Тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерінің нысанын және тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне өзгерістер енгізу тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 31 мамырдағы № 75 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 маусымда № 22911 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 1 маусымдағы № 118 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 01.06.2022 № 118 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 2-тармағының он бесінші және он алтыншы бөліктеріне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерінің нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

      2) Тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне өзгерістер енгізу қағидалары осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін мүдделі мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына мәлімет үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Казақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Г. Нурдаулетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
  Бас Прокурорының
  2021 жылғы 31 мамырдағы
  № 75 Бұйрықтың
  1-қосымшасы
  нысан
  Мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысының актісімен бекітіледі

20___ жылдың жартыжылдығына тексерулер жүргізудің _____жартыжылдық кестесі

      ________________________________________________________________________

      (мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын мемлекеттік
органның және қызмет саласының атауы)

№ р/с

Тексерілетін субъектінің атауы

Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі

Тексерілетін объектінің атауы

Тексерілетін объектінің орналасқан жері

Тәуекел тобы

Тексерілетін субъекті кәсіпкерлігінің санаты

Тексерілетін субъектінің әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күні

1

2

3

4

5

6

7

8









      Ескерту: Excel кестесі форматында

  Қазақстан Республикасы
  Бас Прокурорының
  2021 жылғы 31 мамырдағы
  № 75 Бұйрықтың
  2-қосымшасы

Тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне өзгерістер енгізу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне өзгерістер енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабы 2-тармағының он алтыншы бөлігіне сәйкес әзірленді және тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне (бұдан әрі – жартыжылдық кесте) өзгерістер енгізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі – бұл тәуекел дәрежесін бағалау негізінде бақылау және қадағалау органдары жүргізетін тексеру түрі;

      2) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті;

      3) тексерілетін субъектілер – қызметіне бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

      4) тексерілетін объектілер – тексерілетін субъектінің меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі бақылауға және қадағалауға жататын мүлік;

      5) тіркеу және есепке алу субъектісі – қызметіне бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің қызметіне тексеру жүргізуге Қазақстан Республикасының заңдарымен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар.

      3. Ерекше тәртіптің жартыжылдық кестелерін қалыптастыру, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында (бұдан әрі – интернет-ресурсы) орналастыру және оларды қайтару Кодекстің 141-бабының 2-тармағында регламенттелген.

      4. Тіркеу және есепке алу субъектісі жартыжылдық кестелердің бекітілмеген нысандарын ұсынған жағдайда, уәкілетті орган оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұзушылықтарды жою үшін қайтарады.

      Тіркеу және есепке алу субъектісі бұзушылықтарды жояды және оларды қайтарған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жартыжылдық кестелерді бекітеді және уәкілетті органға жібереді.

      Бұл ретте, жартыжылдық кестелер уәкілетті органға Кодекстің 141-бабының 2-тармағында көзделген мерзімдерде ұсынылады.

2-тарау. Жартыжылдық кестелерге өзгерістер енгізу тәртібі

      5. Интернет-ресурсында орналастырылған жартыжылдық кестелерге мынадай жағдайларда өзгерістер енгізіледі:

      1) заңды тұлғаның, оның ішінде олардың филиалдары мен өкілдіктерінің меншік нысанының қайта тіркелуі немесе өзгертілуі, сондай-ақ бизнес-сәйкестендiру нөмiрiнің өзгерісіне әкелмеген қайта ұйымдастырылуы;

      2) қызметінің немесе объектінің функционалдық мәнінің өзгеруіне байланысты емес жеке кәсіпкердің, жеке тұлғаның тіркелу деректерінің өзгеруі;

      3) тексерулердің жартыжылдық кестелерін қалыптастыру, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты тәуекелдерді бағалау жүйесін қолдану немесе тәуекел дәрежесін анықтау барысында прокурорлық қадағалау және ден қою актілері бойынша заң бұзушылық фактілерінің анықталуы;

      4) тіркеу және есепке алу субъектісінің бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) жартыжылдық кестелер бойынша тексерулерден босататын мән-жайларды анықтауы (аудиторлық қорытындының болуы, мораторий не тексерулердің немесе тексерілетін субъектінің қызметін өзге де уақытша тоқтата тұру, субъектінің банкроттығы не қызметінің өзге де тоқтатылуы, сондай-ақ Кодекстің 141-бабының 8-тармағында көзделген негіздер бойынша);

      5) бақылау және қадағалау субъектісінің оған дейін тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне енгізілген объектіні жалдауға немесе басқа уақытша пайдалануға беруі.

      6. Жартыжылдық кестелерді, олардың қолданыста болған уақытында, бірақ жартыжылдықта бір реттен артық емес, міндетті түрде интернет-ресурсқа орналастыра отырып, өзгертуге жол беріледі.

      7. Растайтын құжаттар мен жаңартылған, бекітілген жартыжылдық кестені қоса бере отырып, уәкілетті органға жіберілген реттеуші мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысының өтінішхаты жартыжылдық кестелерге өзгерістер енгізу үшін негіз болып табылады.

      8. Өтінішхатты қарау мерзімі оны алған сәттен бастап бес жұмыс күні болып табылады.

      9. Өтінішхатты қарау барысында уәкілетті орган жартыжылдық кестелердің өзгеру негізін зерттейді және мынадай:

      1) өтінішхатты қанағаттандыру және өзгертілген кестелерді интернет-ресурсқа орналастыру;

      2) Қағидалардың 5-тармағында көзделген жартыжылдық кестелерге өзгерістер енгізу үшін негіз болмаған жағдайда, негізді көрсете отырып, өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

      Өтінішхатты қайта жолдау осы тарауда белгіленген тәртіпте жол беріледі.

      10. Өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда, Бас прокуратура бекітілген жартыжылдық кестені бес жұмыс күні ішінде интернет-ресурсқа орналастырады.

      11. Жартыжылдық кестеге енгізілген өзгерістердің анықтығын, тұтастығын, объективтілігін және уақтылығын қамтамасыз ету бойынша жауапты лауазымды адамдар болып реттеуші мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшылары айқындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады