"Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-2 бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру бойынша террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Ғиният |
"КЕЛІСІЛГЕН" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛГЕН" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
Қазақстан Республикасы | |
Денсаулық сақтау министрінің | |
2022 жылғы 3 мамырдағы | |
№ ҚР ДСМ - 40 | |
бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-2-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы Нұсқаулық "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды нақтылайды және денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету орындалуы міндетті іс-шараларды белгілейді.
3. Осы Нұсқаулық "Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілерге қолданылады:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және оның ведомстволары;
2) мемлекеттік материалдық резервтері бар объектілер (республикалық арнайы медициналық қамтамасыз ету орталығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау жөніндегі базалардың қоймалары);
3) ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық (бактериологиялық, улы) заттарды әзірлеуге, өндіруге, сынауға, зерттеуге және сақтауға тартылған объектілер, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық денсаулық сақтау ұйымдары, астанада, республикалық маңызы бар қалаларда құрылымдық бөлімшелерімен бірге құрылатын ұлттық сараптама орталығы, республикалық маңызы бар қалаларда құрылатын ғылыми ұйымдар, жұқпалы аурулардың табиғи ошақтарында құрылатын обаға қарсы күрес мекемелері;
4) меншік нысанына қарамастан медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары, білім беру ұйымдары;
5) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым – денсаулық сақтау саласындағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті, сондай-ақ медициналық, фармацевтикалық және (немесе) білім беру қызметін жүзеге асыратын ұлттық орталық, ғылыми орталық немесе ғылыми-зерттеу институты;
6) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – денсаулық сақтау объектілері).
Осы Нұсқаулық терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға қойылатын талаптар осы объектілер қарамағына жататын мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормативтік құқықтық актілермен нақтыланатын денсаулық сақтау объектілеріне қолданылмайды.
4. Осы Нұсқаулық денсаулық сақтау объектілері басшыларының, меншік иелерінің, иеленушілерінің және денсаулық сақтау объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін қызметкерлердің, денсаулық сақтау объектілері бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілері басшыларының және жұмыскерлерінің, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің, терроризмге қарсы комиссиялар мүшелерінің денсаулық сақтау объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылауды, бағалауды, сондай-ақ зерделеуді жүзеге асыру кезінде пайдалануына арналған.
5. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бейнебақылау жүйесі – бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтау құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;
2) дабыл беру құралы (Дабыл түймесі) – денсаулық сақтау объектілерінде заңсыз іс-әрекеттер кезінде қауіп туралы алдын ала хабарлауға және ескертулерге (дыбыстық және визуалды) бағытталған техникалық құрылғы (стационарлық және қолмен);
3) денсаулық сақтау – аурулардың алдын алуға және оларды емдеуге, қоғамдық гигиена мен санитарияны сақтауға, әрбір адамның дене және психикалық денсаулығын сақтауға және нығайтуға, оның ұзақ жыл белсенді өмір сүруін қолдауға, денсаулығынан айырылған жағдайда оған медициналық көмек көрсетуге бағытталған саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, мәдени, медициналық сипаттағы шаралар жүйесі;
4) денсаулық сақтау субъектілері – денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;
5) денсаулық сақтау инфрақұрылымының объектілері – денсаулық сақтау саласындағы медициналық, фармацевтикалық және білім беру қызметін жүзеге асыру шеңберінде пайдаланылатын үйлер мен ғимараттар, мүліктік кешендер;
6) жарықтандыру жүйесі – бейнебақылау жүйесі үшін жарықтандыру деңгейін, тәуліктің қараңғы уақытында объектідегі адамдар мен көлік құралдарының көрінуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін техникалық құралдар жиынтығы;
7) жеке күзет ұйымы – өзінің кәсіпкерлік қызметі ретінде күзет қызметтерін көрсететін коммерциялық ұйым;
8) күзет қызметінің субъектісі – Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері және жеке күзет ұйымдары;
9) құлақтандыру жүйесі – денсаулық сақтау ұйымындағы адамдарға төтенше оқиғалар (апат, өрт, дүлей зілзала, терроризм актісі) және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар кезіндегі дабыл туралы ақпаратты (көзбен шолып және (немесе) дыбыстық хабардар ету) уақтылы беруге арналған техникалық құралдар жиынтығы;
10) металл анықтағыш - бейтарап немесе әлсіз өткізгіш ортада металл заттарды олардың өткізгіштігі есебінен анықтауға мүмкіндік беретін электрондық аспап;
11) объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдар – объектілерде қауіпсіздік және өткізу режимін сақтау функцияларына жауап беретін денсаулық сақтау объектілерінің қызметкерлері немесе денсаулық сақтау объектілерінің меншік иелерімен, иеленушілерімен, басшыларымен объектілер бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілерінің қызметкерлері (жұмыскерлері);
12) объектінің терроризмге қарсы қорғалуын бағалау – өткізу режимін, денсаулық сақтау объектілерінің, сондай-ақ оларда күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілердің терроризм актісін жасауға кедергі келтіруге, салдарларын барынша азайтуды және жоюды қамтамасыз етуге дайындығын бағалауға бағытталған іс-шара;
13) объектінің ықтимал қауіпті учаскелері – аумақтық бөлінген аймақтар (учаскелер), жарылыс, өрт қауіпі бар, қауіпті химиялық заттар, иондаушы және радиоактивті сәулелену көздері, уытты заттар мен препараттар, технологиялық тізбектердің, жүйелердің, жабдықтардың немесе құрылғылардың элементтері пайдаланылатын, сақталатын немесе пайдаланылатын объектінің конструктивтік және технологиялық элементтері, терроризм актісін жасау адамның өмірі мен денсаулығына залал келтіруге, апаттың туындауына, қауіпті әлеуметтік-экономикалық салдарлармен төтенше жағдай қатерінің туындауына, терроризм актісін жасау үшін одан әрі пайдалану мақсатында қауіпті заттар мен материалдарды ұрлауға ықпал етуі мүмкін объектінің қауіпті аймақтары;
14) оқу іс-шаралары – алғашқы ден қою дағдыларын дарыту мақсатында нұсқаулықтар мен сабақтар түрінде іске асырылатын персонал мен күзетті оқытудың алдын алу тәсілдері;
15) объектінің периметрі – құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес объектінің шекарасы;
16) терроризм актісі қатері кезінде эвакуациялау (бұдан әрі – эвакуациялау) – денсаулық сақтау объектісінің персоналын, келушілері мен пациенттерін объектіден немесе оның бір бөлігінен қауіпсіз орындарға (үй-жайларға, жергілікті жер учаскелеріне) ұйымдасқан түрде ауыстыру;
17) терроризмге қарсы қорғалу паспорты (бұдан әрі – паспорт) – объект туралы оның терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін көрсететін жалпы және инженерлік-техникалық мәліметтерді қамтитын және террористік тұрғыдан осал объектіде терроризм актілерінің салдарларының алдын алу, жолын кесу, барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға арналған ақпараттық-анықтамалық құжат;
18) өткізу режимі – адамдардың рұқсатсыз кіру (шығу), көлік құралдарының кіру (шығу), мүлікті әкелу (әкету) мүмкіндігін болдырмайтын, белгіленген тәртіпті регламенттейтін іс-шаралар мен қағидалар жиынтығы.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.10.2024 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Денсаулық сақтау объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастырудың мақсаты терроризм актісін жасауға кедергі келтіретін (объект аумағында терроризм актісін жасау қатерін азайту) жағдайлар жасау арқылы терроризмге қарсы іс-қимыл және денсаулық сақтау объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі персонал, пациенттер мен келушілер арасындағы ысырапты болғызбауға, ықтимал материалдық нұқсанды барынша азайтуға, сондай-ақ объектілерде болуы мүмкін террористік қауіптің салдарын жоюға бағытталған іс-шаралар кешенін әзірлеу және енгізу болып табылады.
7. Объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жалпы қағидаттары:
1) өткізілетін іс-шаралардың алдын ала жүргізілуі (алдын ала ескертілуі) - объектілерде террористік сипаттағы қауіп-қатердің алдын алу және әрекет ету жөніндегі іс-қимылдарға денсаулық сақтау объектісінің жұмыскерлері мен күзет қызметкерлерін дайындау, объектілердің пациенттері мен келушілеріне көмек көрсету, сондай-ақ террористік сипаттағы қауіп-қатерден туындаған жағдай аяқталғаннан кейін объектінің жұмысын қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылдарды жоспарлау;
2) сараланған тәсіл – денсаулық сақтау объектілерінің жұмыс істеу ерекшеліктерін (медициналық қызметтер (көмек) көрсету, басқару функцияларын орындау, білім беру және ғылыми қызметті жүргізу, зерттеулерді жүзеге асыру) есепке алуға, оларда тиісті материалдар мен заттарды (ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды, иондаушы және радиологиялық сәулелену көздерін) сақтау мен пайдалануды, объектілерді орналастыруды есепке алуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;
3) барабарлық – денсаулық сақтау объектісінде әзірленетін және қолданылатын терроризмге қарсы іс-шаралардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдар қызметінің жағдайларына (бағытына) ықтимал террористік қатерлердің сипаты мен ерекшелігіне салыстырмалылығы;
4) кешенділік – жоғарыда аталған қағидаттарға негізделген, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелерін, оның ішінде терроризмге қарсы комиссияларды, терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтарды, денсаулық сақтау объектілері күзет қызметінің қызметкерлерін қоса алғанда, барлық мүдделі тараптарды тарта отырып, объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасауға және іс-шараларды іске асыруға бағытталған шаралар жиынтығы.
8. Объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы мыналарға бағытталған жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етіледі:
1) объектілерге заңсыз кіруге кедергі жасау, оған мынадай шаралар қолдану арқылы қол жеткізіледі:
объектілерде өткізу режимін орнату және оны мүлтіксіз сақтау;
объектіге заңсыз енуді анықтауға мүмкіндік беретін құралдармен объектіні инженерлік-техникалық тұрғыдан нығайту;
2) терроризм актілерін дайындау және (немесе) жасау белгілерін анықтау бойынша мынандай шаралар қабылдау арқылы қол жеткізіледі:
объектілердегі және жақын маңдағы аумақтардағы жағдайға күдікті адамдар мен заттарды анықтау тұрғысынан бақылау;
иондаушы сәулелену көздерін, жарылғыш, улағыш заттарды, улы химикаттарды, патогенді биологиялық агенттерді, қауіпті заттар мен нәрселерді сақтау және пайдалану орындарын күзету және осындай орындарға апаратын бағыттарды бақылауды ұйымдастыру;
объектілер ұжымдарының моральдық-психологиялық ахуалын тұрақты талдау және бағалау;
объектілерді инженерлік-техникалық жарақтандыру жоспарында материалдық-техникалық базаны жақсарту;
3) объектілерде терроризм актілерін жасау әрекеттерінің жолын кесу, оларға мыналар бойынша шаралар қолдану арқылы қол жеткізіледі:
объект үшін ықтимал террористік сипаттағы қауіп-қатерлерді модельдеу және оларға әрекет етудің тиісті алгоритмдерін әзірлеу;
объектінің ықтимал қауіпті учаскелерін (қауіпті аймақтарды, объектіде адамдар көп болуы мүмкін орындарды) айқындау;
объектінің дайындалған қызметкерлерінің күшімен объектілерді күзетуді жүзеге асыру немесе күзет қызметі субъектілерімен шарт жасасу;
келушілер мен көлік құралдарының объектілерге кіруінің белгіленген тәртібін тұрақты бақылауды ұйымдастыру;
ұжымда лаңкестікке қарсы түсінікті қалыптастыру;
объектілердің терроризмге қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық іс - шараларды бақылау;
4) мынадай шаралар қолдану арқылы қол жеткізілетін объектілерде болуы мүмкін террористік қауіп-қатерлердің салдарларын барынша азайту және жою:
денсаулық сақтау объектілерінің ерекшеліктеріне барабар террористік сипаттағы ықтимал қатерлерге әрекет ету алгоритмдерін әзірлеу және алгоритмдерді іске асыру үшін қажетті күштер мен құралдармен қамтамасыз ету;
терроризм актісін жасау кезіндегі және одан кейінгі іс-әрекеттеріне қатысты күзет қызметкерлерін, жұмыскерлерді тиісті даярлау;
объектіде терроризм актісі жасалған жағдайда ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін уақтылы хабардар етуді ұйымдастыру;
объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспортын уақтылы жасау және өзекті жай-күйде ұстау, оны тиісінше сақтау.
9. Денсаулық сақтау объектілерінің лаңкестікке қарсы қорғалуын олардың бірінші басшылары ұйымдастырады.
10. Басшының бұйрығымен объектінің лаңкестікке қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ететін тұлға және оны алмастыратын адам не құрылымдық бөлімше айқындалады. Объектінің лаңкестікке қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етуге жауапты қызметкерді таңдау және тағайындау соңғысының терроризмге қарсы қызметтің ерекшелігіне сәйкес келетін құзыреті мен лауазымдық міндеттері ескеріле отырып жүргізіледі. Нысанның басшысы тиісті акт шығарады, ал қызметтік міндеттер тізіміне жаңа функция қосылады.
11. Объектілердің меншік иелері, иеленушілері, басшылары немесе лауазымды адамдары жалға алынған ғимаратта (үй-жайда) орналасқан кезде жалдау шартында объектіні күзетуді жүзеге асыратын объектінің лаңкестікке қарсы қорғалуының паспортын әзірлейтін тараптарды айқындауды, объектіні қазіргі заманғы инженерлік-техникалық құралдармен жарақтандыруды, олардың үздіксіз жұмыс істеуін бақылауды, өткізу режимін ұйымдастыруды және осы іс-шараларды қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
12. Денсаулық сақтау объектілері үшін лаңкестікке қарсы қорғау саласындағы құжаттардың тізбесі осы Нұсқаулыққа 1-қосымшада келтірілген.
2-тарау. Өткізу режимін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
13. Денсаулық сақтау объектілеріндегі өткізу режимі денсаулық сақтау ұйымының жауапты адамдары әзірлейтін және оның басшысы бекітетін өткізу және объектішілік режимдерді ұйымдастыру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
14. Өткізу режимі төмендегі жағдайларды болдырмауға арналған:
1) құқыққа қарсы ниеті бар бөгде адамдардың объектіге немесе оның бөліктеріне (аймақтары) кіруді;
2) денсаулық сақтау объектісінің аумағына тез тұтанатын, уландыратын заттарды, атыс қаруын және пайдаланылуы объект пен адамдар үшін қауіп төндіруі мүмкін өзге де заттарды кіргізу (шығару) және әкелу (әкету). Денсаулық сақтау объектілеріне алып өтуге тыйым салынған заттар мен заттардың тізбесі осы Нұсқаулыққа 2-қосымшада айқындалған.
15. Өткізу режимі мыналарды көздейді:
1) денсаулық сақтау объектілеріне кіреберістерде (шығуларда) бақылау функциясы бар күзет пунктін/бекетін/өткізу пунктін ұйымдастыру;
2) жұмыскерлер мен келушілерді объектіге және (немесе) оның бөліктеріне (аймақтарына) өткізу тәртібі;
3) объектіні аймақтарға бөлу (кемінде екі негізгі аймақты белгілеу ұсынылады: бірінші аймақ - қызметкерлерге, келушілерге кіруге шектеу қойылмаған ғимараттар, аумақтар, үй-жайлар; екінші аймақ - белгіленген өткізу тәртібіне сәйкес қызметкерлерге, объектіге келушілерге кіруге рұқсат етілген ғимараттар және (немесе) үй-жайлар);
4) денсаулық сақтау объектісінің бірінші басшысының актісімен объектіге кедергісіз кіруге құқығы бар адамдардың тізбесін айқындау;
5) денсаулық сақтау объектісінің бірінші басшысының актісімен қолжетімділігі шектеулі аймақтарға жіберілетін адамдардың тізбесін айқындау;
6) белгіленген тәртіпке сәйкес объектіге және оның аймағына жұмыскерлер мен келушілердің кіру рұқсатын басқаруды бақылауды қамтамасыз етуге қабілетті өткізу жүйесін енгізу/ұйымдастыру;
7) объектіден алып өтуге (тасуға), әкелуге (әкетуге) тыйым салынған нәрселер мен заттардың тізбесін айқындау;
8) объектінің қауіпті аймақтарын күзету;
9) объектіде болуы ықтимал жаппай орындарды бақылау болып табылады.
16. Күзет қызметі субъектісімен күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасалған жағдайда денсаулық сақтау объектісінің меншік иесі, иеленушісі, басшысы күзет қызметтері шартында терроризмге қарсы қорғауды және қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету бойынша күзет қызметі субъектісі іске асыратын іс-шараларды көрсету қажет, оларға мыналар жатады:
1) қызметкерлерге, келушілерге денсаулық сақтау объектісіне немесе оның бір бөлігіне (аймағына) кіруге рұқсат беруді ұйымдастыру;
2) денсаулық сақтау объектісіне көлік құралдарын өткізуді ұйымдастыру;
3) денсаулық сақтау объектісінің аумағында құқыққа қарсы ниеті бар адамдарды, сондай-ақ оны іске асыру үшін пайдалануға болатын нәрселер мен заттарды анықтау;
4) объектіні күзету, қауіпті аймақтарды қорғау, оның ішінде оларда бөгде адамдардың бақылаусыз болуын болдырмау;
5) объектіде адамдардың ықтимал жаппай болу орындарын бақылау;
6) жасалған терроризм актісі нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді барынша азайтуға және жоюға бағытталған бастапқы әрекет ету іс-шараларын орындау бойынша күзет қызметкерлерімен оқу іс-шараларын ұйымдастыру;
7) денсаулық сақтау объектісінде орнатылған техникалық қорғау құралдарын тиісінше пайдалану.
17. Күзет қызметі субъектісімен күзет қызметтерін көрсету туралы шарт болмаған жағдайда, өткізу режимін ұйымдастыру тәртібін объектінің басшысы объектінің қызметі мен бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшені айқындау, сондай-ақ өткізу режимін тікелей орындауға жауапты адамдарды тағайындау керек.
18. Денсаулық сақтау объектілеріне жарылғыш, тез тұтанатын, уландырғыш заттардың, атыс қаруы мен пайдалану қауіп төндіре алатын өзге де заттарды әкетуді/әкелуді болдырмау мақсатында денсаулық сақтау объектілерінің қызметкерлері, білім алушылары, пациенттері мен келушілері заттарды тасуға және (немесе) стационарлық металлодетектор арқылы өтуге арналған заттарды көзбен шолып қарауға, қол металлодетекторымен зерттеп-қарауға талап қою арқылы оларда көрсетілген заттар мен заттардың бар-жоғына бақылауға жатады.
Осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес тыйым салынған нәрселер мен заттарды визуалды қарап-тексеру және (немесе) металлодетектор реакциясының нәтижесінде анықталған кезде Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарына хабардар етіледі.
19. Әрбір денсаулық сақтау объектісінде өткізу және объектішілік режимдерді ұйымдастыру тәртібінің негізінде оған тән ерекшеліктерді ескере отырып, ұйымның басшысы немесе күзет бастығы күзет қызметкерінің лауазымдық нұсқаулығының вариативтік бөлігін әзірлейді, онда міндетті түрде мыналар көзделеді:
1) объектінің аумағына (аумағынан) автокөлік құралдарын өткізу кезінде әкелінетін (әкетілетін) жүктердің тиісті құжаттарын және сипатын тексеруді;
2) қызметтік істер бойынша объектіге баратын адамдардың құжаттарын және басқа ұйымдардан келу мақсатын тексеруді, келушілер кітабына тиісті жазбалар жасауды;
3) аумақты ішкі үй-жайларды тексеру, объектінің периметрін тексеру және қоршауларды бүліну тұрғысынан тексеру, бөгде, жарылыс қауіпті және күдікті заттарды анықтау тұрғысынан тұрақты аралау (аралау кестесіне сәйкес);
4) барлық анықталған бұзушылықтар туралы денсаулық сақтау объектісінің басшысына және күзет қызметі субъектісінің тікелей басшысына бірден хабарлау;
5) белгіленген қағидаларды бұза отырып, объектінің аумағына кіруге және (немесе) денсаулық сақтау ұйымының периметріне тікелей жақын жерде ұзақ уақыт тұрақталған белгісіз автокөлік табылған кезде жұмыскерлерге қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасауға тырысатын адамдар анықталған кезде нақты объектінің жарақтандырылуын негізге ала отырып, күзет қызметкерлерінің іс-әрекеттері.
20. Лауазымдық нұсқаулық иесіздендірілген сипатқа ие және әр денсаулық сақтау объектісінде оның ерекшеліктері ескеріле отырып, әзірленеді.
21. Азаматтардың құқықтарын шектейтін, күзет қызметкерлері талаптарының заңдылығын түсіндіретін өткізу режимінің негізгі қағидалары туралы хабарламаларды объектінің әкімшілігі объектіге кірген кезде көруге болатын жерлерге орналастыруы тиіс.
3-тарау. Профилактикалық және оқу іс-шараларын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
22. Профилактикалық іс-шаралардың мақсаты денсаулық сақтау объектісінде терроризм актісін жасауды барынша азайтуға ықпал ететін жағдайларды жасау болып табылады.
23. Оқу іс-шараларының мақсаты денсаулық сақтау объектілерінің қызметкерлерін терроризмге қарсы қауіпсіздіктің негізгі қағидаларымен таныстыру, терроризм актісінің жасалу қаупі төнген кезде және ол жасалғаннан кейін сауатты және оңтайлы мінез-құлық дағдыларын пысықтау болып табылады.
24. Профилактикалық және оқу іс-шаралары нұсқама, сабақ (практикалық және теориялық) түрінде:
1) объектінің қызметкерлерімен;
2) күзет қызметкерлерімен жүргізіледі.
25. Объект персоналы қатарындағы күзет қызметкерлерімен және жұмыскерлермен профилактикалық және оқу іс-шараларын жоспарлауды объектінің терроризмге қарсы қорғанысы жөніндегі іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ететін адам жүзеге асырады.
26. Осы іс-шараларды өткізуге объект орналасқан жердегі әкімшілік-аумақтық бірліктің терроризмге қарсы комиссиясымен келісім бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ объектінің неғұрлым дайындалған қызметкерлері тартылады.
27. Терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі профилактикалық және оқу іс-шаралары тақырыптарының нұсқалары осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада келтірілген.
28. Күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің қызметкерлері қатарынан күзет қызметкерлерімен профилактикалық және оқу іс-шараларын жоспарлауды күзет қызметі субъектісінің басшысы ұйымдастырады.
29. Күзет қызметкерлерімен терроризмге қарсы қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарын пайдалану дағдыларын алу және (немесе) жетілдіру, үй-жайларды қарап тексеру техникасы, жарылғыш құрылғылардың орнатылуы мүмкін орындарды анықтау бойынша қосымша сабақтар өткізіледі.
30. Сабақтар (практикалық және теориялық) меншік иесі, иеленуші, денсаулық сақтау объектісінің басшысы немесе күзет қызметі субъектісінің басшысы бекіткен өткізу кестелеріне сәйкес жүргізіледі.
31. Терроризмге қарсы қорғалу жөніндегі іс-шараларды өткізуге жауапты адам қызметкерлердің жекелеген топтары үшін олардың қызметін ескере отырып, іс-шаралар кестесін жасайды.
32. Теориялық сабақтар қызметкерлер, денсаулық сақтау объектілерін қорғау қызметкерлері арасында терроризм идеологиясының таралуының алдын алуға, терроризм идеологиясының әртүрлі көріністерінде, қауіпсіздік мәдениетінде қабылданбауын қалыптастыруға бағытталады.
33. Практикалық сабақтар қызметкерлердің, денсаулық сақтау объектілерін күзету қызметкерлері іс-қимылдарының барынша үйлесімділігін және анықтығын қамтамасыз етуге бағытталады.
34. Объектінің үй-жайларында және аумағында терроризм актісін жасау қаупі туындаған кездегі іс-қимылдар бойынша практикалық сабақтар объектінің барлық ұжымын қамти отырып, терроризмге қарсы комиссияның үйлестіруі кезінде жылына кемінде бір рет өткізіледі.
35. Объектінің барлық ұжымын қамти отырып, практикалық сабақтарды өткізу алдында осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге объектілердің әртүрлі адамдар тобының іс-қимыл алгоритмдерін білуін қалыптастыруға бағытталған қызметкерлердің, күзет қызметкерлерінің жекелеген топтарымен теориялық сабақтар, жоспарлы нұсқамалар өткізу жүргізіледі
36. Нұсқама жүргізу қызметкерлерді лаңкестікке қарсы қауіпсіздіктің негізгі ережелерімен таныстыруға, сауатты және ұтымды мінез-құлық дағдыларын дамытуға арналған.
37. Жоспарлы нұсқама нысана ұжымының әрбір тобы (жұмыскерлер, күзет қызметкерлері) үшін жылына кемінде екі рет өткізіледі.
38. Жоспардан тыс нұсқама:
1) "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 Жарлығына (бұдан әрі – хабардар ету қағидалары) сәйкес объект орналасқан өңірде террористік қауіптілік деңгейінің бірін енгізу бойынша: бірқалыпты ("сары")), жоғары ("қызғылт сары"), қауіпті ("қызыл") объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ететін адамды үйлестіру кезінде;
2) объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ететін адамды үйлестіру кезінде объектіде терроризм актісін жасаудың ықтимал қатері туралы ақпараттың болуы;
3) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабты үйлестіру кезінде терроризмге қарсы оқуға, жаттығуларға, денсаулық сақтау объектісін бағалауға дайындық;
4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметін үйлестіру кезінде күзет іс-шараларын өткізуге дайындық.
39. Жоспардан тыс нұсқаманың мазмұны оны жүргізу қажеттілігін тудырған себептер мен жағдайларға байланысты әрбір нақты жағдайда айқындалады.
40. Ұйымда немесе жеке жұмыс істейтін қызметкерлер тобы үшін (жұмысқа түскен адамдар үшін) нұсқама жүргізуге жол беріледі.
41. Профилактикалық және оқу іс-шараларын өткізу үшін барлық немесе қызметкерлердің белгілі бір тобын сыйғызатын үй-жай пайдаланылады, онда арнайы көрнекі ақпаратты (стендтер, плакаттар), тақырыптық слайдтарды көрсету үшін проектор, аудиотехниканы немесе бейнетехниканы пайдалану үшін орындар бөлінеді.
42. Іс – шара аяқталғаннан кейін оның нәтижелері осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша терроризмге қарсы дайындық жөніндегі оқу іс-шараларын есепке алу журналына (бұдан әрі-журнал) енгізіледі.
43. Журнал тігіледі және мөрмен, сондай-ақ бірінші басшының қолымен бекітіледі. Журналды толтыру қатаң жүйелілікті сақтай отырып жүргізіледі.
44. Журналды жүргізу және объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды өткізу үшін денсаулық сақтау объектісінің бірінші басшысы жауапты тұлғаны айқындайды.
45. Нұсқама немесе сабақ өткізу кезінде көрсетілген іс-шараны құжаттау хаттама түрінде жүзеге асырылады.
4-тарау. Террористік көріністерге әрекет ету, сондай-ақ жасалған терроризм актісінің нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыруға қойылатын талаптар
46. Өзара іс-қимыл терроризм актілерінің профилактикасы және алдын алу, объектіде терроризм актісі қаупі төнген немесе жасалған жағдайдағы іс-әрекеттерге қызметкерлерді, объектіні күзету қызметкерлерін оқыту және даярлау мақсатында ұйымдастырылады.
47. Терроризмге қарсы комиссиямен өзара іс-қимыл объект үшін террористік сипаттағы неғұрлым ықтимал қатерлерді нақтылау арқылы профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын жоспарлау кезеңінде белгіленеді.
48. Объектідегі террористік сипаттағы неғұрлым ықтимал қатерлерге, объектінің ерекшеліктеріне (объектінің түрі, іске асырылатын оқыту бағдарламалары, қызметкерлер мен күзет қызметкерлерінің саны, объектінің орналасуы) сүйене отырып, объектіде осы Нұсқаулыққа 4-қосымшада келтірілген объект адамдарының әртүрлі тобының террористік сипаттағы ықтимал қатерлерге әрекет ету алгоритмдері нақтыланады.
49. Аталған алгоритмдер уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен өткізілетін практикалық сабақтар, сондай-ақ терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтардың жоспарларына сәйкес өткізілетін терроризмге қарсы әртүрлі деңгейдегі оқу-жаттығуларды, жаттығуларды дайындау мен өткізу, объектінің терроризмге қарсы қорғалуын бағалау (эксперимент) барысында пысықталады.
50. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб объектіні терроризмге қарсы оқу-жаттығулар, жаттығулар өткізуге, терроризм актісінің жасалуына кедергі келтіруге және оның салдарларын барынша азайтуға (жоюға) денсаулық сақтау объектісіне бағалау жүргізуге жұмылдырған жағдайда, объектінің басшысы, сондай-ақ объектіге күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің басшысы объектіге жәрдем көрсетеді, көрсетілген іс-шараларды өткізуге қызметкерлердің, күзет қызметкерлерінің қажетті топтарын тартуды және олардың қатысуын қамтамасыз етеді.
51. Терроризмге қарсы оқу-жаттығуларды өткізу, объектінің терроризмге қарсы қорғалуын бағалау (эксперимент) қорытындылары бойынша тиісті жоспарларға, графиктерге және алгоритмдерге түзетулер енгізіледі.
52. Террористік көріністерге ден қою мәселелері бойынша өзара іс-қимыл міндеттерінің бірі Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарын терроризм актілерін дайындау фактілері мен белгілері туралы уақтылы хабардар ету және оларға жол бермеуге бағытталған шараларды іске асыру болып табылады.
53. Терроризм актісін (актілерін) жасау немесе жасау қауіптеріне әрекет ету дайындығын қамтамасыз ету шеңберінде объектіге күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан объектілердің басшылары, күзет қызметі субъектілерінің басшылары алғашқы әрекет ету алгоритмдерін әзірлейді:
1) терроризм актісінің (актілері) жасалу қатері немесе жасалуы туралы Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарын дереу хабардар ету бойынша;
2) терроризм актісінің (актілері) жасалу қаупі немесе жасалуы туралы уәкілетті мемлекеттік органдардан ақпарат алған кезде;
3) қызметкерлердің, күзет қызметкерлерінің қаруды, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды дайындауға арналған бөлшектерді ұрлаудың, заңсыз сатып алудың белгілі болған фактілері туралы, сондай-ақ олардың сақталатын орындары туралы аумақтық ішкі істер органдарын уақтылы хабардар ету.
54. Денсаулық сақтау объектілерінің басшылары, қызметкерлері, күзет қызметкерлері терроризм актісін жасау кезінде немесе оның жасалу қаупі туралы аумақтық ұлттық қауіпсіздік органдарын, ішкі істер органдарының бөлімшелерін және өзге де мүдделі тұлғаларды осы Нұсқаулыққа 4-қосымшада ұсынылған террористік сипаттағы болжамды қатерлерге объектілердегі әртүрлі тұлғаларының іс-қимыл алгоритмдерге сәйкес хабардар етеді.
Ақпаратты ұсынған кезде терроризм актісінің жасалғаны туралы немесе оның жасалу қаупі туралы алынған мәліметтер, объектінің атауы мен мекенжайы, оқиғаның уақыты, зардап шеккендердің бар-жоғы, олардың орналасқан жері мен жай-күйі, хабар беруші адамның тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) және оның лауазымы көрсетіледі.
Толық деректердің жоқтығы жауапты тұлғаларды тез арада баяндама жасаудан босатпайды.
55. Террористік қауіптіліктің белгіленген деңгейіне сәйкес террористік тұрғыдан осал денсаулық сақтау объектілерінің меншік иелері, иеленушілері, басшылары немесе лауазымды адамдары хабардар ету Қағидаларына сәйкес мынадай қауіпсіздік шараларын қолданады:
1) террористік қауіптіліктің "сары" деңгейінде:
денсаулық сақтау объектісінде өткізу режимін күшейту;
арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, келушілерді, персоналды және көлік құралдарын тексеріп қарау іс-шараларын жүргізу барысында режимдік шараларды күшейту;
алынған ақпаратқа қарай тиісті саладағы мамандарды тарта отырып, күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілеріне, дағдарыс жағдайларын оқшаулау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын объектілердің персоналына, қызметшілері мен жұмыскерлеріне нұсқама беру;
персоналды терроризм актісінің жасалу қаупі және қажетті іс-қимылдар туралы хабардар ету;
шұғыл немесе шұғыл нысанда медициналық көмек көрсету, сондай-ақ терроризм актісі нәтижесінде физикалық зиян келтірілген адамдарды медициналық эвакуациялауды ұйымдастыру бойынша объектінің мүмкіндіктерін бағалау;
2) террористік қауіптіліктің жоғары ("қызғылт сары") деңгейінде (террористік қауіптіліктің "сары" деңгейі белгіленген кезде қабылданатын шаралармен қатар):
объект персоналы мен бөлімшелерінің қауіпті жағдайларды оқшаулау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын дайындығын тексеру және олардың терроризм актісінің жолын кесу және адамдарды құтқару жөніндегі ықтимал іс-қимылдарын пысықтау;
күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің объектілерді, қауіпті жағдайларын оқшаулау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын объектілердің персоналын, қызметшілері мен қызметкерлерін күзетуді күшейту;
объект аумағы бойынша көлік құралдарының жүруін бақылауды күшейту, қару мен жарылғыш заттарды анықтаудың техникалық құралдарын қолдана отырып, көлік құралдарына тексеріп қарауды жүргізу;
терроризм актісі нәтижесінде физикалық және моральдық залал келтірілген адамдарды қабылдауға объектінің жоғары дайындық режиміне келтіру;
3) террористік қауіптіліктің шекті ("қызыл") деңгейі белгіленген кезде (террористік қауіптіліктің "сары" және "қызғылт сары" деңгейлері енгізілген кезде қолданылатын шаралармен қатар):
адамдарды құтқару жөнінде шұғыл шаралар қабылдау, құтқару қызметтері мен құралымдарының үздіксіз жұмыс істеуіне жәрдемдесу;
объектіні төтенше режим жағдайына аудару.
5-тарау. Террористік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалуы паспортын әзірлеуге және оның айналымына қойылатын талаптар
56. Паспорт терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мүдделі органдар объектідегі терроризм актілерінің алдын алу, жолын кесу, салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлаған кезде оларды пайдалануға арналған.
57. Паспорт қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қамтитын құжат болып табылады.
Денсаулық сақтау объектілерінде объектілердің басшылары оны әзірлеуге жұмылдырылмаған адамдардың паспортқа қол жеткізуін шектеу, объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету, объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылау, терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың қызметі бойынша шаралар қабылдайды.
58. Объектінің басшысы болып паспортты әзірлеуге, оның сақталуына және паспорттың деректерін уақтылы жаңартуға жауапты (жауапты) адам (адамдар) тағайындалады.
59. Паспорт Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32950 болып тіркелген) бірлескен бұйрығымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортына сәйкес электрондық нұсқада бір уақытта әзірлене отырып, екі данада әзірленеді.
Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.10.2024 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.60. Объект бірнеше құқық иеленушісі бар ғимаратта, құрылыста (ғимараттар мен құрылыстар кешенінде) орналасқан жағдайларда, паспорт жасау олардың арасындағы жазбаша келісім бойынша: объектілердің барлық құқық иеленушілерімен немесе олардың бірімен бірлесіп жүзеге асырылады.
61. Паспорттың жобасы объектінің басшысы объектіні террористік тұрғыдан осал объектілердің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тізбесіне (бұдан әрі – аумақтық тізбе) енгізу туралы тиісті хабарламаны алған кезден бастап қырық бес жұмыс күні ішінде жасалады
62. Паспортты 61-тармақта көрсетілген мерзімде әзірлеу мүмкін болмаған жағдайда (объектінің күрделілігін ескере отырып) объектінің басшысы терроризмге қарсы комиссияның аппаратына (бөліміне) паспортты жасау мерзімін ұзарту туралы негізделген өтініш жібереді.
63. Әзірленген паспорттың жобасы объектінің орналасқан жері бойынша аумақтық ішкі істер органының басшыларымен жасалғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде келісіледі.
Паспорт жобасын келісу мерзімі үлгі паспортта көрсетілген лауазымды адамға паспорт келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайды.
Келісуші тұлғадан паспорттың жобасына ескертулер болған жағдайда, пысықтау мерзімі қайтарылған күннен бастап он бес жұмыс күнінен, ал қайта қайтарылған кезде – жеті жұмыс күнінен аспайды.
64. Келісілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде паспортты объектінің басшысы бекітеді (оның ішінде оны жаңарту кезінде).
Бірлесіп жасаған кезде паспортты объектілердің барлық құқық иеленушілері бекітуге тиіс.
Бір құқық иеленуші жасаған кезде паспортты ол объектінің басқа құқық иеленушілерімен келісім бойынша бекітеді.
65. Паспорттың бірінші данасы (түпнұсқасы) әзірленіп, бекітілгеннен кейін оның сақталуына және паспорттың деректерін уақтылы жаңартуға жауапты тұлғада сақталуға тиіс.
66. Терроризм актілерінің салдарын жоюға және азайтуға тартылған органдарға паспортты уақтылы беруді қамтамасыз ету мақсатында паспортқа екі данада тізімдеме жасалады.
Тізімдеменің бір данасы паспортпен бірге қажет болған жағдайда терроризмге қарсы операцияға басшылықты жүзеге асыратын жедел штабқа беріледі. Тізімдеменің екінші данасы паспортты сақтауға жауапты адамда қалады.
67. Паспорттың екінші данасы және паспорттың электрондық нұсқасы (PDF форматында электрондық ақпарат тасығышта) ол бекітілген немесе түзетілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде сақтау үшін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне жіберіледі.
68. Паспорт төмендегі жағдайлар өзгерген кезде түзетуге жатады:
1) меншік құқығы;
2) денсаулық сақтау объектісі басшысының;
3) объектінің атауы;
4) денсаулық сақтау объектісінің негізгі мақсаты;
5) егер конструкциясына өзгерістер жүргізілген болса, объектінің, іргелес аумақта құрылыс салудың жалпы алаңы мен периметріне немесе үйлерді (құрылыстар мен ғимараттарды) және инженерлік жүйелерді күрделі жөндеу, реконструкциялау аяқталғаннан кейін;
6) объектінің ықтимал қауіпті учаскелері;
7) объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету үшін тартылатын техникалық құралдары.
69. Өзгерістер түзету үшін негіздер туындағаннан кейін күнтізбелік жиырма күн ішінде енгізіледі.
Паспортты әзірлеу, оған түзетулер енгізу мерзімдерін ұлғайту қажет болған кезде объект басшысы терроризмге қарсы комиссияға тиісті өтінішпен жүгінеді.
Паспортта сақтау үшін жауапты қызметкер объект басшысының немесе паспортқа қол қоюға уәкілетті адамның қолымен расталған өзгерістердің себептері мен күндерін көрсете отырып, енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы белгі қояды. Өзгерістер мен толықтыру енгізілген паспорт ауыстырылуға жатады.
Бір мезгілде объект басшысының қолы қойылған тиісті өзгерістер туралы ақпарат паспорттың электрондық нұсқасын бір мезгілде ауыстыра отырып, паспорттың екінші данасына қоса тіркеу үшін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына жіберіледі.
Паспорт:
1) кемінде бес жылда бір рет;
2) паспорт мәтіні тармақтарының жартысынан астамына түзетулер енгізген жағдайда толық ауыстыруға жатады.
70. Паспорт тиісті акт жасала отырып, комиссиялық тәртіппен жойылуға жатады.
Акт объектінің құқық иеленушісі болып табылатын ұйымда қалады.
Актінің көшірмесі паспорттың екінші данасын сақтау орны бойынша жіберіледі.
6-тарау. Денсаулық сақтау объектілерін инженерлік-техникалық жабдықпен жарақтандыруға қойылатын талаптар
71. Терроризм актісін жасаудың ықтимал салдарларын және инженерлік-техникалық жабдыққа қойылатын сараланған талаптарды айқындауды ескере отырып, объектілердің мынадай топтары белгіленеді:
1) бірінші топтағы денсаулық сақтау объектілері – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және оның комитеттерінің әкімшілік ғимараттары мен объектілері, әкімшілік ғимараттар және олардың аумақтық бөлімшелерінің объектілері;
2) екінші топтағы денсаулық сақтау объектілері – мемлекеттік материалдық резервтері бар объектілер (медициналық препараттар мен медициналық бұйымдарды сақтау жөніндегі қоймалар);
3) үшінші топтағы денсаулық сақтау объектілері – ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық (бактериологиялық, улы) заттарды әзірлеуге, өндіруге, сынауға, зерттеуге және сақтауға тартылған объектілер;
4) төртінші топтағы денсаулық сақтау объектілері – білім алушылардың және персоналдың нақты саны 100 (жүз) және одан да көп адам болатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары, бір ауысымда 200 (екі жүз) және одан да көп адам қабылдауға есептелген денсаулық сақтау ұйымдары; 200 (екі жүз) және одан да көп төсекке есептелген стационарлық көмек көрсететін ұйымдар (егер олар басқа өлшемшарттарға жатпайтын болса, ведомстволық денсаулық сақтау объектілері).
5) алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.10.2024 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ескерту. 71-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.10.2024 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
72. Барлық денсаулық сақтау объектілері осы Нұсқаулықтың 71-тармағында көрсетілген топтар бойынша бөлуге қарамастан міндетті түрде телевизиялық күзет жүйелерімен және хабардар ету жүйелерімен жарақтандырылады.
73. Мемлекеттік күзетуге жататын денсаулық сақтау объектілерін жарақтандыру осы Нұсқаулықтың 71-тармағында көрсетілген топтарға бөлінуіне қарамастан, "Мемлекеттік күзетуге жататын объектілердің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына бекітілген мемлекеттік күзетуге жататын объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптарға сәйкес қамтамасыз етіледі.
74. Бірінші топтың объектілерін жарақтандыру үшін осы Нұсқаулықтың 72-тармағында көзделген іс-шараларға қосымша мынадай инженерлік-техникалық құралдар пайдаланылады:
1) объектінің периметрін жабдықтау бойынша:
бақылау-өткізу пункттері;
ғимараттар мен құрылыстардың нығайтылуы (ғимараттар қабырғаларының, объекті құрылыстарының, оның терезе ойықтарының нығайтылуы);
кіруді бақылау және нығайту жүйелері;
таранға қарсы құрылғылар (периметрі бойынша қауіптілігі жоғары учаскелер болған кезде);
2) объектідегі жағдайды бақылау бойынша:
байланыс жүйелері;
күзет және дабыл сигнализациясы жүйелері (оның ішінде дабыл берудің мобилдік немесе стационарлық құралдары);
техникалық тексеру құралдары;
3) қауіпсіздік жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін:
резервтік, үздіксіз электрмен жабдықтау жүйелері мен құралдары.
75. Екінші топтың объектілерін жарақтандыру үшін осы Нұсқаулықтың 72-тармағында көзделген іс-шараларға қосымша мынадай инженерлік-техникалық құралдар пайдаланылады:
1) объектінің периметрін жабдықтау бойынша:
Қазақстан Республикасының Ережелер Жинағына 3.02-142-2014 (Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер, кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың алаңдары мен учаскелерінің қоршауларын жобалау) сәйкес периметрді қоршау (физикалық тосқауыл);
бақылау-өткізу пункттері;
ғимараттар мен құрылыстардың нығайтылуы (ғимараттар қабырғаларының, объекті құрылыстарының, оның терезе ойықтарының нығайтылуы);
кіруді бақылау және нығайту жүйелері;
таранға қарсы құрылғылар (периметрі бойынша қауіптілігі жоғары учаскелер болған кезде);
күзеттік жарықтандыру жүйелері және күзет сигнализациясы жүйесі;
2) объектідегі жағдайды бақылау бойынша:
байланыс жүйелері;
күзет және дабыл сигнализациясы жүйелері (оның ішінде дабыл берудің ұтқыр не стационарлық құралдары);
техникалық тексеру құралдары;
3) қауіпсіздік жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін:
резервтік, үздіксіз электрмен жабдықтау жүйелері мен құралдары.
76. Үшінші топтың объектілерін жарақтандыру үшін осы Нұсқаулықтың 72-тармағында көзделген іс-шараларға қосымша мынадай инженерлік-техникалық құралдар пайдаланылады:
1) объектінің периметрін жабдықтау бойынша:
Қазақстан Республикасының Ережелер Жинағына 3.02-142-2014 (Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер, кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың алаңдары мен учаскелерінің қоршауларын жобалау) сәйкес периметрді қоршау (физикалық тосқауыл);
объектінің аймақтары мен жекелеген учаскелерін қоршау;
бақылау-өткізу пункттері;
ғимараттар мен құрылыстардың нығайтылуы (ғимараттар қабырғаларының, объекті құрылыстарының, оның терезе ойықтарының нығайтылуы);
кіруді бақылау және нығайту жүйелері;
таранға қарсы құрылғылар (периметрі бойынша қауіптілігі жоғары учаскелер болған кезде);
күзеттік жарықтандыру және күзеттік дабыл сигнализация жүйелері;
2) объектідегі жағдайды бақылау бойынша:
байланыс жүйелері;
күзет және дабыл сигнализациясы жүйелері (оның ішінде дабыл берудің ұтқыр не стационарлық құралдары);
техникалық тексеру құралдары;
3) қауіпсіздік жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін:
резервтік, үздіксіз электрмен жабдықтау жүйелері мен құралдары.
77. Төртінші топтағы объектілерді жарақтандыру үшін осы Нұсқаулықтың 72-тармағында көзделген іс-шараларға қосымша мынадай инженерлік-техникалық құралдар пайдаланылады:
1) объектінің периметрін жабдықтау бойынша:
Қазақстан Республикасының Ережелер Жинағына 3.02-142-2014 (Сәулет, қала құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер, кәсіпорын, ғимарат және имарат алаңдары мен телімдерінің қоршауларын жобалау) сәйкес периметрді қоршауы (физикалық тосқауыл);
кіруді бақылау және нығайту жүйелері (ұсынылады);
күзеттік жарықтандыру жүйелері;
2) объектідегі жағдайды бақылау бойынша:
күзет және дабыл сигнализациясы жүйелері (оның ішінде дабыл берудің ұтқыр немесе стационарлық құралдары).
78. Бесінші топтың объектілерін жарақтандыру үшін осы Нұсқаулықтың 72-тармағында көзделген іс-шараларға қосымша мынадай инженерлік-техникалық құралдар пайдаланылады:
1) объектінің периметрін жабдықтау бойынша:
Қазақстан Республикасының Ережелер жинағына 3.02-142-2014 (Сәулет, қала құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер, кәсіпорын, ғимарат және имарат алаңдары мен телімдерінің қоршауларын жобалау) сәйкес периметрді қоршауы (физикалық тосқауыл);
бақылау-өткізу пункттері;
кіруді бақылау және нығайту жүйелері, кіруді шектеу;
күзеттік жарықтандыру жүйелері;
2) объектідегі жағдайды бақылау бойынша:
байланыс жүйелері;
күзет және дабыл сигнализациясы жүйелері (оның ішінде дабыл берудің ұтқыр не стационарлық құралдары);
техникалық тексеру құралдары;
3) қауіпсіздік жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін:
резервтік, үздіксіз электрмен жабдықтау жүйелері мен құралдары.
79. Бейнебақылау жүйесі объектідегі жағдайға байқау жүргізу, сондай-ақ жағдайды бағалау және құқық бұзушылардың іс-әрекеттерін тіркеу үшін рұқсатсыз кіру фактісін көзбен шолып растау мақсатында белгіленеді.
80. Жеке ғимаратта (ғимараттар кешенінде) орналасқан объектіде бейнебақылау жүйесімен
1) объектіге іргелес жатқан аумақтың периметрі;
2) бақылау-өткізу пункттері (бар болса);
3) бас және қосалқы кіру есіктері;
4) объектіде адамдар көп болуы мүмкін орындар.
5) денсаулық сақтау ұйымы басшысының (меншік иесінің) қалауы бойынша басқа да үй-жайлар жабдықталады.
Жапсарлас-жанастыра салынған ғимараттар үшін бейнебақылау жүйесімен қамтылады:
1) объектіде адамдардың жаппай болуы мүмкін орындары;
2) бас және қосалқы кіру есіктері (бар болса) жабдықталады.
81. Объектінің бейнебақылау жүйелеріне қойылатын техникалық талаптар "Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21693 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында (бұдан әрі – ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары) көзделген бейнебақылау жүйелерінің ең төмен техникалық талаптарына сәйкес келу керек.
82. Бейнебақылау жүйесі мыналарды қамтамасыз етеді:
1) бейнебақылау камераларынан көрнекі ақпаратты техникалық құралға немесе жинаудың техникалық құралдарының жиынтығына беру. Күзет қызметкерінің бекетінде орнатылған алынған ақпаратты өңдеу, көрсету және тіркеу
2) автоматтандырылған режимдегі жұмыс істеуді;
3) нақты уақыт режимінде объектідегі жағдайды бағалау мүмкіндігі;
4) ақпаратты кемінде 30 тәулік мерзімінде сақтау;
5) Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында айқындалған тәртіппен және шарттарда Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне қосылу.
83. Бейнекамералар аумақтың бүкіл периметрін қамтиды, бақылау камераларының шолуына объектінің және аумақтың барлық кіру-шығу жолдары кіреді. Камералардың бейнесі анық, яғни бұрмалаусыз болу керек.
84. Орталықтандырылған бақылау пултін күзеттің қызметтік құрылымдық бөлімшесі бөлмесінде немесе арнайы осы мақсатта жарақтандырылған бөлмеде орналастыру қажет.
85. Объектілер штаттан тыс жағдайдың туындауы (терроризм актісінің жасалу қаупі немесе жасалуы және туындаған салдарлар туралы) және олардың іс-қимылдарын үйлестіру туралы жұмыскерлер мен объектіге келушілерді жедел хабардар ету мақсатында хабардар ету жүйелерімен және құралдарымен жарақтандырылады.
86. Жұмыскерлерді, объектіге келушілерді хабардар ету алдын ала әзірленген жоспарға сәйкес басқа да техникалық және жылжымалы байланыс құралдарының (сигнализация) көмегімен ішкі байланыс желілері бойынша жүзеге асырылады, олар мыналарды қамтамасыз ету керек:
1) ғимараттарға, үй-жайларға, адамдар тұрақты немесе уақытша болатын объекті аумағындағы учаскелерге дыбыстық (жарық сигналдарын) беру;
2) сөйлеу ақпаратын автоматты режимде де (бұрын жазылған мәтінді оқу), сондай-ақ қауіп сипаты, объектілерде үй-жайларда эвакуациялауды немесе бұғаттауды жүзеге асыру қажеттілігі мен тәртібі, объектінің персоналы, білім алушылары мен келушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да іс-қимылдар туралы микрофон көмегімен де трансляциялау. Эвакуациялау және үй-жайларды бұғаттау туралы хабарлау жүйесі сигналдармен ерекшеленеді.
87. Хабарлағыштардың саны және олардың қуаты адамдар тұрақты немесе уақытша болатын барлық жерлерде қажетті естілуді, эвакуация жүргізілген жағдайда оны жүргізу үшін қажетті есептік уақыт ішінде әрекет етуді қамтамасыз ету керек.
88. Дабыл беру құралы (ұтқыр немесе стационарлық) күзет қызметі субъектілерінің орталықтандырылған бақылау пультіне жасырын сигнал беруге мүмкіндік береді объектіде терроризм актісінің жасалу қаупі туралы уәкілетті органдарды уақтылы хабардар ету мақсатында белгіленеді.
89. Дабыл беру құралымен міндетті түрде күзет қызметкерінің бекеті және жаппай өткізуге арналған объектіге кіру есіктері жабдықталады.
90. Дабыл беру құралы аумақтық полиция органдарының кезекші бөлімдеріне не күзет қызметі субъектілерінің орталықтандырылған бақылау пультіне жасырын сигнал беру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиісті.
91. Объектіге рұқсатсыз кіруді болдырмау мақсатында оның кіру есіктері кіруді бақылау және басқару жүйелерімен жабдықталады.
92. Кіруді бақылау және басқару құралы өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыру тәртібімен айқындалған кіру аймақтарын ескере отырып, объектінің аумағына және оның бір бөлігіне қызметкерлердің, объектіге келушілердің кіруін қамтамасыз ету керек.
93. Объектіге рұқсатсыз әкелуге тыйым салынған заттар мен заттарды табу мақсатында объектінің күзет бекеттері барлық кіреберістерде техникалық тексеру құралдарымен жарақталады.
94. Тексерудің техникалық құралдарына стационарлық және қол металл детекторлары, сондай-ақ тыйым салынған заттар мен заттарды анықтауға ықпал ететін техникалық құралдар жатады.
95. Автокөлік қозғалысының жылдамдығын төмендету гүл құмыраларын, сәулет және ландшафт элементтерін, боллардтарды және басқа құралдарды қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.
96. Меншік иесінің, иеленушінің шешімі бойынша объектіде объектінің терроризмге қарсы қорғалу деңгейін арттыруға ықпал ететін қосымша инженерлік-техникалық жабдық орнатылады.
97. Объектінің инженерлік-техникалық жабдығы жұмыс жағдайында ұсталады.
98. Көлемді террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесіне енгізгеннен кейін алты ай ішінде инженерлік-техникалық жабдықпен жабдықтау мүмкін болмаған жағдайда, объект басшылығы объектіні жарақтандыруға арналған республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс көздердің қаражатын жоспарлау үшін шаралар қабылдайды, ал терроризмге қарсы комиссияға объектіні инженерлік-техникалық жарақтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы келісуге ұсынылады.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша |
Денсаулық сақтау объектілері үшін терроризмге қарсы қорғау саласындағы ұсынылатын құжаттар тізбесі
1. Ұйымда терроризмге қарсы қорғау іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге жауапты адамдарды тағайындау туралы бұйрық (функционалдық міндеттерін көрсете отырып) не лауазымдық нұсқаулық, оның ішінде терроризмге қарсы қорғау жөніндегі нұсқамаларды өткізуге жауапты адамдарды тағайындау туралы бұйрық.
2. Терроризмге қарсы дайындық бойынша оқу іс-шараларын есепке алу журналы.
3. Бастапқы әрекет ету алгоритмдері:
1) терроризм актісінің (актілерінің) жасалу қатері немесе жасалуы туралы Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдарын дереу хабардар ету бойынша;
2) терроризм актісінің (актілерінің) жасалу қаупі немесе жасалуы туралы уәкілетті мемлекеттік органдардан ақпарат алған кезде;
3) қызметкерлердің, күзет қызметкерлерінің қаруды, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды дайындауға арналған бөлшектерді ұрлаудың, заңсыз сатып алудың белгілі болған фактілері туралы, сондай-ақ олардың сақталатын орындары туралы аумақтық ішкі істер органдарын уақтылы хабардар ету қағидаттарына негізделеді.
4. Террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге объектінің әр түрлі тұлғаларының іс-қимыл алгоритмдері.
5. Күзет бөлімшелерінің, күзетшілердің (вахтерлердің) (ол болған кезде) кезекшілікті қабылдау, тапсыру, аумақты, үй-жайларды аралау журналы.
6. Мекеменің қауіпсіздік паспорты, қауіпсіздік паспортын сақтауға жауапты адамды тағайындау туралы бұйрық.
7. Өрт кезінде, терроризм актісінің қаупі және өзге де төтенше жағдайлар туралы ақпарат алған жағдайда мекеме қызметкерлері мен келушілерін эвакуациялау жоспарлары мен тәртібі.
8. Жаттығуларды өткізу кестесімен ғимараттардан (құрылыстардан) жұмыскерлер мен келушілерді қауіпсіз және уақтылы эвакуациялау бойынша оқу-жаттығуларды, жаттығуларды өткізу туралы бұйрық.
9. Террористік акт жасау қаупі төнген немесе ол жасалған кезде мекеме қызметкерлерін қорғау тәсілдері мен іс-қимылдарға оқыту бағдарламалары, хаттамалары.
10. Мекемені күзетуге арналған шарттар (бірінші кіші түрдің күзет қызметін жүзеге асыруға, "күзет қызметінің барлық түрлері, оның ішінде террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету" лицензияларының көшірмелері), күзет сигнализациясы, бейнебақылау жүйелеріне, дабыл сигнализациясы түймелеріне қызмет көрсету.
11. Террористік қауіптілік деңгейлерін белгілеу кезінде объектілер басшыларының (меншік иелерінің) іс-қимылдары жөніндегі нұсқаулық.
12. Террористік қауіптілік деңгейін белгілеу кезінде мекеме қызметкерлерін хабардар ету схемасы.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша |
Денсаулық сақтау объектілеріне алып өтуге тыйым салынған нәрселер мен заттардың тізбесі
1. Қару:
1) атыс қаруы;
2) травматикалық, газды және жарық-дыбыстық әсер ететін патрондары бар ұңғысыз;
3) суық қару, сондай-ақ суық қаруға жатпайтын әртүрлі пышақтар;
4) лақтыратын қару;
5) пневматикалық;
6) газды;
7) электрлік;
8) белгі беру;
9) зақымдаушы әсері радиоактивті сәулелену мен биологиялық әсерді пайдалануға негізделген қару мен заттар;
10) зақымдайтын әсері электромагниттік, жарық, жылу, инфрадыбыстық немесе ультрадыбыстық сәулеленуді пайдалануға негізделген қару мен заттар;
11) жоғарыда санамаланған қару түрлерін имитациялайтын заттар;
12) қару ретінде пайдаланылатын заттар (соққы-жару, лақтыру және тесу-кесу әрекеттері);
13) қаруға оқ-дәрілер және оның құрамдас бөліктері.
2. Механикалық және аэрозольдік тозаңдатқыштар және адам ағзасына жас ағызатын, тітіркендіретін және теріс әсер ететін құралдармен жарақталған құрылғылар.
3. Заттар:
1) жарылғыш;
2) улы;
3) уландыратын;
4) радиоактивті;
5) күйдіргіш;
6) пиротехникалық;
7) тез тұтанатын заттар.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша |
Сабақ тақырыптарының нұсқалары
1. Оқу сабақтары (теориялық) тақырыптарының нұсқалары:
терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі заңнаманың негізгі талаптары;
терроризмнің мәні мен қоғамдық қауіптілігі, террористік сипаттағы әрекеттерді жасағаны үшін жауапкершілік;
террористік қауіптің ықтимал көздері туралы хабарлау;
террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге денсаулық сақтау объектілерінің әр түрлі тұлғаларының іс-қимыл алгоритмдерін тағайындау және олармен жалпы танысу.
2. Нұсқаулық тақырыптарының нұсқалары:
объектінің әрбір қызметкерін терроризм актісін жасау немесе объект аумағы шегінде оның жасалу қаупі жағдайында дербес мінез-құлық тәртібімен және іс-қимылдармен егжей-тегжейлі таныстыру;
эвакуациялау кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы пациенттерді, білім алушыларды және объектіге келушілерді таныстыру.
3. Практикалық сабақтар тақырыптарының нұсқалары:
Денсаулық сақтау объектісі қызметкерлерінің, күзет қызметкерлерінің практикалық іс-қимылдарын пысықтау:
1) иесіз заттар мен күдікті заттарды табу мақсатында үй-жайларды қарап тексеруді ұйымдастыру бойынша;
2) иесіз заттар, күдікті заттар табылған және миналау туралы хабар алған кездегі іс-әрекеттер;
3) иесіз заттар, күдікті заттар табылған және объектіні миналау туралы хабар алынған кезде ішкі істер органдарын, уәкілетті органдарды хабардар ету тәртібі бойынша;
4) персоналды және объектіге келушілерді хабардар етуді ұйымдастыру бойынша;
5) объект персоналы мен келушілерін эвакуациялауды ұйымдастыру бойынша;
6) адамдарды эвакуациялау кезінде іс-қимылдарды ұйымдастыру бойынша.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша |
Террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге объектілердің әртүрлі тұлғаларының іс-қимыл алгоритмдері
1-Бөлім. Нысанға келушілер мен қызметкерлерге қарулы шабуыл кезіндегі іс-қимыл алгоритмі
1. Келушілердің әрекеттері:
қорғану: ғимараттан тыныш кету немесе бөлмеде жасырыну, есікті құлыптау, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің келуін күту;
құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды, күзетті, персоналды, объект басшылығын қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы мүмкіндігінше кез келген тәсілмен хабардар ету.
2. Персоналдың әрекеті:
құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды, күзетті, персоналды, объект басшылығын қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы мүмкіндігінше кез келген тәсілмен хабардар ету;
мүмкіндігінше пациенттерді эвакуациялауды жүргізу;
тасымалдауға келмейтін пациенттерді зембілдердем қауіпсіз орынға ауыстыру;
қорғану: ғимараттан тыныш кету немесе бөлмеде жасырыну, есікті құлыптау, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің келуін күту.
3. Объект күзетінің әрекеттері:
Қарулы шабуылдаушыны анықтау;
мүмкіндігінше объектіде адамдардың жаппай болу орындарына оның жылжуын бұғаттау;
объект басшылығына, құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарға қарулы шабуыл жасау фактісі туралы ақпарат беру;
объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шаралар қабылдау (эвакуациялау, ішкі кедергілерді оқшаулау және басқалар);
жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
4. Объект басшылығының іс-әрекеттері:
құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды қарулы шабуылдың фактілері мен мән-жайлары туралы дереу хабардар ету;
объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру (эвакуациялау, ішкі кедергілерді оқшаулау, объектідегі штаттан тыс жағдай туралы хабарлау және басқалар);
терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың келген күштерімен өзара іс-қимыл жасау.
2-Бөлім. Кепілге алу кезіндегі іс-қимыл алгоритмі
5. Келушілердің әрекеттері:
қорғану: тұтқынға түсуді болдырмау, ғимараттан тыныш кету немесе үй-жайға жасырыну, есікті құлыптау, құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгенге дейін немесе ғимараттан шығу үшін қауіпсіздікті сақтау;
құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарға кепілге алынған адамдар мен қаскүнемдердің басып алыну мән-жайлары (саны, қару-жарағы, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты және басқалары) туралы мүмкіндігінше кез келген қолжетімді тәсілмен және өз қауіпсіздігін кепілдік берілген қамтамасыз ету шартымен ғана хабарлау.
6. Объект қызметкерлерінің әрекеттері:
қорғану: тұтқынға түсуді болдырмау, ғимараттан тыныш кету немесе үй-жайға жасырыну, есікті құлыптау, құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгенге дейін немесе ғимараттан шығу үшін қауіпсіздікті сақтау;
құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарға кепілге алынған адамдар мен қаскүнемдердің басып алыну мән-жайлары (саны, қару-жарағы, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты және басқалары) туралы мүмкіндігінше кез келген қолжетімді тәсілмен және өз қауіпсіздігін кепілдік берілген қамтамасыз ету шартымен ғана хабарлау.
7. Объектіні күзетінің әрекеттері:
Қарулы қаскүнемді (-лерді) анықтау;
мүмкіндігінше оны/олардың объектідегі адамдардың жаппай болу орындарына жылжуын бұғаттау;
адамдарды кепілге алуға оқталудың фактілері мен мән-жайлары туралы объект басшылығына, құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарға кез келген қолжетімді тәсілмен хабарлау;
объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шаралар қабылдау (эвакуациялау, зиянкестер жолындағы ішкі кедергілерді оқшаулау және басқалар);
жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету (тұтқынға түсуді болдырмау және басқалар).
8. Объект басшылығының іс-әрекеттері:
құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарды және (немесе) үшінші тұлғаларды кепілге алуға әрекет жасау фактілері мен мән-жайлары туралы қолжетімді тәсілмен дереу хабардар ету;
мүмкіндігінше объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру (эвакуациялау, ішкі кедергілерді оқшаулау, объектідегі штаттан тыс жағдай туралы хабарлау және басқалар);
мүмкіндігінше терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың келген күштерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
9. Кепілге алу кезіндегі іс-әрекеттер:
тыныштану, үрейленбеу. Баяу дауыспен сөйлеу;
басқыншылардың көзіне қарамау, әдепсіз әрекет етпеу. Басқыншыларды дене күшін немесе қаруды қолдануға итермелейтін әрекеттерге жол бермеу;
басқыншылардың талаптарын орындау, оларға қайшы келмеу, қобалжулар мен үрейге жол бермеу;
қатты сынаққа физикалық және моральдық тұрғыдан дайындалу;
басқыншыларға өшпенділік пен немқұрайлылық танытпау;
басынан бастап (әсіресе бірінші сағатта) басқыншылардың барлық нұсқауларын орындау. Басқыншылардан кез келген іс-әрекет жасауға рұқсат сұрау;
басқыншылардың назарын өз мінез-құлқымен аудармау, белсенді қарсылық көрсетпеу. Бұл сіздің жағдайыңызды нашарлатады;
егер қашудың сәттілігіне толық сенім болмаса, жүгіруге тырыспау;
басқыншылар туралы мүмкіндігінше көп ақпаратты есте сақтау (саны, қару-жарақ, сыртқы келбеті, физикасы, екпіні, әңгіме тақырыбы, темпераменті, мінез-құлқы);
өзінің орналасқан (қамалған)жерін анықтауға тырысу;
мүмкіндік болған жағдайда, кез келген қолжетімді байланыс тәсілін пайдалана отырып, өмірге қауіп төндірмей, сақтық таныта отырып, болған жағдай туралы құқық қорғау органдарына немесе арнайы органдарға, қауіпсіздік бөлімшесіне немесе объектінің күзет қызметіне хабарлауға тырысу;
қандай болмасын, тағамды таңдамау. Бұл күш пен денсаулықты сақтауға көмектеседі;
жарақат алған жағдайда, өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысу;
ең бастысы, басқыншылар бақылауды тоқтатса да, үрейленбеу;
терезелерден, есіктерден және басқыншылардың өзінен алыс орналасу. Бұл үй-жайға шабуыл жасаған кезде, басқыншыларға тигізу үшін мергендердің ату жағдайында сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін қажет;
арнайы бөлімше қызметкерлері кепілге алынған адамдарды босату жөніндегі операцияны жүргізген кезде мынадай талаптарды сақтау қажет:
қабырғаға жабысып еденге төмен қарап жату, басты қолмен жауып қозғалмай жату;
арнайы бөлімше қызметкерлеріне қарсы жүгірмеу немесе олардан қашпау;
мүмкін болса, есіктер мен терезелердің саңылауларынан алыс болу керек;
егер шабуыл жасау және басып алу кезінде (жеке басын анықтағанға дейін) ықтимал басқыншы сияқты біршама дұрыс әрекет етпесе, ашуланбау. Босатылған кепілге алынған адамды тінтуге, қолдарына кісен салуға, байлауға, эмоциялық немесе физикалық жарақат келтіруге, жауап алуға болады. Бұған түсіністікпен қарау керек, өйткені мұндай жағдайларда арнайы күштердің мұндай әрекеттері (барлық адамдарды түпкілікті сәйкестендіргенге және шынайы қылмыскерлерді анықтағанға дейін) негізделген.
3-Бөлім. Жарылғыш құрылғылар мен жарылғыш заттарды қою кезіндегі іс-әрекет алгоритмі
10. Жарылғыш құрылғыны көрсететін белгілер:
табылған затта сымдардың, арқандардың, изолентаның болуы;
зат шығаратын күдікті дыбыстар, шертулер, сағаттың тықылдауы;
заттан бадамның тән иісі немесе басқа ерекше иіс шығады;
табылған заттың ерекше орналасуы;
табылған затқа әр түрлі қуат көздері орнатылған, сыртқы белгілері бойынша антеннаға ұқсас сым.
11. Келушілердің күдікті затты тапқан кездегі іс-әрекеттері:
қолмен ұстамау, жақындамау, жылжытпау керек;
иесіз заттың ықтимал иесін анықтау үшін айналадағылармен сұхбаттасу;
радиобайланыс құралдарын, оның ішінде ұялы байланыс құралдарын осы заттың жанында пайдаланудан бас тарту;
мүмкіндігінше анықтау уақыты мен орнын белгілеу;
күзетке күдікті заттың табылғаны туралы объект персоналына не аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының кезекші бөлімдеріне дереу хабарлау;
жарылғыш құрылғыға ұқсас заттың сыртқы түрін және оны анықтаудың маңызды жағдайларын сипаттауға дайын болу;
дүрбелең туғызбау үшін не болғанын білу керек адамдардан басқа ешкімге жарылыс қаупі туралы хабарламау;
қорғанысты қамтамасыз ететін заттардың артына тығылу (ғимараттың бұрышы, бағана, қалың ағаш, автомашина және басқалары);
объектінің, құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдардың күзетін күдікті тұлға/тұлғалар туралы хабардар ету (Саны, ЖҚҚ, қарудың болуы сыртқы белгілері, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты және басқалары);
нысаннан кету, мүмкін болмаған жағдайда – күрделі құрылыстың артына және қажетті қашықтықта жасырыну.
12. Күдікті зат табылған кездегі персоналдың іс-қимылы:
қолмен ұстамау, жақындамау, жылжытпау керек;
иесіз заттың ықтимал иесін анықтау үшін айналадағылармен сұхбаттасу;
радиобайланыс құралдарын, оның ішінде ұялы байланыс құралдарын осы заттың жанында пайдаланудан бас тарту;
мүмкіндігінше анықтау уақыты мен орнын белгілеу;
күзетте күдікті заттың табылғаны туралы объект персоналына не ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер аумақтық органдарының кезекші бөлімдеріне дереу хабарлау;
жарылғыш құрылғыға ұқсас заттың сыртқы түрін және оны анықтаудың маңызды жағдайларын сипаттауға дайын болу;
дүрбелең туғызбау үшін не болғанын білу керек адамдардан басқа ешкімге жарылыс қаупі туралы хабарламау;
мүмкіндігінше күзетпен бөгде адамдардың күдікті зат пен қауіпті аймаққа кіруін шектеуді ұйымдастыру;
қауіпті аймаққа іргелес аумақтан адамдарды ұйымдасқан түрде эвакуациялауды қамтамасыз етуге көмектесу;
қажет болған жағдайда қорғанысты қамтамасыз ететін заттарға (ғимараттың бұрышы, бағана, қалың ағаш, автомашина және басқалары) жасырынып бақылау жасау;
күдікті адам немесе өзімен бірге жарылғыш құрылғылары немесе жарылғыш заттары болуы мүмкін адамдар тобы (саны, ЖҚҚ, қарудың болуы сыртқы белгілері, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты және басқалары) анықталған жағдайда, объектіні, құқық қорғау және (немесе)арнаулы мемлекеттік органдарды күзетуді хабардар ету;
келушілерді эвакуациялауды ұйымдастыруда басшылық пен күзетке жәрдем көрсету;
нысаннан кету, мүмкін болмаған жағдайда – күрделі құрылыстың артына және қажетті қашықтықта жасырыну.
13. Күдікті зат табылған кездегі күзеттің әрекеттері:
ұстама жоқ, жақындауға емес, жылжытуға;
иесіз заттың ықтимал иесін анықтау үшін айналаңыздағылармен сұхбаттасу;
радиобайланыс құралдарын, оның ішінде ұялы байланыс құралдарын осы заттың жанында пайдаланудан бас тарту;
мүмкіндігінше анықтау уақыты мен орнын белгілеу;
күзетке күдікті заттың табылғаны туралы объект персоналына не ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер аумақтық органдарының кезекші бөлімдеріне дереу хабарлау;
жарылғыш құрылғыға ұқсас заттың сыртқы түрін және оны анықтаудың маңызды жағдайларын сипаттауға дайын болу;
дүрбелең туғызбау үшін не болғанын білу керек адамдардан басқа ешкімге жарылыс қаупі туралы хабарламау;
қажетті қашықтықта күдікті зат пен қауіпті аймаққа бөгде адамдардың кіруін шектеуді қамтамасыз ету;
қауіпті аймаққа іргелес аумақтан адамдарды ұйымдасқан түрде эвакуациялауды қамтамасыз ету;
қажет болған жағдайда қорғанысты қамтамасыз ететін заттарға (ғимараттың бұрышы, бағана, қалың ағаш, автомашина және басқалары) жасырынып бақылау жүргізу;
күдікті адам немесе өзімен бірге жарылғыш құрылғылары немесе жарылғыш заттары болуы мүмкін адамдар тобы (саны, ЖҚҚ, қарудың сыртқы белгілері, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты және басқалары) анықталған жағдайда объектіні, құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды күзетуді хабардар ету.
14. Басшылықтың іс-әрекеттері:
құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарды күдікті адамның анықталғаны немесе иесіз заттың табылғаны туралы дереу хабардар ету;
иесіз күдікті заттың табылған орнын қажетті қашықтықта қоршауды ұйымдастыру;
адамдарды объектіден эвакуациялауды ұйымдастыру, объектідегі штаттан тыс жағдай туралы хабарлау және басқалар;
күдікті заттарды табу мақсатында үй-жайларды аралап шығуды және аумақтарды қарауды қамтамасыз ету;
терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың келген күштерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, қажетті ақпаратты ұсыну.
15. Жарылғыш құрылғы (ЖҚ) немесе ЖҚ-ға ұқсас зат табылған кезде аулақтану мен қоршап алудың қашықтықтары:
граната РГД-5 – 50 м;
граната Ф-1 – 200 м;
салмағы 200 гтротил шашкасы – 45 м;
салмағы 400 г тротил шашкасы – 55 м;
сыра банкісі 0,33 л – 60 м;
дипломат (кейс) – 230 м;
жол чемоданы – 350 м;
"жеңіл көлік" класындағы көлік – 460-580 м;
автобус – 920 м;
жүк көлігі (фургон) – 1240 м.
4-Бөлім. Өзін-өзі өлтірушілерді қолданумен жасалған шабуыл кезіндегі әрекеттер алгоритмі
16. Келушілердің әрекеттері:
қорғану: ғимараттан тыныш кету немесе бөлмеде жасырыну, есікті құлыптау, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің келуін күту;
құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды, күзетті, персоналды, объект басшылығын қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы мүмкіндігінше кез келген тәсілмен хабардар ету.
17. Персоналдың әрекеті:
қорғану: ғимараттан тыныш кету немесе бөлмеде жасырыну, есікті құлыптау, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің келуін күту;
құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды, күзетті, персоналды, объект басшылығын қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы мүмкіндігінше кез келген тәсілмен хабардар ету.
18. Күзет әрекеті:
мүмкіндігінше оны/олардың объектідегі адамдардың жаппай болу орындарына жылжуын бұғаттау;
күдікті адамның немесе адамдар тобының анықталғаны туралы объект басшылығына, құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарға кез келген тәсілмен ақпарат беру;
объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шаралар қабылдау (эвакуациялау, ішкі кедергілерді оқшаулау және басқалар);
қажет болған жағдайда объект бойынша (жеке өзі не бейнебақылау жүйесі арқылы)күдікті адамның немесе адамдар тобының жүріп-тұруын байқауды ұйымдастыру;
жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
19. Басшылықтың іс-әрекеттері:
объектіде күдікті адамның немесе адамдар тобының анықталғаны туралы құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарға ақпаратты дереу беру (оның ішінде адал ниетпен әрекет ету) ;
құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қаскүнемді анықтау және ұстау уақытын қысқартатын күдікті адам туралы барынша толық ақпарат беру;
адамдарды ұйымдасқан эвакуациялауды қамтамасыз ету;
жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
5-Бөлім. Телефон арқылы қауіп төнген кездегі әрекеттер алгоритмі
20. Телефон арқылы келген қауіп-қатер алушының іс-әрекеті (басшы, қызметкер, кезекші бөлімшенің қызметкері):
1) әңгіме барысында қоңырау шалушының жынысын, жасын және оның сөйлеу ерекшеліктерін белгілеңіз:
дауыс (анық немесе тұйық, төмен немесе жоғары);
сөйлеу қарқыны (жылдам немесе баяу);
айтылу (айқын, бұрмаланған, кекештену, сақау, акцентпен немесе диалектімен);
сөзінің мәнері (шешіліп сөйлеу, кекетіп, әдепке сәйкес емес сөйлеу);
2) дыбыстық фонға (автомашиналардың немесе теміржол көлігінің шуы, теле-немесе радиоаппаратураның дыбысы, дауыстар, басқалар), қоңырау сипатына (қалалық, қалааралық) назар аудару;
3) сөйлесудің нақты басталу уақытын және оның ұзақтығын белгілеу;
4) әңгімелесу барысында мынадай сұрақтарға жауап алуға тырысу:
бұл адам қайда, кімге, қандай телефон арқылы қоңырау шалады?
ол қандай нақты талаптар қояды?
жеке өзі талап ете ме, әлде делдал ретінде әрекет ете ме және қандай да бір адамдар тобын білдіре ме?
ол қандай шарттарда немесе олар өз жоспарларынан бас тартуға келіседі?
онымен қалай және қашан байланысуға болады?
бұл қоңырау туралы кімге хабарлай аласыз немесе хабарлауыңыз керек?
5) сіз және басшылық шешім қабылдау немесе қандай да бір іс-әрекет жасау үшін қоңырау шалушыдан барынша уақыт аралығын созу мүмкіндігіне қол жеткізуге тырысу
6) сөйлесу барысында немесе сөйлесу аяқталғаннан кейін дереу ішкі істер органдарының "102" арнасына немесе "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне және ұйым басшылығына телефон қатері туралы хабарлауға қажет.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 5-қосымша |
Терроризмге қарсы дайындық бойынша оқу іс-шараларын есепке алу журналы
________________________________________
(ұйымның атауы) (негізгі беті)
Терроризмге қарсы даярлық бойынша оқу іс-шараларын өткізуді есепке алу
№ _ _ _журналы
Журналды жүргізуді бастау күні 20__ жылғы "___" _____
Журналды жүргізуді аяқтау күні 20__ жылғы "___" _____
(ішкі жағы) 1-бөлім. Нұсқамалар
б/р № |
Нұсқаманы | Нұсқамадан өтушінің аты-жөні (әкесінің аты болған жағдайда) және лауазымы | Нұсқама-ның түрі | Нұсқама өткізушінің аты-жөні (әкесінің аты болған жағдайда) және лауазымы | Нұс-қамаалушының қолы | Нұсқама өткізген адамның қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Ескертпе:
1) жоспарлы нұсқамалар барысында қызметкерлерге терроризм актісі болған жағдайда мүмкін болатын барлық жағдайларда әрекет ету алгоритмдері жеткізіледі, ал жоспардан тыс нұсқамалардың тақырыбы өткізілетін оқу-жаттығулар мен жаттығулардың тақырыбына байланысты болады;
2) терроризмге қарсы бағыттағы өткізілетін жоспарлы нұсқамаларды құжаттамалық ресімдеуді қолмен жазу тәсілімен де, аралас – қолмен және баспа тәсілімен де жүзеге асыруға жол беріледі. 3, 4 және 5-бағандарды баспа түрінде толтыруға жол беріледі (егер нұсқаманы сол бір қызметкер жүргізсе), журналдың қалған бағандарын нұсқаманы тыңдаған адам өзі толтырады;
3) өткізу күні толық көрсетіледі (күні, айы және жылы);
4) объектінің персоналымен жоспардан тыс нұсқама жүргізу қажет болған жағдайда, оны да осы журналда құжаттайды, ал "Нұсқаманың түрі" деген бағанда "№ _ _ шығыс хаты бойынша жоспардан тыс нұсқама", "террористік қауіптілік деңгейі бойынша жоспардан тыс" деген жазба қоюға жол беріледі.
2-бөлім. Сабақтар
Күні | Сабақтың тақырыбы | Оқу сұрақтары | Қатысқан қызметкерлердің саны | Сабақты өткізген адамның қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ескертпе: Сабақтың тақырыбы мен оқу сұрақтары нақты көрсетілген және жалпы сипатта емес болу керек.