"Тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерінің нысанын және тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне өзгерістер енгізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 31 мамырдағы № 75 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 1 маусымдағы № 118 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 маусымда № 28352 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерінің нысанын және тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне өзгерістер енгізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 31 мамырдағы № 75 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22911 болып тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін мүдделі мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына мәлімет үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады