"Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру бойынша террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № ҚР ДСМ-40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 14 қазандағы № 83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 15 қазанда № 35259 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру бойынша террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № ҚР ДСМ-40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27947 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру бойынша террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      5-тармақтың 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бейнебақылау жүйесі – бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтау құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;";

      59-тармақ мындай редакцияда жазылсын:

      "59. Паспорт Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32950 болып тіркелген) бірлескен бұйрығымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортына сәйкес электрондық нұсқада бір уақытта әзірлене отырып, екі данада әзірленеді.".

      71-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) төртінші топтағы денсаулық сақтау объектілері – білім алушылардың және персоналдың нақты саны 100 (жүз) және одан да көп адам болатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары, бір ауысымда 200 (екі жүз) және одан да көп адам қабылдауға есептелген денсаулық сақтау ұйымдары; 200 (екі жүз) және одан да көп төсекке есептелген стационарлық көмек көрсететін ұйымдар (егер олар басқа өлшемшарттарға жатпайтын болса, ведомстволық денсаулық сақтау объектілері).";

      5) тармақша алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрілігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады