Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 13.10.2022 № 911 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18715 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
11-5, 11-6 және 11-7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11-5. МҚД бойынша сабақтар оқу жылына бекітілген бірыңғай тақырыптық жоспар және күнтізбелік жоспарлар бойынша әскери қызметшілердің мынадай санаттары бойынша тұрақты негізде өткізіледі:
1) ҚР ҚМ мен ҚР ҚК БШ құрылымдық бөлімшелерінің, ҚР ҚК бас басқармаларының, Тыл және қару-жарақ бастығы, әскер түрлері бас қолбасшылары, тектері мен өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшылары басқармаларының, мекемелердің (әскери оқу орындарының, жергілікті әскери басқару органдарының) офицерлерімен – 20 сағаттық бағдарлама бойынша, бұл ретте кемінде 2 оқу сағаты резервке бөлінеді;
2) әскери бөлімдердің (бригадалардың, полктердің, корабльдердің, базалардың, арсеналдардың, жеке батальондардың, дивизиондар мен роталардың) және бөлімшелердің (желілік батальондардың, дивизиондардың, роталардың, батареялардың және оларға теңестірілгендердің) офицерлерімен – 50 сағаттық бағдарлама бойынша, бұл ретте кемінде 2 оқу сағаты резервке бөлінеді;
3) сержанттар және қатардағы жауынгерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеретін келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен – 30 оқу сағатын қоса алғанда, 100 сағаттық бағдарлама бойынша, бұл ретте кемінде 4 оқу сағаты резервке бөлінеді;
4) мерзімді қызмет қатардағы жауынгерлерімен – 160 сағаттық бағдарлама бойынша, бұл ретте кемінде 6 сағат резервке бөлінеді.
11-6. МҚД бойынша сабақтар таңертеңгі уақытта мынадай есеппен өткізіледі:
1) офицерлермен – айына 2 рет (бірінші және үшінші дүйсенбі) екі оқу сағатынан;
2) сержанттар және қатардағы жауынгерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеретін келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен – аптасына 1 рет дүйсенбі күндері екі оқу сағатынан;
3) мерзімді қызмет қатардағы жауынгерлерімен – аптасына 2 рет дүйсенбі мен жұмада (авиациялық базалар үшін – дүйсенбі мен бейсенбіде) 2 оқу сағатынан.
11-17. МҚД бойынша сабақтарды өткізудің негізгі нысандары:
1) келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен және әскерге шақыру бойынша офицерлермен – дәріс, тестілеу (жазбаша жауап алу), оқыту кезеңінің (оқу жылының) қорытындысы бойынша бақылау сабағы;
2) мерзімді қызмет қатардағы жауынгерлерімен – дәріс, өзіндік дайындық, тестілеу (жазбаша жауап алу), оқыту кезеңінің (оқу жылының) қорытындысы бойынша бақылау сабағы;
3) әскери психология мен педагогика жүйесіндегі келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен және әскерге шақыру бойынша офицерлермен – дәріс, тестілеу (жазбаша жауап алу), оқыту кезеңінің (оқу жылының) қорытындысы бойынша бақылау сабағы.";
Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Ротадағы (батареядағы, үшінші дәрежелі корабльдердегі) құжаттама:
1) ай сайын 25-і күніне қарай әзірленетін бір айға арналған тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыс жоспары;
2) ротада (батареяда, үшінші дәрежелі корабльдерде) қорытынды шығару журналы;
3) МҚД бойынша сабақтардың жоспар-конспектілері;
4) МҚД бойынша сабақтарға қатысуды және үлгерімін есепке алу журналы.".
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |