Дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисінің жұмыс істеу қағидалары
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-1-бабы 1-тармағы 7-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 144/НҚ Бұйрықпен бекітілген |
Дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисінің жұмыс істеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-1-бабы 1-тармағы 7-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисінің жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "1414" Бірыңғай байланыс орталығының SMS-шлюзі – SMS хабарламаларды жіберуге және қабылдауға арналған "электрондық үкімет" құрауышы;
2) бастамашы – жеке деректерге қол жеткізуге сұрау салуға бастамашы болатын ақпараттық жүйе;
3) верификация токені – бастамашының және (немесе) оператордың дербес деректер субъектісінен келісім алғанын растауға арналған белгілі бір сандар мен әріптер жиынтығы түріндегі электрондық кілт;
4) дербес деректер – мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген мәліметтер;
5) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі (бұдан әрі – мемлекеттік сервис) – дербес деректер субъектісінің дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісімін қоса алғанда, мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерінде қамтылған дербес деректерге қол жеткізу кезінде меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, үшінші тұлғалардың дербес деректер субъектісімен және уәкілетті органмен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін қызмет;
6) дербес деректерді қамтитын базаның меншік иесі (бұдан әрі – меншік иесі) – дербес деректерді қамтитын базаны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын іске асыратын мемлекеттік орган, жеке және (немесе) заңды тұлға;
7) дербес деректерді қамтитын базаның операторы (бұдан әрі – оператор) – дербес деректерді жинауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, жеке және (немесе) заңды тұлға;
8) қауіпсіздік токені – пайдаланушының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған JWT форматындағы белгілі бір сандар мен әріптердің жиынтығы түріндегі электрондық кілт, сонымен қатар оның иесін сәйкестендіру үшін қолданылады;
9) дербес деректер субъектісі (бұдан әрі – субъект) – дербес деректер тиесілі жеке тұлға;
10) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – дербес деректерді қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) мобильді азаматтар базасы (бұдан әрі – МАБ) – "электрондық үкімет" пайдаланушыларының ұялы байланыс желісі абоненттік нөмірлерінің бірыңғай базасы;
12) "электрондық үкіметтің" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) – "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін өзге де "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерімен интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе.
2-тарау. Дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисінің жұмыс істеу тәртібі
1-параграф. Дербес деректерге қолжетімділікті бақылаудың мемлекеттік сервисінің жұмыс істеу процесі
3. Дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылаудың сервисінің жұмыс істеуі мынадай процестерді автоматтандыру:
1) субъектіден дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісім алуды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерінде қамтылған дербес деректерге қол жеткізу кезінде меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, үшінші тұлғалардың субъектімен және уәкілетті органмен ақпараттық өзара іс-қимылы;
2) субъектінің немесе оның заңды өкілінің мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі дербес деректерді жинауға және (немесе) өңдеуге келісім беруі (бас тартуы);
3) субъектінің немесе оның заңды өкілінің мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі дербес деректерді жинауға және (немесе) өңдеуге келісім беруін (бас тартуын) кері қайтарып алуы;
4) субъектіні мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі өзінің дербес деректерімен жасалатын іс-әрекеттер туралы хабардар ету (қол жеткізу, қарау, өзгерту, толықтыру, беру, бұғаттау, жою);
5) субъектіге мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі өзінің дербес деректерін жинауға және (немесе) өңдеуге келісімі бар меншік иелері және (немесе) операторлар туралы мәліметтерді ұсыну кезінде жүзеге асырылады.
4. Жеке мәліметтерге қол жеткізу процесі екі тәсілмен жүзеге асырылады:
1) бастамашының және (немесе) оператордың дербес деректерге қол жеткізуге және "1414" Бірыңғай байланыс орталығының SMS-шлюзі арқылы дербес деректерді жинауға және (немесе) өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісімі (бас тартуы) туралы SMS-хабарлама субъектісінен жауап алуға сұрау салу арқылы (бұдан әрі – сұрау салу/жауап беру "1414" Бірыңғай байланыс орталығы арқылы);
2) бастамашының және (немесе) оператордың дербес деректерге қол жеткізуге және субъектіден бастамашының және (немесе) оператордың ақпараттық жүйесіндегі дербес деректерді жинауға және (немесе) өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісімі (бас тартуы) туралы жауап алуға сұрау салу (бұдан әрі – бастамашының және (немесе) оператордың құралдарымен сұрау салу/жауап беру) жіберу арқылы;
5. "1414" Бірыңғай байланыс орталығының SMS-шлюзі арқылы дербес деректерге қол жеткізу процесі бастамашыларға және (немесе) операторларға қолжетімді, олар төмендегілерден тұрады:
1) бастамашының және (немесе) оператордың дербес деректерге мемлекеттік сервиске қол жеткізуге сұрау салуы;
2) мемлекеттік сервистің өңдеу процесінде дербес деректерге қол жеткізуге сұрау салудың болуын тексеруі;
3) өңдеу процесінде дербес деректерге қол жеткізуге сұрау салу болған кезде мемлекеттік сервис "Субъектіден жауап күту" мәртебесін жібереді.
Өңдеу процесінде дербес деректерге қол жеткізуге сұрау салу болмаған кезде, мемлекеттік сервис субъектінің ұялы байланысы желісінің абоненттік нөмірін алуға сұрау салуды МАБ-қа жібереді.
МАБ-та субъектінің ұялы байланыс желісінің абоненттік нөмірі болмаған кезде, субъект "электрондық үкімет" веб-порталында тіркеуді жүзеге асырады.
Субъектінің ұялы байланыс желісінің абоненттік нөмірін МАБ-тан алғаннан кейін мемлекеттік сервис "1414" Бірыңғай байланыс орталығының SMS-шлюзі арқылы SMS-хабарлама жолымен субъектінің дербес деректеріне қол жеткізуге сұрау салады.
Мемлекеттік сервис "1414" Бірыңғай байланыс орталығының SMS-шлюзінде субъектіден жауаптың болуын тексереді;
4) мемлекеттік сервистен "Субъектіден жауап күту" мәртебесі жауабын алғаннан кейін бастамашы және (немесе) оператор бірінші сұрау салуға сәйкес келетін параметрлері бар қайталама сұрау салуды жібереді;
5) субъектіден оң жауап болған кезде мемлекеттік сервистің қауіпсіздік токенін құру;
6) бастамашы және (немесе) оператор дербес деректерге қол жеткізуге қайтадан сұрау салған кезде және дербес деректерді жинауға және (немесе) өңдеуге оң келісім болған кезде мемлекеттік сервистің қауіпсіздік токенін жіберуі;
7) бастамашының және (немесе) оператордың меншік иесіне қауіпсіздік токенін сұрату үшін енгізілген дербес деректерге қол жеткізуге сұрау салуы;
8) қауіпсіздік токені деректері иесінің оны сұрау салуға және қолданылу мерзіміне сәйкестігін тексеруі;
9) сұрау салуды өңдеу және меншік иесінің бастамашыға және (немесе) операторға жауап жіберуі.
6. Ақпараттық жүйелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға (бұдан әрі – Бірыңғай талаптар) сәйкес келетін және "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган берген ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ актісі бар мемлекеттік орган және (немесе) мемлекеттік заңды тұлға болып табылмайтын бастамашының және (немесе) оператордың құралдарымен сұрау салу/жауап беру арқылы дербес деректерге қол жеткізу процесі:
1) бастамашының және (немесе) оператордың субъектіден оның дербес деректеріне қол жеткізуге мынадай тәсілдермен:
биометрия жүйелері;
электрондық цифрлық қолтаңба;
бір реттік парольдер (OTP);
Digital ID жүйесі;
қағаз ақпарат тасымалдаушылары арқылы келісім алуынан тұрады.
2) бастамашының және (немесе) оператордың верификация токенінде электрондық-цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) ашық кілті бар мемлекеттік сервиске дербес деректерге қол жеткізуге сұрау салуы;
3) мемлекеттік сервистің дербес деректерге қол жеткізуі үшін сұрау салуында верификация токенінің болуын тексеруі;
4) мемлекеттік сервистің верификация токенінің қол қоюын ұсынылған ЭЦҚ-ға сәйкес келуін тексеруі;
5) мемлекеттік сервистің ұйымды верификация токеніндегі бизнес сәйкестендіру нөмірінің және жеке деректерге қол жеткізу сұранысында көрсетілген бизнес сәйкестендіру нөмірінің сәйкестігін тексеруі;
6) мемлекеттік сервистің жеке деректерге және верификация токенінде көрсетілген қол жеткізу тәсілдерінің сәйкестігін тексеруі;
7) мемлекеттік сервистің верификация токенін қалыптастыру күнін тексеруі;
8) мемлекеттік сервистің верификация токенін тексерудің барлығынан өткен кезде қауіпсіздік токенін қалыптастыруы;
9) бастамашының және (немесе) оператордың сұрау салуға енгізілген қауіпсіздік токені бар дербес деректерге қол жеткізу үшін сұрау салуды меншік иесіне жіберуі;
10) қауіпсіздік токен иесінің сұрау салуға және жарамдылық мерзіміне сәйкестігін тексеруі;
11) сұрауды өңдеу және меншік иесінің бастамашыға және (немесе) операторға жауап жіберуі арқылы жүзеге асырылады.
2-параграф. Дербес деректерге қол жеткізу үшін сұрау салу процесі
7. Дербес деректерге қол жеткізуге арналған сұрау салу бірыңғай талаптарға сәйкес форматта жіберіледі және мынадай деректерді қамтиды:
1) субъектінің жеке сәйкестендіру нөмірі;
2) ұйымның, бастамашының және (немесе) оператордың атауы;
3) бастамашының және (немесе) оператордың бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі;
4) бастамашының және (немесе) оператор жұмыскерінің сәйкестендіру деректері (тегі, аты, әкесінің аты, есепке алу жазбасы, жеке сәйкестендіру нөмірі) немесе бастамашы және (немесе) оператор жұмыскерінің қатысуынсыз дербес деректерге қол жеткізуге сұрау салынған жағдайларда ұйымның атауы немесе ақпараттық жүйенің атауы көрсетіледі;
5) бір меншік иесінен ақпарат сұрау кезінде меншік иесі ұйымының атауы;
6) дербес деректерге қол жеткізуге сұрау салу жүзеге асырылатын қызметтің атауы;
7) ЭҮШ "ServiceID" сервистер идентификаторларының тізімі;
8) дербес деректерді алу және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде қауіпсіздік токені қолданылатын уақыт (миллисекундпен);
9) субъектіден сұрау жіберу және жауап алу тәсілінің белгісі;
10) верификация токені бастамашының және (немесе) оператордың құралдарымен сұрау салу/жауап беруді таңдау кезінде көрсетіледі.
8. Субъектілердің дербес деректеріне қол жеткізуге сұрау салу бойынша жауап ЭҮШ арқылы өзара іс-қимыл жасау үшін рұқсат етілген форматта толтырылады.
9. Субъектілердің қол жеткізуіне сұрау салу бойынша жауап оң жауап болған кезде мынадай деректерді қамтиды:
1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сервис қайтаратын дербес деректерге қол жеткізуге арналған сұрау салуға сәйкес "Қол жеткізуге рұқсат" мәртебесі (бұдан әрі – мәртебе);
2) қауіпсіздік токенінің дұрыстығын тексеру үшін қажетті мемлекеттік сервис иесі ұйымының ЭЦҚ ашық кілті;
3) қауіпсіздік токені.
10. Деректерге қол жеткізудің сұрау салуы бойынша жауап осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-тармақтарда көрсетілген мәртебені қабылдай алады.
3-параграф. Қауіпсіздік токенін қалыптастыру процесі
11. Қауіпсіздік токені оның иесін анықтау үшін қолданылады, ол тақырыптан (header), пайдалы ақпараттан (payload) тұрады және мемлекеттік сервис иесі ұйымының ЭЦҚ-сымен қол қойылады;
12. Қауіпсіздік токені тақырыбында токен түрі және шифрлау алгоритмі бар;
13. Пайдалы ақпарат дербес деректерге қол жеткізуді бақылау қауіпсіздік токені осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жалпы көрініске ие және мыналарды қамтиды:
1) субъектінің жеке сәйкестендіру нөмірі;
2) дербес деректер сұратылатын сервистердің кодтық атауларының тізбесі;
3) субъектіден ISO 8601 форматындағы "1414" Бірыңғай байланыс орталығының SMS-шлюзі арқылы SMS-хабарлама арқылы оң жауап алу күні мен уақыты;
4) қауіпсіздік токені әрекетінің аяқталу күні мен уақыты "1414" Бірыңғай байланыс орталығының SMS-шлюзі арқылы SMS-хабарлама арқылы субъектіден оң жауап алу күні мен уақытының және ISO 8601 форматындағы қауіпсіздік токенінің әрекет ету уақытының жиынын білдіреді;
5) бастамашының және (немесе) оператордың бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі;
6) Unix Time Stamp форматында "1414" Бірыңғай байланыс орталығының SMS-шлюзі арқылы SMS-хабарлама арқылы субъектіден оң жауап алу күні мен уақыты;
7) қауіпсіздік токені әрекетінің аяқталу күні мен уақыты "1414" Бірыңғай байланыс орталығының SMS-шлюзі арқылы SMS-хабарлама арқылы субъектіден оң жауап алу күні мен уақытының және Unix Time Stamp форматындағы қауіпсіздік токенінің әрекет ету уақытының жиынын білдіреді.
4-параграф. Қауіпсіздік токенін тексеру процесі
14. Дербес деректерге қол жеткізу сұрау салуын алған кезде меншік иесі қауіпсіздік токенінен дербес деректерге қол жеткізу сұрау салуына қоса берілген ЭЦҚ ашық кілтін пайдалана отырып, пайдалы ақпаратты алады және оны мынадай параметрлер бойынша тексереді:
1) жеке деректерге және қауіпсіздік токеніне қол жеткізу үшін жіберілген сұрау салудағы жеке сәйкестендіру нөмірінің сәйкестігі;
2) меншік иесі сервисінің код атауларының тізбесінде код атауының болуы;
3) дербес деректерге қол жеткізу үшін жіберілген сұрау салуды алу күні мен уақыты "1414" Бірыңғай байланыс орталығы арқылы сұрау салу/жауап беру жағдайларында субъектіден оң жауапты алу күні мен уақытынан немесе бастамашының және/немесе оператордың құралдарымен сұрау салу/жауап беру кезінде токенді қалыптастыру күні мен уақытынан кем емес болуы;
4) дербес деректерге қол жеткізу үшін жіберілген сұрау салуды алу күні мен уақыты қауіпсіздік токені әрекетінің аяқталу күні мен уақытынан артық емес болуы;
5) дербес деректерге қол жеткізу үшін жіберілген сұрау салуға қоса берілген ЭЦҚ ашық кілтін тексеру.
15. Параметрлердің біреуі сәйкес келмеген жағдайда, меншік иесі жеке деректерге қол жеткізу үшін жіберілген сұрау салуды қабылдамайды.
