ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерінің нысанын және тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне өзгерістер енгізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 31 мамырдағы № 75 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22911 болып тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықтың көшірмесін мүдделі мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына мәлімет үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры |
Б. Асылов |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі |