қорғасын

1,8

қорғасын г/мг

Кадмий

0,10

қорғасын г/мг

Сынап

0,10

қорғасын г/мг

мырыш өндіру кезінде

Қорғасын

0,2

мырыш г/мг

Кадмий

0,040

мырыш г/мг

Сынап

0,040

мырыш г/мг

мыс өндіру кезінде

Қорғасын

19

мыс г/мг

Кадмий

11

мыс г/мг

Сынап

0,023

мыс г/мг


Об утверждении Методики расчета эмиссий тяжелых металлов

Приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 28 января 2022 года № 26. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 февраля 2022 года № 26697.

      В соответствии с пунктом 5 статьи 22 Экологического кодекса Республики Казахстан, подпунктом 2) пункта 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра экологии и природных ресурсов РК от 05.10.2023 № 273 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить методику расчета эмиссий тяжелых металлов согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2. Департаменту экологической политики и устойчивого развития Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Министр экологии, геологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан
С. Брекешев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Приложение
к приказу Министра
экологии, геологии и
природных ресурсов
Республики Казахстан
от 28 января 2022 года № 26

Методика расчета эмиссий тяжелых металлов

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящая Методика расчета эмиссий тяжелых металлов (далее – Методика) разработана в соответствии с пунктом 5 статьи 22 Экологического кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс), подпунктом 2) пункта 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике".

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра экологии и природных ресурсов РК от 05.10.2023 № 273 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Расчет эмиссий тяжелых металлов осуществляют операторы объектов, указанные в пункте 9 статьи 22 Кодекса, в рамках предоставления отчетности для регистра выбросов и переноса загрязнителей.

Глава 2. Расчет эмиссий тяжелых металлов на объектах

Параграф 1. Расчет эмиссий тяжелых металлов на объектах нефтеперерабатывающей отрасли

      3. Расчет эмиссий тяжелых металлов в атмосферу предприятиями нефтеперерабатывающей отрасли рассчитываются по формуле:

      E загрязнитель = AR производство х EF загрязнитель, где:

      E загрязнитель – ежегодные выбросы загрязняющего вещества в атмосферный воздух,

      AR производство – показатели деятельности при производстве,

      EF загрязнитель – коэффициент эмиссий загрязняющего вещества.

      4. Коэффициенты эмиссий тяжелых металлов в атмосферный воздух при переработке и хранении нефти, вентилировании и факельном сжигании при добыче нефти и газа приведены в Приложении 1 к настоящей Методике.

Параграф 2. Расчет эмиссий тяжелых металлов на объектах энергетической отрасли

      5. Расчет эмиссий тяжелых металлов на объектах энергетической отрасли осуществляется в зависимости от типа используемого топлива.

      6. Классификация типов топлива для расчета эмиссий тяжелых металлов на объектах энергетической отрасли приведена в Приложении 2 к настоящей Методике.

      7. Расчет эмиссий тяжелых металлов в энергетической отрасли рассчитываются по формуле:

      E загрязнитель = AR потребление топлива х EF загрязнитель, где:

      E загрязнитель – ежегодные выбросы загрязняющего вещества в атмосферный воздух,

      AR потребление топлива – показатели деятельности, характеризующие потребление топлива,

      EF загрязнитель – коэффициент эмиссий загрязняющего вещества.

      8. Коэффициенты эмиссий тяжелых металлов в атмосферный воздух при сжигании различных видов топлива на объектах энергетической отрасли приведены в Приложении 3 к настоящей Методике.

Параграф 3. Расчет эмиссий тяжелых металлов на объектах металлургической отрасли

      9. Расчет эмиссий тяжелых металлов в металлургической отрасли рассчитываются по формуле:

      E загрязнитель = AR производство х EF загрязнитель, где:

      E загрязнитель – ежегодные выбросы загрязняющего вещества в атмосферный воздух,

      AR производство – показатели деятельности при производстве металлов,

      EF загрязнитель – коэффициент эмиссий загрязняющего вещества.

      10. Коэффициенты эмиссий тяжелых металлов в атмосферный воздух при производстве железа, стали, свинца, цинка и меди приведены в Приложении 4 к настоящей Методике.

  Приложение 1
к Методике расчета
эмиссий тяжелых металлов

Коэффициенты эмиссий тяжелых металлов в атмосферный воздух при переработке
и хранении нефти, вентилировании и факельном сжигании при добыче нефти и газа

Загрязняющее вещество

Значение

Единицы измерения

при переработке и хранении нефти

Свинец

0,0051

г/Мг сырой нефти

Кадмий

0,0051

г/Мг сырой нефти

Ртуть

0,0051

г/Мг сырой нефти

при вентилировании и факельном сжигании при добыче нефти и газа

Свинец

4,9

мг/Мг сожженного газа

Кадмий

20,0

мг/Мг сожженного газа

Ртуть

4,7

мг/Мг сожженного газа

  Приложение 2
к Методике расчета
эмиссий тяжелых металлов

Классификация типов топлива для расчета эмиссий тяжелых металлов на объектах энергетической отрасли

Тип топлива

Связанные с этим типом виды топлива

Каменный уголь

Коксующийся уголь, битуминозный уголь, полубитуминозный уголь, кокс, "запатентованное" промышленное топливо

Бурый уголь

Лигнит, битумный сланец, "запатентованное" промышленное топливо, торф

Природный газ

Природный газ

Генераторные газы

Газ из газового дегтя, коксовый газ, доменный газ

Тяжелое дизельное топливо

Остаточный нефтепродукт, сырье нефтепереработки, нефтяной кокс

Жидкое топливо (исключая дизельное топливо)

Газойл, керосин, нафта, природный сжиженный газ, сжиженный нефтяной газ, оримульсия, битум, сланцевое масло, нефтезаводской газ

Биомасса

Древесина, древесный уголь, отходы овощей (с/х)

  Приложение 3
к Методике расчета
эмиссий тяжелых металлов

Коэффициенты эмиссий тяжелых металлов в атмосферный воздух при сжигании различных видов топлива на объектах энергетической отрасли

Загрязняющее вещество

Значение

Единицы измерения

при использовании каменного угля

Свинец

8,1

мг/ГДж

Кадмий

1,0

мг/ГДж

Ртуть

1,6

мг/ГДж

при использовании бурого угля

Свинец

18

мг/ГДж

Кадмий

2,1

мг/ГДж

Ртуть

3,5

мг/ГДж

при использовании природного газа

Свинец

0,2

мг/ГДж

Кадмий

0,5

мг/ГДж

Ртуть

0,10

мг/ГДж

при использовании генераторных газов

Свинец

0,2

мг/ГДж

Кадмий

0,5

мг/ГДж

Ртуть

0,10

мг/ГДж

при использовании тяжелого дизельного топлива

Свинец

4,9

мг/ГДж

Кадмий

1,3

мг/ГДж

Ртуть

0,4

мг/ГДж

при использовании жидкого топлива

Свинец

4,1

мг/ГДж

Кадмий

1,4

мг/ГДж

Ртуть

1,4

мг/ГДж

при использовании биомассы

Свинец

21

мг/ГДж

Кадмий

1,8

мг/ГДж

Ртуть

1,5

мг/ГДж

  Приложение 4
к Методике расчета
эмиссий тяжелых металлов

Коэффициенты эмиссий тяжелых металлов в атмосферный воздух при производстве железа, стали, свинца, цинка и меди

Загрязняющее вещество

Значение

Единицы измерения

при производстве железа и стали

Свинец

4,6

г/Мг стали

Кадмий

0,020

г/Мг стали

Ртуть

0,10

г/Мг стали

при производстве свинца

Свинец

1,8

г/Мг свинца

Кадмий

0,10

г/Мг свинца

Ртуть

0,10

г/Мг свинца

при производстве цинка

Свинец

0,2

г/Мг цинка

Кадмий

0,040

г/Мг цинка

Ртуть

0,040

г/Мг цинка

при производстве меди

Свинец

19

г/Мг меди

Кадмий

11

г/Мг меди

Ртуть

0,023

г/Мг меди