"Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 31 наурыздағы № 15/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 сәуірде № 27385 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 қазанда № 17630 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағына, "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық қауіпсіздік комитеті
  Төрағасының
  2018 жылғы 23 қазандағы
  № 86/қе бұйрығына
  1-қосымша

      аталған бұйрықпен бекітілген ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларында:

      "

Р/с №

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

ҚҚС ескерілмеген бағасы, теңге

ҚҚС ескерілген бағасы, теңге

      "

      деген жол

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Р/с №

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

Қосылған құн салығы ескерілмеген бағасы, теңге

Қосылған құн салығы ескерілген бағасы, теңге

      ";

      осы бұйрықпен бекітілген ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 қазанда № 17630 болып тіркелді) 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-қызметі (Б.Д. Дәрменов):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
Е. Сагимбаев

  Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің
төрағасы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2022 жылғы 31 наурыздағы
№ 15/қе бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2018 жылғы 23 қазандағы
№ 86/қе бұйрығына
2-қосымша

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары

Р/с №

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

Қосылған құн салығы
ескерілмеген бағасы, теңге

Қосылған құн салығы
ескерілген бағасы, теңге

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесін техникалық қолдап отыру, сондай-ақ халықаралық түйісу нүктелерінің есебін жүргізу

1 қызмет*

1 418 895 047

1 589 162 452

2.

Ақпараттық қауіпсіздіктің куәландырушы орталығын ұйымдастыру және техникалық қолдап отыру

1 қызмет*

77 444 663

86 738 023

3.

Қазақстан Республикасының аумағында қалааралық және халықаралық байланыс операторларының интернет-трафикпен алмасу нүктелерін ұйымдастыру және техникалық қолдап отыру, сондай-ақ қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосу

1 қызмет*

507 693 103

568 616 275

      Ескертпе:

      * Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қызметтер көрсетіледі

      "

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады