Халыққа трансфузиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 21 маусымдағы № ҚР ДСМ-55 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 маусымда № 28571 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықа қосымшаға сәйкес Халыққа трансфузиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.

      2. Мынадай:

      1) "Қазақстан Республикасында халыққа трансфузиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқрушының 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 529 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8823 болып тіркелген);

      2) өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 417 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11531 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының тізбесі 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындалу туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 21 маусымдағы
№ ҚР ДСМ-55 бұйрығымен
бекітілген

Халыққа трансфузиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Халыққа трансфузиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабына сәйкес әзірленді және халыққа трансфузиялық көмек көрсетуді ұйымдастыруды айқындайды.

      2. Халыққа көрсетілетін трансфузиялық көмекті денсаулық сақтау ұйымдары Кодекстің 64-бабының 1) және 4) тармақшаларына сәйкес медициналық қызметтің түрлерін мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырған кезде:

      1) Кодекстің 205-бабының 3-тармағына сәйкес донорлық қан компоненттерінің жасушалық немесе өзге де компоненттерінің тапшылығын немесе дисфункциясын толықтыру үшін емдік мақсатта донорлық қан компоненттерін құюға, сондай-ақ қанды үнемдеуді қамтамасыз ету үшін аутологиялық қан дайындауға (бұдан әрі – трансфузиялық көмек) байланысты клиникалық;

      2) Кодекстің 204-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес медициналық мақсаттар үшін аллогендік донорлардан алынған қанды, оның компоненттерін дайындауға, қайта өңдеуге, сапасын бақылауға, сақтауға, өткізуге (бұдан әрі – қан мен оның компоненттерін өндіру) байланысты өнідірістік бағыттар бойынша көрсетеді.

2-тарау. Халыққа трансфузиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымы

      3. Трансфузиялық көмек "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес медициналық көмектің деңгейі мен түрлеріне, сондай-ақ шаруашылық меншік нысанына қарамастан "Трансфузиология" қызметінің кіші түрі бойынша лицензиясы бар және ересектер мен (немесе) балаларға амбулаториялық, стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық қызметті жүзеге асыратын медициналық ұйымдарда (бұдан әрі – медициналық ұйымдар) жүргізіледі.

      Медициналық ұйымдарда трансфузиялық көмекті жалпы дәрігерлік практика, отбасылық медицина, терапия, педиатрия, акушерия және гинекология, хирургия немесе анестезиология-реаниматология мамандықтары бойынша маман сертификаты бар медицина қызметкерлері көрсетеді.

      Медициналық ұйымдарда трансфузиология бөлімшелері (кабинеттері) құрылады.

      4. Аллогендік донорлардан қанды, оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сақтау және өткізу өндіруді Заңға сәйкес "Қан мен оның компоненттерін дайындау, консервілеу, қайта өңдеу, сақтау және өткізу" қызметінің кіші түрі бойынша лицензиясы бар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – қан қызметі ұйымдары) жүзеге асырады.

      5. Медициналық ұйымдар мен қан қызметі ұйымдарының тізбесі "Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-133/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21452 болып тіркелген) бекітілген денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативіне сәйкес белгіленеді.

      6. Медициналық ұйымдардың трансфузиялық көмек көрсету мәселелері бойынша қызметін, сондай-ақ қан қызметі ұйымдарының өндірістік қызметін трансфузиология саласындағы ғылыми қызметті және донорлық, қанды, оның компоненттерін дайындау саласындағы практикалық қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы үйлестіреді.

3-тарау. Халыққа трансфузиялық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау ұйымдарының негізгі міндеттері мен бағыттары

      7. Медициналық ұйымдардың трансфузиялық көмек көрсету кезіндегі қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары:

      1) қанды, оның компоненттерін емдік мақсаттарда қауіпсіз және тиісінше пайдалануды қолдау саясатын ұстану;

      2) донорлық қан компоненттерінің, оның ішінде қауіпсіздіктің қосымша қасиеттерімен қамтамасыз етілген қажеттілігін жоспарлау;

      3) қанды, оның компоненттерін құю және трансфузиялық терапия кезінде қанды, оның компоненттерін пайдаланудың жылдамдығын, қауіпсіздігі мен негізділігін қамтамасыз ету;

      4) баламалы емдеуді жүргізудің қазіргі мүмкіндіктерін ескере отырып, қан мен оның компоненттерін құюдың қажеттілігін азайту үшін жағдайды қамтамасыз ету болып табылады.

      8. Медициналық ұйымдардағы трансфузиология бөлімшелерінің (кабинеттері) негізгі міндеттері мен қызмет бағыттары:

      1) қанды, оның компоненттеріне уақтылы өтінім беру және жеткізу мен қан, оның компоненттерінің азайтылмайтын резервтік қорын сақтау;

      2) трансфузиялық терапияны жоспарлы және шұғыл тәрптіпте көрсеткен кезде, сондай-ақ құюдың қолайсыз салдарлары болатынына күдіктенгенде медициналық және медициналық емес персоналдың өзара іс-қимылын ұйымдастыру;

      3) "Қанды, оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу номенклатураларын, қағидаларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттерін құю қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-140/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21478 болып тіркелген) (бұдан әрі – ҚР ДСМ-140/2020 бұйрығы) қағидаларға сәйкес қан компоненттерін ұтымды пайдалану мониторингі, трансфузиядан кейінгі реакциялар мен асқынулар жағдайларын есепке алу, олардың пайда болу себептерін зерделеу және оларды профилактикалау мен емдеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

      4) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі– № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) медициналық құжаттаманың дұрыс жүргізілуін бақылау;

      5) трансфузиялық терапияны жүргізуге қатысатын медицина персоналын жұмыс орнында трансфузиология мәселелері бойынша үздіксіз оқытуды ұйымдастыру болып табылады.

      9. Қанды, оның компоненттерін өндіру кезінде қан қызметі ұйымдары қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары:

      1) қан мен оның компоненттерінің донорлығын ұйымдастыруға қатысу;

      2) донорлық қан, оның компоненттерінің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес қанды, оның компоненттерін дайындауды және қайта өңдеуді ұйымдастыру;

      3) донорлық қанды, оның компоненттерін медициналық қолдану үшін өткізу;

      4) клиникалық және өндірістік трансфузиология саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;

      5) қызмет көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында қанды және оның компоненттерін клиникалық пайдалануды мониторингілеуді ұйымдастыру мен жүргізу;

      6) трансфузиядан кейінгі асқынулар жағдайларын тергеуге қатысу және оларды профилактикалау жөніндегі іс-шараларды практикаға енгізу;

      7) медициналық ұйымдарға өндірістік және клиникалық трансфузиологияның мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

      8) апаттар медицинасы және азаматтық қорғау медициналық қызметі жүйесіндегі арнайы іс-шараларды жоспарлауға және өткізуге қатысу, жұмылдыру тапсырысын орындау және төтенше жағдайлар туындаған кезде қан өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша шұғыл іс-қимыл жасау;

      9) арнайы медициналық қоймаларда сақталатын жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын жаңартуға қатысу;

      10) қан қызметі және трансфузиология мәселелері бойынша кәсіптік білім беру бағдарламаларына қатысу;

      11) қан қызметінің жұмысын регламенттейтін нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу болып табылады.

4-тарау. Халыққа трансфузиялық көмек көрсетуд

      10. Клиникалық бағыт бойынша трансфузиялық көмек № ҚР ДСМ-140/2020 бұйрығымен бекітілген қан, оның компоненттерін құю қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады және мынадай тәртіпті айқындайды:

      1) қан қызметі ұйымынан қанды, оның компоненттерін жоспарлы және шұғыл тәртіппен өтінім беру, сондай-ақ оларды "салқындату тізбегі" қағидаттарын сақтай отырып тасымалдау;

      2) қанның, оның компоненттерінің қозғалысын есепке алу және "салқындату тізбегі" қағидаттарын сақтай отырып сақтау;

      3) қанды, оның компоненттерін құюды тағайындауға көрсетілімдерді, сондай-ақ жасушалық немесе өзге де қан компоненттерінің тапшылығы немесе дисфункциясының клиникалық көріністерімен расталған зертханалық деректер (қанның жалпы талдауы (гемоглобин, гематокрит, тромбоциттер саны), қанның қышқыл-сілті жағдайы мен газдары, несептің жалпы талдауы, жалпы ақуыз (альбумин), коагулограмманың негізгі көрсеткіштері) негізінде олардың мөлшерлерін айқындау;

      4) топтық және резус тиістілігін анықтауды, тұрақты емес антиэритроциттік антиденелерді скринингілеуді және сәйкестендіруді, сондай-ақ жеке үйлесімділікке трансфузия алдындағы зертханалық сынаманы қамтитын пациенттің қанын иммундық гематологиялық зертханалық зерттеу;

      5) қанды, оның компоненттерін құюға дайындау (еріту, қыздыру, аликвотирлеу);

      6) құю алдында пациентті сәйкестендіру;

      7) жеке үйлесімділікке алдын ала биологиялық сынаманы жасай отырып, қанды және оның компоненттерін құю;

      8) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрыққа 1-қосымша "Стационарлық пациенттің медициналық картасы" № 001/е нысаны (бұдан әрі – 001/е нысаны) бойынша реципиенттің құюға дейінгі, құю кезіндегі және одан кейінгі жай-күйінің мониторингі және құюдан кейінгі дайындыққа, құюға және бақылауға байланысты рәсімдерді құжаттамалық ресімдеу;

      қан компонентін пайдаланудың тиімділігін бағалай отырып, бақылау күнделігі 2-қосымша парағының нысаны бойынша құжатталады;

      қанды және оның компоненттерін құюға арналған ақпараттандырылған келісім 3-қосымша парағының нысаны бойынша құжатталады;

      трансфузия алдындағы эпикриз және қан компоненттері, препараттары трансфузиясының хаттамасы 6-қосымша парағының нысаны бойынша құжатталады.

      9) трансфузиялық орталардың қалдықтарын және талап етілмеген дозаларды жарамдылық мерзімі өткеннен кейін жою.

      11. Трансфузиялық көмекті жүргізу үшін трансфузиялық орталардың мынадай түрлері пайдаланылады:

      1) алдын ала лейкоредукцияланған және қосымша ерітіндіге орналастырылған эритроциттік жүзінді түріндегі донорлық эритроциттер;

      2) жуылған немесе сәулеленген донорлық эритроциттер (клиникалық көрсетілімдер болған кезде);

      3) алдын ала лейкофильтрленген, карантиндеу немесе патогендердің белсенділігін жою рәсімінен өткен жаңа мұздатылған плазма;

      4) алдын ала лейкофильтрленген және патогендердің белсенділігін жою рәсіміне ұшыраған донорлық тромбоциттер;

      5) тұрақты донорлардан дайындалған донорлық гранулоциттер.

2-тарау. Қанды және оның компоненттерін медициналық пайдалану үшін өндіру

      12. Қанды және оның компоненттерін өндіру № ҚР ДСМ-140/2020 бұйрықпен бекітілген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады және мынадай тәртіпті айқындайды:

      1) қанды және оның компоненттерін стационарлық немесе көшпелі жағдайларда дайындау;

      2) дайындалған қанды және оның компоненттерін қайта өңдеу мен инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіздіктің қосымша қасиеттерін қамтамасыз ету үшін арнайы өңдеу;

      3) қан қызметі ұйымдарының мамандандырылған зертханаларында донорлық қан үлгілерін (биохимиялық, иммуногематологиялық, трансмиссивтік инфекциялар гемо-маркерлерінің скринингі) зертханалық зерттеуді қамтитын дайындалған қан және оның компоненттерін өндірістік бақылау;

      4) өндіру кезеңдерінде және дайын өнімді сақтау кезінде қан компоненттерінің сапасын бақылау және қоршаған өндірістік ортаны бақылау;

      5) қан компоненттерінің, оның ішінде сирек кездесетін және әмбебап топтарының резервтік қорын құру;

      6) қанды және оның компоненттерін сақтау мен өткізу (медициналық ұйымдардың қажеттіліктерін тәулік бойы қамтамасыз ету).

      13. Қан мен оның компоненттерін донациялауды он сегіз жасқа толған, медициналық мақсаттар үшін қанды және оның компоненттерін донациялауды жүзеге асыруға ерікті ниет білдірген, медициналық куәландырудан өткен және Кодекстің 206-бабының 1-тармағына сәйкес донациялауға қарсы көрсетілімдері жоқ жеке тұлғалар жүзеге асырады.

      14. Қанды және оның компоненттерін донациялау алдында донорларды міндетті медициналық зерттеп-қараудан "Қан мен оның компоненттерін донациялау алдында донордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті медициналық зерттеп-қараудан өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-102/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21216 болып тіркелген) бекітілген қағидаларға сәйкес жүргізіледі.

      15. Донорларды медициналық куәландыру, медициналық пайдалану үшін қан өнімдерін өндіру кезінде қауіпсіздік пен сапаны қамтамасыз ету "Донорларды медициналық куәландыруға, медициналық қолдану үшін қан өнімдерін өндіру кезіндегі қауіпсіздік пен сапаға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы ҚР ДСМ-113/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21362 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.

      16. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.03.2023 № ҚР ДСМ-44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      17. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.03.2023 № ҚР ДСМ-44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6-тарау. Халыққа трансфузиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штаттары

      18. Қан қызметі ұйымдары және трансфузиология кабинеттерінің (бөлімшелер) штатындағы денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы және біліктілік сипаттамалары "Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.

      19. Халыққа трансфузиялық қызмет көрсететін медициналық ұйымдарды штатпен жасақтау "Өңірлерді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етудің ең төмен нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-205/2020 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 21679 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген өңірлерді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етудің ең төменгі нормаларына сәйкес, сондай-ақ нақты қажеттіліктерді ескере отырып және жұмыс режиміне байланысты жүзеге асырылады.

      Жылына 1 мыңнан астам трансфузияны жүзеге асырған кезде орта медицина персоналының тәулік бойы жұмыс режимі енгізіледі.

      Халыққа тұрақты негізде тәулік бойы трансфузиялық көмекті жүзеге асырған кезде трансфузиолог дәрігердің тәулік бойы жұмыс режимі енгізіледі.

      Аутологиялық қан дайындауды енгізген кезде трансфузиология бөлімшесінің (кабинеті) штат бірліктерінің саны жылына дайындалған аутоқан немесе оның компоненттерінің әрбір 100 дозасына шаққанда трансфузиолог дәрігер, мейіргер, кіші медицина персоналының 1 лауазымы қосымша енгізіледі.

      20. Өндірісті ақпараттандыруды қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтау үшін қан қызметі ұйымының басшысы "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының талаптарын сақтау үшін қажеттілікке сәйкес қызметкерлердің саны мен номенклатурасын белгілейді.

      21. Денсаулық сақтау ұйымдарының ғимараттарына қызмет көрсетету жөніндегі қызметкерлердің саны мен номенклатурасы әкімшілік және қоғамдық ғимараттарға қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлер санының салааралық үлгілік нормативтерінде белгіленген жүктеме нормативтеріне байланысты нақты қажеттіліктерге сәйкес белгіленеді және оны басшы бекітеді.

7-тарау. Халыққа трансфузиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандыру

      22. Қан қызметі ұйымдарын және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі медициналық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарындағы трансфузиология бөлімшелерін медициналық бұйымдармен жарақтандыру "Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21560 болып тіркелген) бекітілген жарақтандырудың ең төмен стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      23. Медициналық қызметті ақылы негізде жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарындағы трансфузиология бөлімшелерін жарақтандыру осы Стандартқа қосымшаға сәйкес медициналық қызметті ақылы негізде жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарындағы трансфузиология бөлімшелерін жарақтандырудың ең төмен стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

  Халыққа трансфузиялық
көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
қосымша

Медициналық қызметті ақылы негізінде жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында трансфузиология бөлімшелерін жарақтандырудың ең төмен стандарты

Медициналық бұйымдардың атауы

Медициналық бұйымдардың саны

1. Салқындату тізбегінің жабдықтары

1.

Жаңа алынған қан және эритроциттер бар пакеттерді сақтауға арналған тоңазытқыш (t°С +2+10)

1

2.

Қан препараттарын, диагностикалық реагенттерді сақтауға арналған фармацевтикалық тоңазытқыш (t°С +2+10)

1

3.

Плазма мен оның туындыларын сақтауға арналған мұздатқыш (t°с-25 және одан төмен)

1

4.

Тромбоциттерді сақтауға арналған құрылғы

тб

5.

Плазманы ерітуге арналған құрылғы

1

6.

Эритроциттерді қыздыруға арналған құрылғы

1

7.

Контейнердегі ішкі ортаның температурасын тіркеу датчиктері бар қан мен оның компоненттерін сақтауға және тасымалдауға арналған изотермиялық контейнер

2

2. Трансфузияларды сүйемелдеу кезінде зертханалық зерттеулерге арналған жабдық

8.

Колонналық агглютинацияның жартылай автоматты иммуногематологиялық талдауышы (ридер, инкубатор, центрифуга, компьютер)

1

9.

Колонналық агглютинацияның автоматты иммуногематологиялық талдауышы

тб

10.

Тромбоэластограф

1

11.

Микроскоп

тб

12.

Су моншасы

1

13.

Зертханалық центрифуга 3000 айн/мин

1

14.

Көлемі өзгеретін ауыспалы ұштықтары бар бір арналы мөлшерлегіштер жиынтығы

1

3. Қан мен оның компоненттерін, ерітінділерді құюға арналған жабдық

15.

Реинфузияға арналған аппарат

1

16.

Инфузиялық ерітінділер мен донорлық қан компоненттерін құю процесінде қыздыруға арналған құрылғы

1

4. Жалпы мақсаттағы жабдық

17.

Экрандалған, бактерицидті, стационарлық сәулелендіргіш

1

18.

Зертханалық жиһаз

1

19.

Медициналық шкаф

1

20.

Картотекаға арналған шкаф

1

21.

Сөрелер жиынтығы

1

22.

Көп функциялы медициналық арба

1

23.

Зертхана жиынтығы

1

24.

Жалпыдәрігерлік жиынтық

1

25.

Ем-шара жиынтығы

1

26.

Фельдшер жиынтығы

1

27.

Әкімшілік қызметкердің жиынтығы

1

      Аббревиатуралар мен қысқартулардың толық жазылуы:

      1) ТБ – талап бойынша;

      2) айн/мин - айн/мин;

      3) t°С - градус Цельсия температурасы.

Об утверждении Cтандарта организации оказания трансфузионной помощи населению

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 июня 2022 года № ҚР ДСМ-55. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 июня 2022 года № 28571.

      В соответствии с подпунктом 32) статьи 7 и статьей 138 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить cтандарт организации оказания трансфузионной помощи населению согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Признать утратившими силу:

      1) приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 сентября 2013 года № 529 "Об утверждении стандарта организации оказания трансфузионной помощи населению в Республике Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8823);

      2) пункт 4 перечня некоторых приказов исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан, в которые вносятся изменения и дополнения, утвержденного приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 417 "О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11531).

      3. Департаменту организации медицинской помощи Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
А. Ғиният

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан

  Утвержден приказом
Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 21 июня 2022 года
№ ҚР ДСМ-55

Стандарт организации оказания трансфузионной помощи населению

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий Стандарт организации оказания трансфузионной помощи населению (далее – Стандарт) разработан в соответствии с подпунктом 32) статьи 7 и статьей 138 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс) и определяет организацию оказания трансфузионной помощи населению.

      2. Трансфузионная помощь населению, оказывается организациями здравоохранения при осуществлении видов медицинской деятельности, в соответствии с подпунктами 1) и 4) статьи 64 Кодекса, по следующим направлениям:

      1) клиническому, в соответствии с пунктом 3 статьи 205 Кодекса, связанному с переливанием компонентов донорской крови с лечебной целью для восполнения дефицита или дисфункции клеточных, или иных компонентов крови, а также заготовкой аутологичной крови для обеспечения кровосбережения (далее – трансфузионная помощь);

      2) производственному, в соответствии с пунктами 1 и 3 статьи 204 Кодекса, связанному с заготовкой, переработкой, контролем качества, хранением, реализацией крови, ее компонентов от аллогенных доноров для медицинских целей (далее – производство крови и ее компонентов).

Глава 2. Структура организаций здравоохранения, оказывающих трансфузионную помощь населению

      3. Трансфузионная помощь проводится в медицинских организациях, имеющих лицензию по подвиду деятельности "Трансфузиология" в соответствии с Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях" (далее – Закон), независимо от уровней и видов медицинской помощи, а также от форм хозяйственной собственности, и осуществляющих медицинскую деятельность в амбулаторных, стационарных и стационарозамещающих условиях взрослому и (или) детскому населению (далее – медицинские организации).

      В медицинских организациях трансфузионная помощь оказывается медицинскими работниками, имеющими сертификат специалиста по специальностям: общая врачебная практика, семейная медицина, терапия, педиатрия, акушерство и гинекология, хирургия или анестезиология-реаниматология.

      В медицинских организациях создаются отделения (кабинеты) трансфузиологии.

      4. Заготовку, переработку, хранение и реализацию крови, ее компонентов от аллогенных доноров осуществляют государственные организации здравоохранения, имеющими лицензию по подвиду деятельности "Заготовка, консервация, переработка, хранение и реализация крови и ее компонентов" в соответствии с Законом (далее – организации службы крови).

      5. Перечень медицинских организаций и организаций службы крови устанавливается в соответствии с государственным нормативом сети организаций здравоохранения, утвержденным приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 15 октября 2020 года № ҚР ДСМ-133/2020 "Об утверждении государственного норматива сети организаций здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21452).

      6. Деятельность медицинских организаций по вопросам оказания трансфузионной помощи, а также производственная деятельность организаций службы крови координируется республиканской государственной организацией здравоохранения, осуществляющей научную деятельность в области трансфузиологии и практическую деятельность в сфере донорства, заготовки крови, ее компонентов.

Глава 3. Основные задачи и направления деятельности организаций здравоохранения при оказании трансфузионной помощи населению

      7. Основными задачами и направлениями деятельности медицинских организаций, при оказании трансфузионной помощи являются:

      1) поддержание политики, содействующей безопасному и надлежащему использованию крови, ее компонентов в лечебных целях;

      2) планирование потребностей в компонентах донорской крови, в том числе обеспеченных дополнительными свойствами безопасности;

      3) переливание крови, ее компонентов и обеспечение оперативности, безопасности и обоснованности применения крови, ее компонентов при трансфузионной терапии;

      4) обеспечение условий для снижения потребности в переливаниях крови и ее компонентов с учетом имеющихся возможностей проведения альтернативного лечения.

      8. Основными задачами и направлениями деятельности отделений (кабинетов) трансфузиологии в медицинских организациях являются:

      1) своевременная заявка и доставка крови, ее компонентов и поддержание неснижаемого резервного запаса крови, ее компонентов;

      2) организация взаимодействия медицинского и немедицинского персонала при оказании трансфузионной терапии в плановом и экстренном порядке, а также при подозрении на возникновение неблагоприятного последствия переливания;

      3) мониторинг рационального использования компонентов крови, учет случаев посттрансфузионных реакций и осложнений, изучение причин их возникновения и организация мероприятий по их профилактике и лечению, в соответствии с приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 20 октября 2020 года № ҚР ДСМ-140/2020 "Об утверждении номенклатуры, правил заготовки, переработки, контроля качества, хранения, реализации крови, ее компонентов, а также правил переливания крови, ее компонентов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21478) (далее – приказ № ҚР ДСМ-140/2020);

      4) контроль за правильностью ведения медицинской документации, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № ҚР ДСМ-175/2020 "Об утверждении форм учетной документации в области здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21579) (далее – приказ № ҚР ДСМ-175/2020);

      5) организация непрерывного обучения медицинского персонала, участвующего в проведении трансфузионной терапии по вопросам трансфузиологии на рабочем месте.

      9. Основными задачами и направлениями деятельности организаций службы крови при производстве крови, ее компонентов являются:

      1) участие в организации донорства крови и ее компонентов;

      2) организация заготовки и переработки крови, ее компонентов, в соответствии с требованиями, предъявляемыми к качеству и безопасности донорской крови, ее компонентов;

      3) реализация донорской крови, ее компонентов для медицинского применения;

      4) организация и проведение научных исследований в области клинической и производственной трансфузиологии;

      5) организация и проведение мониторинга за клиническим использованием крови, ее компонентов в обслуживаемых организациях здравоохранения;

      6) участие в расследовании случаев посттрансфузионных осложнений и внедрении в практику мероприятий по их профилактике;

      7) оказание медицинским организациям методической и практической помощи по вопросам производственной и клинической трансфузиологии;

      8) участие в планировании и проведении специальных мероприятий в системе медицины катастроф и медицинской службы гражданской защиты, выполнение мобилизационного заказа и оперативное реагирование по обеспечению продуктами крови при возникновении чрезвычайных ситуаций;

      9) участие в обновлении материальных ценностей мобилизационного резерва, хранящихся на специальных медицинских складах;

      10) участие в программах профессионального образования по вопросам службы крови и трансфузиологии;

      11) участие в разработке проектов правовых актов, регламентирующих деятельность службы крови.

Глава 4. Оказание трансфузионной помощи населению

      10. Трансфузионная помощь по клиническому направлению, осуществляется в соответствии с правилами переливания крови, ее компонентов, утвержденными приказом № ҚР ДСМ-140/2020 и определяет следующий порядок:

      1) заявку крови, ее компонентов в плановом и экстренном порядке из организации службы крови, а также их транспортировку с соблюдением принципов "холодовой цепи";

      2) учет движения крови, ее компонентов и хранение с соблюдением принципов "холодовой цепи";

      3) определение показаний к назначению переливания крови, ее компонентов, а также их дозировки на основании лабораторных данных (общего анализа крови (гемоглобин, гематокрит, количество тромбоцитов), кислотно-щелочного состояния и газов крови, общего анализа мочи, общего белка (альбумин), основных показателей коагулограммы), подтвержденных клиническими проявлениями дефицита или дисфункции клеточных, или иных компонентов крови;

      4) иммуногематологические лабораторные исследования крови пациента, включающие определение групповой и резус принадлежности, скрининг и идентификацию нерегулярных антиэритроцитарных антител, а также предтрансфузионную лабораторную пробу на индивидуальную совместимость;

      5) подготовку (разморозку, подогрев, аликвотирование) крови, ее компонентов к переливанию;

      6) идентификацию пациента перед переливанием;

      7) переливание крови, ее компонентов с предварительной биологической пробой на индивидуальную совместимость;

      8) мониторинг состояния реципиента до, во время и после переливания и документальное оформление процедур, связанных с подготовкой, переливанием и наблюдением после переливания по форме № 001/у "Медицинская карта стационарного пациента" (далее – форма 001/у), приложения 1 к приказу № ҚР ДСМ-175/2020:

      дневник наблюдения с оценкой эффективности применения компонента крови документируется по форме вкладного листа 2;

      информированное согласие пациента на переливание крови и ее компонентов документируется по форме вкладного листа 3;

      предтрансфузионный эпикриз и протокол трансфузии компонентов, препаратов крови документируется по форме вкладного листа 6;

      9) утилизацию остатков трансфузионных сред и невостребованных доз по истечению сроков годности.

      11. Для проведения трансфузионной помощи используются следующие разновидности трансфузионных сред:

      1) эритроциты донорские в виде эритроцитной взвеси, предварительно лейкоредуцированные и помещенные в добавочный раствор;

      2) эритроциты донорские отмытые или облученные (при наличии клинических показаний);

      3) плазма свежезамороженная, предварительно лейкофильтрованная, прошедшая процедуру карантинизации или инактивации патогенов;

      4) тромбоциты донорские, предварительно лейкофильтрованные и подвергнутые процедуре инактивации патогенов;

      5) гранулоциты донорские, заготовленные от регулярных доноров.

Глава 5. Производство крови и ее компонентов для медицинского применения

      12. Производство крови и ее компонентов осуществляется в соответствии с правилами, утвержденными приказом № ҚР ДСМ-140/2020 и определяет следующий порядок:

      1) заготовку крови и ее компонентов в стационарных или выездных условиях;

      2) переработку заготовленной крови и ее компонентов и специальную обработку для обеспечения дополнительных свойств инфекционной и иммунологической безопасности;

      3) производственный контроль заготовленной крови и ее компонентов, включающий лабораторные исследования образцов донорской крови (биохимическое, иммуногематологическое, скрининг маркеров гемо трансмиссивных инфекций) в специализированных лабораториях организаций службы крови;

      4) контроль качества компонентов крови на этапах производства и при хранении готовой продукции и контроль окружающей производственной среды;

      5) создание резервных запасов компонентов крови, в том числе редких и универсальных групп;

      6) хранение и реализацию крови и ее компонентов (круглосуточное обеспечение потребностей медицинских организаций).

      13. Донации крови и ее компонентов осуществляются физическими лицами, достигшими восемнадцатилетнего возраста, изъявившими добровольное желание осуществить донацию крови и ее компонентов для медицинских целей, прошедшими медицинское освидетельствование и не имеющие противопоказаний к донации в соответствии с пунктом 1 статьи 206 Кодекса.

      14. Обязательное медицинское обследование доноров перед донацией крови и ее компонентов проводится в соответствии с правилами, утвержденными приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 сентября 2020 года № ҚР ДСМ-102/2020 "Об утверждении правил прохождения донором перед донацией крови и ее компонентов обязательного медицинского обследования в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21216).

      15. Медицинское освидетельствование доноров, обеспечение безопасности и качества при производстве продуктов крови для медицинского применения, устанавливаются в соответствии с утвержденным приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 2 октября 2020 года № ҚР ДСМ-113/2020 "Об утверждении требований к медицинскому освидетельствованию доноров, безопасности и качеству при производстве продуктов крови для медицинского применения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21362).

      16. Исключен приказом Министра здравоохранения РК от 28.03.2023 № ҚР ДСМ-44 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      17. Исключен приказом Министра здравоохранения РК от 28.03.2023 № ҚР ДСМ-44 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 6. Штаты работников организаций здравоохранения, оказывающих трансфузионную помощь населению

      18. Номенклатура и квалификационные характеристики должностей работников здравоохранения в штате организаций службы крови и кабинетов (отделений) трансфузиологии устанавливаются в соответствии с приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-305/2020 "Об утверждении номенклатуры специальностей и специализаций в области здравоохранения, номенклатуры и квалификационных характеристик должностей работников здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21856).

      19. Штатное укомплектование медицинских организаций, оказывающих трансфузионную помощь населению осуществляется в соответствии с минимальными нормативами обеспеченности регионов медицинскими работниками, утвержденными приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-205/2020 "Об утверждении минимальных нормативов обеспеченности регионов медицинскими работниками" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21679), а также с учетом фактических потребностей и в зависимости от режима работы.

      При осуществлении более 1 тысячи трансфузий в год вводится круглосуточный режим работы среднего медицинского персонала.

      При осуществлении круглосуточной трансфузионной помощи населению, на постоянной основе вводится круглосуточный режим работы врача-трансфузиолога.

      При внедрении заготовки аутологичной крови численность штатных единиц отделения (кабинета) трансфузиологии увеличивается на каждые 100 доз аутокрови или ее компонентов, заготовленных в год, вводится дополнительно по 1 должности врача-трансфузиолога, медицинской сестры, младшего медицинского персонала.

      20. Численность и номенклатура работников для обеспечения информатизации производства и соблюдения мер информационной безопасности устанавливается руководителем организации службы крови в соответствии с потребностями для соблюдения требований постановления Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 2016 года № 832 "Об утверждении единых требований в области информационно-коммуникационных технологий и обеспечения информационной безопасности".

      21. Численность и номенклатура работников по обслуживанию зданий организаций здравоохранения устанавливается в соответствии с фактическими потребностями в зависимости от нормативов нагрузки, установленных в межотраслевых типовых нормативах численности работников, занятых обслуживанием административных и общественных зданий и утверждается руководителем.

Глава 7. Оснащение медицинскими изделиями организаций здравоохранения, оказывающих трансфузионную помощь населению

      22. Оснащение организаций службы крови и отделений трансфузиологии в организациях здравоохранения, осуществляющих медицинскую деятельность в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и обязательного социального медицинского страхования, медицинскими изделиями осуществляется в соответствии с минимальными стандартами оснащения, утвержденными приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 29 октября 2020 года № ҚР ДСМ-167/2020 "Об утверждении минимальных стандартов оснащения организаций здравоохранения медицинскими изделиями" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21560).

      23. Оснащение отделений трансфузиологии в организациях здравоохранения, осуществляющих медицинскую деятельность на платной основе осуществляется в соответствии с минимальным стандартом оснащения отделений трансфузиологии в организациях здравоохранения, осуществляющих медицинскую деятельность на платной основе согласно приложению, к настоящему Стандарту.

  Приложение
к стандарту организации
оказания трансфузионной
помощи населению

Минимальный стандарт оснащения отделений трансфузиологии в организациях здравоохранения, осуществляющих медицинскую деятельность на платной основе

Наименование медицинских изделий

Количество медицинских изделий

1. Оборудование холодовой цепи

1.

Холодильник для хранения пакетов с цельной кровью и эритроцитами (t°С +2+10)

1

2.

Холодильник фармацевтический для хранения препаратов крови, диагностических реагентов (t°С +2+10)

1

3.

Морозильник для хранения плазмы и ее производных (t°С -25и ниже)

1

4.

Устройство для хранения тромбоцитов

пт

5.

Устройство для размораживания плазмы

1

6.

Устройство для подогрева эритроцитов

1

7.

Контейнер изотермический для хранения и транспортировки крови и ее компонентов с датчиками регистрации температуры внутренней среды контейнера

2

2. Оборудование для лабораторных исследований при сопровождении трансфузий

8.

Полуавтоматический иммуногематологический анализатор колоночной агглютинации (ридер, инкубатор, центрифуга, компьютер)

1

9.

Автоматический иммуногематологический анализатор колоночной агглютинации

пт

10.

Тромбоэластограф

1

11.

Микроскоп

пт

12.

Водяная баня

1

13.

Центрифуга лабораторная 3000 об/мин

1

14.

Комплект дозаторов с переменным объемом одноканальный со сменными наконечниками

1

3. Оборудование для переливаний крови и ее компонентов, растворов

15.

Аппарат для реинфузий

1

16.

Устройство для подогрева инфузионных растворов и компонентов донорской крови в процессе их переливания

1

4. Оборудование общего назначения

17.

Облучатель экранированный бактерицидный стационарный

1

18.

Лабораторная мебель

1

19.

Шкаф медицинский

1

20.

Шкаф для картотеки

1

21.

Комплект стеллажей

1

22.

Тележка медицинская многофункциональная

1

23.

Набор лаборатории

1

24.

Набор общеврачебный

1

25.

Набор процедурный

1

26.

Набор фельдшера

1

27.

Набор административного работника

1

      Расшифровка аббревиатур и сокращений:
1) ПТ-по требованию;
2) об/мин-оборотов в минуту;
3) t°С-температура градус Цельсия.