БҰЙЫРАМЫН:
1. "Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10184 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Дінтану сараптамасын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 10-1) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және дінтану сараптамасын жүргізу (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Заңның 6-бабының 3-тармағына сәйкес дінтану сараптамасын діни қызмет саласында арнайы білімі және (немесе) жұмыс тәжірибесі бар сарапшылар (мамандар), қажет болған кезде мемлекеттік органдардың өкілдерін және өзге де мамандарды тарта отырып, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізеді.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Сараптаманы жүргізу үшін гуманитарлық ғылымдар бағыты бойынша мына:
дінтану;
теология;
исламтану мамандықтарының біреуі бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар сарапшылар, сондай-ақ діни қызмет саласында кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі бар сарапшылар тартылады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында жазылған.
Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш жасаған жағдайда, құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің көшірмесі құжаттар топтамасының қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсетуді есепке алуды жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы берген кезде "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып хабарлама жіберіледі.
Жеке басын куәландыратын, құқығын белгілейтін құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер, көрсетілетін қызметті алушы сұрау салуды Портал арқылы сараптама объектілерінің электрондық нысандарын тіркемей жіберсе, көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде сараптама объектісінің түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына жіберу қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы сараптама объектілерін хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына пошта байланысы арқылы не қолма-қол жібереді.
Сараптама жүргізу мерзімі көрсетілетін қызметті беруші сараптама объектілерін алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде сараптама объектісін ілеспе хатпен сараптамаға жібереді.";
мынадай мазмұндағы 8-2-тармақпен толықтырылсын:
"8-2. 300-ден (үш жүзден) астам баспа бетін немесе ұзақтығы 2 (екі) сағаттан астам аудио, бейне жазбаларды қамтитын объекті сараптамаға келіп түскен жағдайда, сараптама жүргізу 2 (екі) немесе одан да көп сарапшыға тапсырылады.
Сараптамалық қорытынды әрбір сарапшыдан алынған тұжырымдарды бірлесіп талдаудан кейін жасалады және бірыңғай қорытындыны білдіреді.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Сараптама объектісі келіп түскен кезде сарапшы (сарапшылар) 17 (он жеті) жұмыс күні ішінде объектіге сараптама жүргізеді және көрсетілетін қызметті берушіге сараптама қорытындысын жібереді, сондай-ақ сараптама объектісін көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Дінтану сараптамасын жүргізу үшін уәкілетті орган осы Қағидалардың 5-тармағының талаптарына сәйкес келетін сарапшыларды айқындайды. Мемлекеттік органдардың өкілдері және өзге де мамандар тартылған кезде, сондай-ақ бір объект бойынша 3 (үш) сарапшыдан артық айқындалған кезде уәкілетті орган сараптама тобын құрады. Сараптамалық қорытынды әрбір сарапшыдан алған тұжырымдамалардың негізінде бірлесіп жасалады.";
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
"16-1. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын ұсынады.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын лауазымды адам, жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не өзге де әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа шағыммен жүгінуге жол беріледі.";
Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушы |
С. Егізбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 10 наурыздағы № 70 Бұйрыққа қосымша Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларына 3-қосымша |
"Дінтану сараптамасын жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
| Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Жиырма екі (22) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi | Сараптама қорытындысы туралы хат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесi |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) онда қамтылған деректердің (ақпараттардың) дұрыс еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |