Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 22-бабының 5-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 05.10.2023 № 273 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ауыр металдар эмиссиясын есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
С. Брекешев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 26 бұйрығына қосымша |
Ауыр металдар эмиссияларын есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ауыр металдар эмиссияларын есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 22-бабының 5-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 05.10.2023 № 273 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Ауыр металдар эмиссиясын есептеуді Кодекстің 22-бабының 9-тармағында көрсетілген объектілердің операторлары ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімі ұсыну шеңберінде жүзеге асырады.
2-тарау. Объектілердегі ауыр металдар эмиссияларын есептеу
1-параграф. Мұнай өңдеу саласы объектілерінде ауыр металдар эмиссияларын есептеу
3. Мұнай өңдеу саласы кәсіпорындарының атмосфераға ауыр металдар эмиссияларын есептеу мынадай формула бойынша есептеледі:
E ластағыш = AR өндіріс х EF ластағыш, мұндағы:
E ластағыш – атмосфералық ауаға ластаушы заттың жыл сайынғы шығарындылары,
AR өндіріс – өндіріс кезіндегі қызмет көрсеткіштері,
EF ластағыш – ластаушы зат эмиссияларының коэффициенті.
4. Мұнайды өңдеу және сақтау, мұнай мен газды өндіру кезінде желдету және алауда жағу кезінде атмосфералық ауаға ауыр металдар эмиссиясының коэффициенттері осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген.
2-параграф. Энергетика саласы объектілеріндегі ауыр металдар эмиссияларын есептеу
5. Энергетика саласындағы объектілерде ауыр металдар эмиссияларын есептеу пайдаланылатын отын түріне байланысты жүзеге асырылады.
6. Энергетика саласы объектілерінде ауыр металдар эмиссияларын есептеу үшін отын түрлерін жіктеу осы Әдістемеге 2-қосымшада келтірілген.
7. Энергетика саласындағы ауыр металдар эмиссияларын есептеу мынадай формула бойынша есептеледі:
E ластағыш = AR отынды тұтыну х EF ластағыш, мұндағы:
E ластағыш – атмосфералық ауаға ластаушы заттың жыл сайынғы шығарындылары,
AR отынды тұтыну – отын тұтынуды сипаттайтын қызмет көрсеткіштері,
EF ластағыш – ластаушы зат эмиссияларының коэффициенті.
8. Энергетика саласы объектілерінде отынның әртүрлі түрлерін жағу кезіндегі ауыр металдар эмиссияларының коэффициенттері осы Әдістемеге 3-қосымшада келтірілген.
3-параграф. Металлургия саласы объектілеріндегі ауыр металдар эмиссияларын есептеу
9. Металлургия саласындағы ауыр металдар эмиссияларын есептеу мынадай формула бойынша есептеледі:
E ластағыш = AR өндіріс х EF ластағыш, мұндағы:
E ластағыш – атмосфералық ауаға ластаушы заттың жыл сайынғы шығарындылары,
AR өндіріс – металдар өндіру кезіндегі қызмет көрсеткіштері,
EF ластағыш – ластаушы зат эмиссияларының коэффициенті.
10. Темір, болат, қорғасын, мырыш және мыс өндіру кезінде атмосфералық ауаға ауыр металдар эмиссияларының коэффициенттері осы Әдістемеге 4-қосымшада келтірілген.
Ауыр металдар эмиссияларын есептеу әдістемесіне 1-қосымша |
Мұнайды өңдеу және сақтау, мұнай мен газды өндіру кезінде желдету және алауда жағу кезінде атмосфералық ауаға ауыр металдар эмиссиясының коэффициенттері
Ластағыш зат | Мәні | Өлшем бірлігі |
мұнайды өңдеу және сақтау кезінде | ||
Қорғасын | 0,0051 | шикімұнай г/Мг |
Кадмий | 0,0051 | шикімұнай г/Мг |
Сынап | 0,0051 | шикімұнай г/Мг |
мұнай мен газды өндіру кезінде желдету және алауды жағу кезінде | ||
Қорғасын | 4,9 | жағылған газ мг/Мг |
Кадмий | 20,0 | жағылған газ мг/Мг |
Сынап | 4,7 | жағылған газ мг/Мг |
Ауыр металдар эмиссияларын есептеу әдістемесіне 2-қосымша |
Энергетика саласы объектілерінде ауыр металдар эмиссияларын есептеу үшін отын түрлерін жіктеу
Отын түрі | Осы түрге байланысты отынның түрлері |
Тас көмір | Кокстелетін көмір, битуминозды көмір, жартылай битуминозды көмір, кокс,"патенттелген" өнеркәсіптік отын |
Қоңыр көмір | Лигнит, битум тақтатасы, "патенттелген" өнеркәсіптік отын, шымтезек |
Табиғи газ | Табиғи газ |
Генератор газдары | Газды қарамайынан газ, кокс газы, домна газы |
Ауыр дизель отыны | Қалдық мұнай өнімі, мұнай өңдеу шикізаты, мұнай коксы |
Cұйық отын (дизель отынды қоспағанда) | Газойль, керосин, нафта, табиғи сұйытылған газ, сұйытылған мұнай газы, оримульсия, битум, тақтатас майы, мұнай зауыты газы |
Биомасса | Ағаш, ағашкөмір, көкөніс қалдықтары (а/ш) |
Ауыр металдар эмиссияларын есептеу әдістемесіне 3-қосымша |
Энергетика саласы объектілерінде отынның әртүрлі түрлерін жағу кезіндегі ауыр металдар эмиссияларының коэффициенттері
Ластағыш зат | Мәні | Өлшем бірлігі |
тас көмірді пайдалану кезінде | ||
Қорғасын | 8,1 | мг/ГДж |
Кадмий | 1,0 | мг/ГДж |
Сынап | 1,6 | мг/ГДж |
қоңыр көмірді пайдалану кезінде | ||
Қорғасын | 18 | мг/ГДж |
Кадмий | 2,1 | мг/ГДж |
Сынап | 3,5 | мг/ГДж |
табиғи газды пайдалану кезінде | ||
Қорғасын | 0,2 | мг/ГДж |
Кадмий | 0.5 | мг/ГДж |
Сынап | 0,10 | мг/ГДж |
генератор газдарын пайдалану кезінде | ||
Қорғасын | 0,2 | мг/ГДж |
Кадмий | 0,5 | мг/ГДж |
Сынап | 0,10 | мг/ГДж |
ауыр дизель отынын пайдалану кезінде | ||
Қорғасын | 4,9 | мг/ГДж |
Кадмий | 1,3 | мг/ГДж |
Сынап | 0,4 | мг/ГДж |
сұйық отынды пайдалану кезінде | ||
Қорғасын | 4,1 | мг/ГДж |
Кадмий | 1,4 | мг/ГДж |
Сынап | 1,4 | мг/ГДж |
биомассаны пайдалану кезінде | ||
Қорғасын | 21 | мг/ГДж |
Кадмий | 1,8 | мг/ГДж |
Сынап | 1,5 | мг/ГДж |
Ауыр металдар эмиссияларын есептеу әдістемесіне 4-қосымша |
Темір, болат, қорғасын, мырыш және мыс өндіру кезінде атмосфералық ауаға ауыр металдар эмиссияларының коэффициенттері
Ластағыш зат | Мәні | Өлшем бірлігі |
темір, болат өндіру кезінде | ||
Қорғасын | 4,6 | болат г/мг |
Кадмий | 0,020 | болат г/мг |
Сынап | 0,10 | болат г/мг |
қорғасын өндіру кезінде | ||
Қорғасын | 1,8 | қорғасын г/мг |
Кадмий | 0,10 | қорғасын г/мг |
Сынап | 0,10 | қорғасын г/мг |
мырыш өндіру кезінде | ||
Қорғасын | 0,2 | мырыш г/мг |
Кадмий | 0,040 | мырыш г/мг |
Сынап | 0,040 | мырыш г/мг |
мыс өндіру кезінде | ||
Қорғасын | 19 | мыс г/мг |
Кадмий | 11 | мыс г/мг |
Сынап | 0,023 | мыс г/мг |