Мемлекеттік сервис қайтаратын дербес деректерге қол жеткізуге сұрау салу мәртебесі
Р/с | Кодтық атау | Мәртебесі | Сипаттамасы |
1 | VALID | Рұқсат берілді | Дербес деректерге қол жеткізуді дербес деректер субъектісі ұсынды. Жауапта қауіпсіздік токені және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық бөлігі берілген |
2 | INVALID | Рұқсат берілген жоқ | Дербес деректер субъектісі дербес деректерге қол жеткізуден бас тартты |
3 | PENDING | Күту | Дербес деректер субъектісінің жауабын күту |
4 | TIMEOUT | Күту уақыты асып кетті | Дербес деректер субъектісінің жауабын күту уақыты аяқталды |
5 | NOT_FOUND | Мобильді азаматтар базасында табылған жоқ | Дербес деректерге қол жеткізуге арналған сұрау салуда көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша МАБ-та ұялы байланыс желісінің абоненттік нөмірі жоқ |
6 | ERROR |
Сұраныс қателері | МАБ-та көрсетілген дербес деректер субъектісінің ұялы байланыс желісінің абоненттік нөміріне сұрау салуды жіберу кезінде қате пайда болды |
7 | ERROR_MCDB_SERVICE | МАБ-та қатынасу қатесі | МАБ сұрауын жіберу және/немесе жауап алу кезінде қате пайда болды |
8 | ERROR_MGOV_SMS_GW | "1414" Бірыңғай байланыс орталығының SMS-шлюзіне жүгіну қатесі | "1414" Бірыңғай байланыс орталығының SMS-шлюзіне SMS-хабарлама жіберу үшін сұрау жіберу кезінде қате пайда болды. |
9 | ERROR_TV_NOTFOUND | Жіберу қатесі (бастамашының және/немесе оператордың көмегімен сұрау салу/жауап беру) | Верификация токені табылмады. |
10 | ERROR_TV_INVALID | Жіберу қатесі (бастамашының және/немесе оператордың көмегімен сұрау салу/жауап беру) | Верификация токені қолтаңбаны тексеруден өткен жоқ. |
11 | ERROR_TV_BIN_NOTMATCH | Жіберу қатесі (бастамашының және/немесе оператордың көмегімен сұрау салу/жауап беру) | Ұйымды верификация токеніндегі бизнес сәйкестендіру нөмірі сұрау салудағы бизнес сәйкестендіру нөміріне сәйкес келмейді. |
12 | ERROR_TV_NOTINLIST | Жіберу қатесі (бастамашының және/немесе оператордың көмегімен сұрау салу/жауап беру) | Жеке деректерге қол жеткізу әдісі тізімдегі мәнге сәйкес келмейді (Bio/Ds/Otp/DID/PC). |
13 | ERROR_TV_MORECDATE | Жіберу қатесі (бастамашының және/немесе оператордың көмегімен сұрау салу/жауап беру) | Верификация токенін қалыптастыру күні ағымдағы күннен артық. |
Дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың қауіпсіздік токені туралы пайдалы ақпарат
Кодтық атау | Сипаттамасы |
uin | Дербес деректер субъектісінің жеке сәйкестендіру нөмірі |
sid | Дербес деректер сұратылатын сервистердің кодтық атауларының тізбесі |
dts | Дербес деректер субъектісінен ISO 8601 форматындағы SMS арқылы оң жауап алу күні мен уақыты (бұл шарт "1414" Бірыңғай байланыс орталығының SMS-шлюзі арқылы сұрау салу схемасына қолданылады.) |
dte | Қауіпсіздік токені әрекетінің аяқталу күні мен уақыты SMS арқылы дербес деректер субъектісінен оң жауап алу күні мен уақытының жиынын және ISO 8601 форматындағы қауіпсіздік токенінің әрекет ету уақытын білдіреді (тексерудің осы шарты "1414" Бірыңғай байланыс орталығының SMS-шлюзі арқылы сұрау салу схемасына қолданылады.) |
binc | Бастамашы – бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі дербес деректерге сұрау салуға бастамашылық жасаушы |
iat | Unix Time Stamp форматындағы SMS арқылы дербес деректер субъектісінен оң жауап алу күні мен уақыты |
exp | Қауіпсіздік токені әрекетінің аяқталу күні мен уақыты SMS арқылы дербес деректер субъектісінен оң жауап алу күні мен уақытының жиынын және Unix Time Stamp форматындағы қауіпсіздік токенінің әрекет ету уақытын білдіреді |