"Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 11 наурыздағы № 131 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 наурызда № 27178 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.02.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16588 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерін қызметтің басым түрлерінің тізбесіне енгізу қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Арнайы комиссия мәселені арнайы комиссияның қарауына шығарған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей шешім қабылдайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Арнайы комиссияның оң шешімі негізінде:

      1) уәкілетті орган қызметтің осы түрін қызметтің басым түрлерінің тізбесіне енгізу туралы шешімді республикалық бюджет комиссиясы оң шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) айдан кешіктірмей қабылдайды;

      2) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы өтініш берушімен осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген шешім күшіне енген күннен ерте емес қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасады.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 февраля 2018 года № 142 "Об утверждении перечня приоритетных видов деятельности в разрезе специальных экономических зон, соответствующих целям создания специальной экономической зоны, а также Правил включения приоритетных видов деятельности в перечень приоритетных видов деятельности в разрезе специальных экономических зон, соответствующих целям создания специальной экономической зоны"

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 11 марта 2022 года № 131. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 марта 2022 года № 27178. Утратил силу приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 22 февраля 2024 года № 72.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра промышленности и строительства РК от 22.02.2024 № 72 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 февраля 2018 года № 142 "Об утверждении перечня приоритетных видов деятельности в разрезе специальных экономических зон, соответствующих целям создания специальной экономической зоны, а также Правил включения приоритетных видов деятельности в перечень приоритетных видов деятельности в разрезе специальных экономических зон, соответствующих целям создания специальной экономической зоны" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16588) следующие изменение и дополнение:

      в Правилах включения приоритетных видов деятельности в перечень приоритетных видов деятельности в разрезе специальных экономических зон, соответствующих целям создания специальной экономической зоны, утвержденных указанным приказом:

      дополнить пунктом 3-1 следующего содержания:

      "3-1. Специальная комиссия принимает решение не позднее 5 (пяти) рабочих дней со дня вынесения вопроса на рассмотрение специальной комиссии.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. На основе положительного решения специальной комиссии:

      1) уполномоченный орган принимает решение о включении данного вида деятельности в перечень приоритетных видов деятельности не позднее 2 (двух) месяцев со дня положительного решения Республиканской бюджетной комиссии;

      2) управляющая компания специальной экономической зоны заключает с заявителем договор об осуществлении деятельности не ранее даты вступления в силу решения указанного в подпункте 1) настоящего пункта.".

      2. Комитету индустриального развития Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр индустрии и инфраструктурного
развития Республики Казахстан
К. Ускенбаев

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство национальной
экономики Республики Казахстан