БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 қазанда № 17630 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағына, "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
осы бұйрыққа 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық қауіпсіздік комитеті | |
Төрағасының | |
2018 жылғы 23 қазандағы | |
№ 86/қе бұйрығына | |
1-қосымша |
аталған бұйрықпен бекітілген ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларында:
"
Р/с № | Көрсетілетін қызметтің атауы | Өлшем бірлігі | ҚҚС ескерілмеген бағасы, теңге | ҚҚС ескерілген бағасы, теңге |
"
деген жол
мынадай редакцияда жазылсын:
"
Р/с № | Көрсетілетін қызметтің атауы | Өлшем бірлігі | Қосылған құн салығы ескерілмеген бағасы, теңге | Қосылған құн салығы ескерілген бағасы, теңге |
";
осы бұйрықпен бекітілген ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 қазанда № 17630 болып тіркелді) 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-қызметі (Б.Д. Дәрменов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Е. Сагимбаев |
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары
Р/с № | Көрсетілетін қызметтің атауы | Өлшем бірлігі |
Қосылған құн салығы |
Қосылған құн салығы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесін техникалық қолдап отыру, сондай-ақ халықаралық түйісу нүктелерінің есебін жүргізу | 1 қызмет* | 1 418 895 047 | 1 589 162 452 |
2. | Ақпараттық қауіпсіздіктің куәландырушы орталығын ұйымдастыру және техникалық қолдап отыру | 1 қызмет* | 77 444 663 | 86 738 023 |
3. | Қазақстан Республикасының аумағында қалааралық және халықаралық байланыс операторларының интернет-трафикпен алмасу нүктелерін ұйымдастыру және техникалық қолдап отыру, сондай-ақ қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосу | 1 қызмет* | 507 693 103 | 568 616 275 |
Ескертпе:
* Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қызметтер көрсетіледі
"