"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26493 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген аттестаттауға жататын қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттарында:
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің кәсіби жарамдылығын айқындау бойынша нормативтер осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадр жұмысы департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында ресми жарияланған бірінші күннен кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы |
Ж. Элиманов |
Тестілеу бағдарламасы
Тестілеу бағдарламасы | Лауазым санаттарының атауы | Лауазым санаттары | |||
Нормативтік құқықтық актілердің атауы | Сұрақтар саны | Шекті мәні | |||
Заңнаманы білуге арналған тест: 140 сұрақ (140 минут): | 140 | Қаржылық мониторинг агенттігінің орталық аппаратының (бұдан әрі - ОА) аппарат басшысы | B-FM-1, | ||
| 1) Қазақстан Республикасының Конституциясы | 15 |
әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша | ОА Департамент басшысы, кеңесші | B-FM-2, |
ОА Департамент басшысының орынбасары | B-FM-3, | ||||
ОА Басқарма басшысы, көмекші | B- FM -4, | ||||
ОА Басқарма басшысының орынбасары | B- FM -5, | ||||
2) Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы; | 15 | Аумақтық органның (бұдан әрі - АО) басшысы | B- FMО-1, | ||
АО басшысының орынбасары | B- FMО-2, | ||||
АО Басқарма басшысы | B- FMО-3, | ||||
3) Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңы; | 10 |
| B- FMО-4. | ||
4) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; | 10 | ||||
5) Қазақстан Республикасының "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңы; | 10 | ||||
6) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік құпиялар туралы" Заңы; | 5 | ||||
7) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі; | 20 | ||||
8) Қазақстан Республикасының Қылмыстық -процестік кодексі; | 20 | ||||
9) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" кодексі; | 10 | ||||
10) Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексі; | 10 | ||||
11) Қазақстан Республикасының "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Заңы; | 10 | ||||
12) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсанда №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) | 5 | ||||
| Заңнаманы білуге арналған тест: 110 сұрақ (110 минут): | 110 |
әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша |
ОА аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі, | B-FM-6, |
АО аса маңызды істер жөнiндегi тергеушісі, | B-FMО-5, | ||||
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы; | 10 |
ОА тергеушісі, ОА жедел уәкілі (анықтаушы), | B-FM-7. | ||
| B-FMО-6. | ||||
2) Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы; | 10 | ||||
3) Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңы; | 10 | ||||
4) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; | 10 | ||||
5) Қазақстан Республикасының "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңы; | 10 | ||||
6) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік құпиялар туралы" Заңы; | 5 | ||||
7) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі; | 10 | ||||
8) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі; | 10 | ||||
9) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында кедендік реттеу туралы" кодексі; | 10 | ||||
10) Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексі; | 10 | ||||
11) Қазақстан Республикасының "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Заңы; | 10 | ||||
12) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) | 5 |
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы 2022 жылғы 18 наурыздағы № 22 Бұйрыққа 2 қосымшасы |
|
Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы "6" қаңтардағы №3 бұйрыққа 2 қосымша |
Қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің кәсіби жарамдылығын айқындау бойынша нормативтер
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіби жарамдылық келесіні қамтиды: дене шынықтыру және атыс дайындығы, ЭССЕ жазу және IQ анықтау тестілері.
2. Қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерді орындау осы нормативтерге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес белгіленеді.
3. Қызметкердің кәсіби жарамдылығын айқындау кезінде әрбір норматив бойынша жиынтық балдар ескеріледі.
2-тарау. IQ анықтауға тестілеу жүргізу және эссе жазу шарттары мен тәртібі
4. IQ анықтау тестілеуі қысқа индикативті, іріктеу тестінің әдістемесіне негізделген және қызметкердің зияткерлік қабілеттерінің жалпы деңгейін диагностикалауға арналған.
IQ анықтамасы келесі интеллект параметрлерінің психодиагностикасын қарастырады:
1) жалпылау және талдау қабілеті;
2) ойлаудың икемділігі;
3) материалды қабылдау жылдамдығы мен дәлдігі;
4) сауаттылық.
IQ анықтау үшін тестілеу уақыты 20 минутты құрайды.
Қызметкердің тестілеуден өтуі аттестаттау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен компьютерде жүргізіледі.
5. ЭССЕ – бұл композициялық тұтастық пен логикалық дәйектілікке ие шығармашылық туынды.
ЭССЕ жазу кезінде қызметкер аталған тақырып бойынша мысалдармен толықтырылған жеке пікірін білдіреді.
Эссенің мақсаты – қызметкердің таңдалған тақырыпты шығармашылықпен түсіну, қойылған мәселе бойынша өз пікірін және ойын білдіру, өз ұстанымын дәлелдеу қабілетін дамыту.
ЭССЕ жазудың негізгі міндеттері:
1) өз пікірін дәйекті және қисынды түрде жеткізе білу;
2) тиісті тақырыпты дәлелдей білу;
3) сыни ойлау дағдыларын көрсету;
4) мәтіннің сауатты орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық жазылуын көрсету;
5) сөздік қорының алуан түрлілігін көрсету.
ЭССЕ жазу уақыты – 30 минут.
Эссені қызметкер аттестаттау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен компьютерде жазады.
Қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің кәсіби жарамдылығын айқындау бойынша нормативтерге 1-қосымша |
Қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің дене шынықтыру және атыс даярлығын айқындау жөніндегі нормативтер
Ерлер үшін
Жаттығудың атауы | Баға | Жас топтары | |||||
21-27 | 28-34 | 35-39 | 40-44 | 45-49 | 50 және одан жоғары | ||
100 м (с) жүгіру | өте жақсы | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
жақсы | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | |
қанағаттанарлық | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 21 | |
Жатқан қалпында қолды созу және бүгу (рет саны) | өте жақсы | 35 | 33 | 30 | 27 | 25 | 20 |
жақсы | 33 | 30 | 27 | 25 | 22 | 18 | |
қанағаттанарлық | 30 | 27 | 25 | 22 | 20 | 15 | |
Тартылу (рет саны) | өте жақсы | 15 | 13 | 11 | 9 | 7 | 5 |
жақсы | 13 | 11 | 9 | 7 | 5 | 4 | |
қанағаттанарлық | 11 | 9 | 7 | 5 | 4 | 3 |
Әйелдер үшін
Жаттығудың атауы | Баға | Жас топтары | ||||
21-26 | 27-30 | 31-35 | 36-45 | 45 және одан жоғары | ||
60 м (с) жүгіру | өте жақсы | 12 | 14 | 16 | 18 | 22 |
жақсы | 13 | 15 | 17 | 19 | 24 | |
қанағаттанарлық | 14 | 16 | 18 | 20 | 26 | |
Арқасында жатқан қалыптан денені көтеру (рет саны) | өте жақсы | 30 | 28 | 25 | 22 | 20 |
жақсы | 28 | 25 | 22 | 20 | 18 | |
қанағаттанарлық | 25 | 22 | 20 | 18 | 16 | |
Жатқан қалпында қолды созу және бүгу (рет саны) | өте жақсы | 20 | 18 | 15 | 13 | 10 |
жақсы | 18 | 15 | 13 | 10 | 8 | |
қанағаттанарлық | 15 | 13 | 10 | 8 | 6 |
Ескертпе:
1. Дене шынықтыру дайындығы бойынша жаттығуларды орындау шарттары келесі тәртіпте:
1) 100 метрге жүгіру стадионның жүгіру жолында немесе кез келген тегіс жерде жүргізіледі;
2) Денесін түзу ұстаған бойда қолды бүгу және жазу жатып тірелу қалпында орындалады, ерлер үшін – қолды кеудемен жерге тигенге дейін бүгу қажет.
2. Әйелдерге бұл жаттығуды тізеден орындауға рұқсат етіледі.
3. Биік белтемірге тартылу бастапқы қалпынан жоғарыдан ұстап ілінген бойда, аяғын еденге (жерге) тигізбей орындалады. Иек тұсы белтемірден өткен кезде жаттығу орындалған болып есептеледі. Ерлер үшін ілінген қалыпта 5 секундтан артық демалуға (тоқтауға) және тартылуды шайқалудан бастауға рұқсат етілмейді.
4. Әйелдер үшін денені көтеру арқада жатқан қалпынан орындалады, аяқ тізеге қарай 90 градус бұрышта бүгілген, қол иықта, аяқтық бас жағы серіктеспен ұсталады.
Егер жаттығу дұрыс орындалмаса, үш реттен артық емес жағдайда "есептелмейді" командасы беріледі, содан кейін тестіленуші жаттығуды орындаудан босатылады.
5. Ату (ерлер) келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
1) мақсаты: 75х75 қалқанға, атушының көз деңгейінде орнатылған шеңберлері бар нысана (50х50) ;
2) мақсатқа дейінгі қашықтық: 15 метр;
3) оқ-дәрілердің саны: 6 (3 сынамалы, 3 есепке алынатын);
4) атуға арналған қалып: тұрған бойда қолмен (екі қолды қолдануға болады);
5) ату уақыты: шектелмеген.
6. Бағалау көрсеткіштері: нысанаға 3 (үш) рет тигізу – "өте жақсы", 2 (екі) рет тигізу – "жақсы", 1 (бір) тигізу – "қанағаттанарлық".
7. Баға атудың (сынамалы, есепке алынатын) үздік нәтижелері бойынша қойылады.
Қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің кәсіби жарамдылығын айқындау бойынша нормативтерге 2-қосымша |
Эссені бағалау парағы _____________________ (қызметкердің лауазымы) _____________________ (Аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі)
Эссе тақырыбы:______________________________________________________
Емтихан қабылдаушының аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі | Сауат-тылық және білім терең-дігі. Бейін-дік білім деңгейі | Талдау, дәлелдеу және дәлелдеу негізі. Мәселені шешу бойынша идеяларды синтездеу. | Кейс бойынша дәлелді шешім шығару | Ойлау қабілетінің ерекшелігі. Мәселені шешудің балама және түпнұсқа жолдары. | Жалпы балл | Қолы |
____________________ | ||||||
____________________ | ||||||
____________________ | ||||||
Қорытынды баға: | 20-дан __ |
Қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің кәсіби жарамдылығын айқындау бойынша нормативтерге 3-қосымша |
IQ тестілеуден өту мәндерінің нәтижелері
Түрі | Дұрыс жауаптар проценті | Балдары |
IQ- тест |
60%-тен бастап | 15 |
50%-тен бастап | 13 | |
38%-тен бастап | 11 | |
28%-тен бастап | 7 | |
12%-тен бастап | 3 |
ЭССЕ жазуды бағалау критерийлері.
Бағалау критерийлері | Балл | Балдың мәні |
| 1 балл | Тапсырманың негізгі компоненттерін дұрыс немесе мүлде түсінбеу. Көптеген грамматикалық қателер орын алған. |
2 балл | Мәселені нашар, үстірт түсіну. Іс толық ашылмаған. Көптеген грамматикалық қателер орын алған. | |
3 балл | Кейс проблематикасының ерекшеліктері мен бағытын орташа түсіну. Кәсіби саладағы білімді аракідік қолдану. Мәтінде эпизодтық грамматикалық қателер бар. | |
4 балл | Кейс проблематикасының ерекшеліктері мен бағытын жақсы түсіну. Кәсіби саладағы білімді орынды пайдалану. Шамалы грамматикалық қателер мен түзетулер бар. | |
5 балл | Ұсынылған ақпаратты түсінудің жоғары деңгейі. Шешім қабылдау зерттелген ақпаратты байыпты талдауға негізделген. Кәсіби саладағы білімді мұқият пайдалану. Білімі мен дағдылары білімнің басқа салаларынан біріктіріледі. Грамматикалық қателер жоқ немесе олар маңызды емес. | |
Талдау, аргумент келтіру және дәлелдеу негізі. Мәселені шешу бойынша идеяларды синтездеу. | 1 балл | Дәлел жоқ, эссе мазмұны ұсынылған тақырыпқа сәйкес келмейді. Стильдің аса әлсіздігі сөйлемдердің нашар тұжырымдалуы және/немесе логикалық құрылымның болмауы идеяның түсініксіздігіне алып келген. |
2 балл | Аргументтер үстірт немесе маңыздылығы жоқ. Ұсынылған тақырып\мәселеге фокус реттелмеген. Ситуацияны шашыраңқы және тұтас емес түрде көреді. Мәтін түсініксіз, идея әлсін-әлсін байқалады, бірақ стильдің әлсіздігі, сөйлемдердің әлсіз не түсініксіз құрылуына байланысты оған еру немесе түсіну қиын. | |
3 балл | Кейбір дәлелдерді ұсынады. Ұсынылған тақырыптан ауытқыған. Ситуацияны шашыраңқы көреді, алайда айқын тенденциялар мен проблемаларды анықтай алады. | |
4 балл | Аргументті дәлелдер базасы бар, алайда азды-көпті ескертулер кездеседі. Ұсынылған тақырып/ мәселеге фокусты сақтай біледі. Жағдайды толық көру және себеп-салдарлық байланыстарды орнату, шашыраңқы ақпаратты салыстыру және себеп-салдарлық байланыстарды орнату, проблеманың айқын емес өзара байланысын анықтау қабілетін байқатады. | |
5 балл | Аргументті дәлелдер базасы бар. Сыни талдау мен дәлелдемелер базасы келтірілген. Ұсынылған тақырыбына/ мәселеге деген нақты фокус сақталған. Ситуацияны толық көру, шашыраңқы ақпаратты жүйелі түрде салыстыру және себеп-салдарлық байланыстарды орнату, проблеманың айқын емес қатынастарын анықтау қабілетін байқатады. | |
| 1 балл | Стильдің өте әлсіздігі, сөйлемдердің нашар тұжырымдалуы және/немесе логикалық құрылымның болмауы салдарынан идея түсініксіз. |
2 балл | Мәтін түсініксіз, идея байқалады, бірақ әлсіз стильге, әлсіз немесе түсініксіз сөйлемге, құрылымға байланысты оны ұстану немесе түсіну қиын. | |
3 балл | Мәтін көп жағдайда түсінікті, бірақ стильдің әлсіздігі, тұжырымдаудың, сөйлемдер мен құрылымдардың әлсіздігі немесе күрделілігі салдарынан идеяны ұстану немесе түсіну қиын. | |
4 балл | Идеялардың тұтастығы сақталған. Мәтін қарапайым және айқын. Ақпарат оңай қабылданады және нәтижелердің өзіндік ерекшелігін бағалауға мүмкіндік береді. | |
5 балл | Идеялардың ерекше тұтастығы. Мәтін өте қарапайым және айқын. Идеялар өте айқын тұжырымдалған, ақпарат оңай қабылданады және нәтижелердің өзіндік ерекшелігін бағалауға мүмкіндік береді. |